МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ӨМІРІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ
ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
Килибаева Э.Б., Момынова Г.Ж.
ҚММ Балалар үйі
«Шапағат»
Өміріміздің барлық саласада
өзгеру процесі жүруде, мемлекетіміздің егемендік алуы
әр қоғам мүшесінің ұлттық
сана-сезімінің жоғарылауын талап етеді. Соның ішінде
күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі –
болашақ ұрпақты ұлттық сана рухында
тәрбиелеу. Сондықтан, ұлттық мәдениетті дамыту
проблемалары күн өткен сайын көкейкесті болуда. Ойын – жас
ұрпақтың дүниетанымын, мәдениетінің бір
бөлігі және рухани байлығымыздың бір саласы екені
анық.
Ойын – үнемі даму құбылысы.
Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие жұмыстарында
пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын
қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар тарихи құбылыс
болып та табылады. Ойындар - өзінің болмысы, мазмұны
жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден-бір сара жол. Ол адамзат
тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму үстінде болады.
Сондықтан, ол адамның барлық іс-әрекетінің
дамуында да өте маңызды орын алады.
Ойын адамның еңбек әрекетінен
туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып
қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруіне
өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық қалыптасқан
адам мәдениетінің ең бір қызықты
құбылысы болып есептелінеді. Бұл тақырыпқа
байланысты зерттеулер халық ойындарын
ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан халық
естелігі айқын көрсетеді. Сол себепті ойындарға ғылыми
талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және
тәрбиелік маңызы бар екендігін дәлелдейді.
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала
өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған
айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы
түсініп ұғынады.
Белгілі психолог Е. А. Аркиннің айтуынша, ойын және
ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден - бір жалпы
ұғым: «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен
өсіп жетіледі. Және бұл үрдіс қатал түрде
әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала
тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай». Кезінде К. Д.
Ушинский, В. А. Сухомлинскийлер балабақша тәрбиеленушісі –
балалық үшін оларды тәрбиелейтіндей орта туғызу, жағдай
жасау керектігін атап көрсеткен болатын.
Оқу мен тәрбиеге байланысты жұмыстарды үйлестіруде
іздестіру барысында С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын
жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда
күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы мектеп
ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық
үрдістерді зерттеуіміз керек». «Балалардың ойын әрекетін
ұйымдастыруды қалай жақсартуға болады? Бұл
мәселе педагогикалық үрдісте қандай орын алады?» деген
сұрақтарына жауап іздеп көрелік. Ойын әрекеті
балалардың бағалы өмірінің алғашқы
күнінен бастап – ақ маңызды орын алады. Алайда жақсы,
дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті,
қалағаныңдай нәтиже бере алады.
Ойын балабақша тәрбиешілерінің бірден - бір
көмекшісі болуы керек деген. Дидактика - термині гректің
«дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан.
Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы
әзірленеді.
К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін
ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса
қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді
жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп,
босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен
байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады.
Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша
түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды.
Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол
сізді тез түсінеді».
Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай,
баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді
ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту –
мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді
меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет
қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу
қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде
болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай -
ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса,
баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді
бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап,
дәмін татып, сан рет байқап көреді. Осы уақытқа дейін адам өзін
қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет
жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді
іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте
заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне ауысады.
Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму
ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік
кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір
сүріп отырған айналасындағы заттар мен
құбылыстарды ойын арқылы
түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу,
байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке
көшу нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша
ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады.
Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып,
оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек
іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұғаның
дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде –
ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар, педагог –
психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын
ұсынған.
Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші
рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар Ж.
Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С.
Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б өз еңбектерінде айтып
кеткен. Балалар
тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы қазақ арасынан
тұңғыш еңбек жазғандардың бірі педагог
Н.С.Құлжанова болды Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс -
әрекет және өмірі деп дәлелдеген. Н.
Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік,
тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне
түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің
талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. Баланың
тәрбиесіндегі мектепке дейінгі мекемелердің, әсіресе
дидактикалық ойындар арқылы баланың математикалық
қабілеттерін оятудың әсерін Ресей ғалымдары Т. В.
Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, А. М. Леушина, Е. И. Щербакова, Е. О.
Смирновалар атап көрсеткен. Бір нәрсе жасауға тырысу, бірге
ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат
қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері
қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де
баланың жеке басының қоғамдық бағытын
анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте - бірте
қалыптастырады.
Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние
туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай
түседі. Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі
арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы
кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін
дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы
түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың
түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін
білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала
дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа
білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды. Әрбір
дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын
өсіреді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің
құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді
жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп
алуға нақтылы сабақтың мақсаты,
мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған
жөн. Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да,
еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың
тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана
қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін
қалыптастырады.
Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама
беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір
білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын
көздейтін іс - әрекет.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән
оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды
өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп
нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында
жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»
ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге
үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту
міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың
астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойынның нәтижесі –
қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру,
ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас
жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық
ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі.
Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын
құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан
жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті
тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек.
Үстел үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық
ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?»,
«Бұл кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін,
ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар»,
«Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.) мозайка типтес
ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін
қағазға басылған үлтел үстінде ойнатылатын
ойындар қызықтырақ болады. Оларда табиғат
құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не
мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?)
бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала
өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған
айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы
түсініп ұғынады.Алайда жақсы, дұрыс
ұйымдастырылған ойын ғана тиісті,
қалағаныңдай нәтиже бере алады. Біз
өзіміздің тәжірибемізде балабақшада бірқатар
дидактикалық ойындарды қолданамыз.
Дидактикалық ойындар:
«Танып ал да, атын ата». Мақсаты: заттың
түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру;
сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әр түрлі
ойыншықтар және суреттер.
Мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету.
Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып,
оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды
және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды
немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
«Кім
шапшаң?».Мақсаты:Есту қабілетін
дамыту.Балаларды дауысқа еліктіру.
Ойын барысы:
«Бақа аюдың үйіне секіріп келіп терезенің алдында
тұрып бақылдайды бақ-бақ мен саған
қонаққа келдім. Тышқан жүгіріп келіп пи-пи-пи
тәтті иіс шығып жатыр. Қаз га-га-га дән шоқуға келдім. Сиыр
мө-мө-мө сум ішуге
келдім. Бір кезде аю үйден шығып р-р-р деп ырылдағанда,
барлығы қашып кетеді. Қорқақтар неге қашып
кеттіңдер мен сендерге қош келдіндер деп айтқым келді
ғой! Кіріңіздер, төрлетіндер!»
«Қауырсынды тауып ал!».Мақсаты:
Балаларды қызыл, жасыл,сары түстерді дұрыс атауға
және ажыратуға үйрету, жай және құрмалас
сөйлемдерді қайталауға баулу.
Ойын барысы:
Балалардың назарын тәрбиеші әтештің ашық
түсті үлпілдек құйрығына аударады да
түсіндіреді: екінші әтеш те әдемі құйрықты қалайтынын және оны сыйға
тартуын өтінеді. Балаларды түстерді атап, әр түрлі
әтешке сыйлайды. Егер дұрыс болмаса әтеш «Ку-ка-ре-ку! Мен
басқа қауырсынды қалаймын » дейді.
«Алыста ма жақында ма?». Мақсыты:
затқа дейінгі аралықты өлшеу, жақын ба, алыс па.
Қажет сөздерді қолдана білу.
Ойын барысы:
«Балалар қарандар, біздің иттер
біреулерді көріп қалыпты. Балалардың назары пингвинге
(үйрекке, бақаға, т. Ба ойыншыққа ауады.) »Бір
пингвин келе жатыр. Өзінің кеудесі ақ, денесі қара
көргілерін келе ме? Онда жақынырақ келсін деп айтындар.
«Жақынырақ келші»Пингвин келе жатып тоқтап қалады. Енді
пингвинді орындықтарында отырып
алып көріндерші. Ала-алдындар ма? Неге? Өйткені алыста
тұр. Онда алыста тұрсын деп айтындар! т.с.с.
«Сиқырлы қап».Мақсаты:Балаларға
дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу.
Ойын барысы:
Тәрбиеші балаларға таныс ойыншықтар мен заттарды
жәшікке жинайды. Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар онда
не бар екен дейді.Кәне көрейік!
Бір ойыншықты алып шығып, мынау не дейді? Балалар заттың
атын атайды. Кейін жұмбақтарды
шешуге болады.
Қорыта
айтқанда, ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі
формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола
алады. Сол сияқты ойынды балалар тәрбиешілер бірлескен оқу
әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде
қарастыруға болады. Тәрбиеші – ұйымдастырушы,
ақыл – кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін
әділ төреші. Ең бастысы – баланың досы.
Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге
дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын
арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі,
сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда балаларды
әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа,
қайырымдылыққа тәрбиелейді. Баллалардың
пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық
материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Казіргі заман балабақшаларда дәстүрлі білім беру
үрдісіне сан – қилы дамыту жұмыстарын белсенді еңгізу,
баланың жан – жақты болу зейінің, есінде сақтау
қабілетін және т. б. психикалық қызметін дамуына зор үлес
қосу, педагогикалық ұжымының ең маңызды
мақсаты.
Пайдаланылған әдебиетттер тізімі:
1. Шылмурзаева А. С. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде дидактикалық ойынның маңызы // Бастауыш
мектеп. - 2013. -№ 11-12. - С.
6-7 б.
2. Жаппасов Ж. С. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым
математикалық түсініктерін дамытуда ойын түрлерін
қолдану // Тілашар. Логопед. - 2015. -№4. - С. 4-5 б.