Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

п.ғ.к., профессор Казимова Д.А.

3-курс студенті Азаматұлы Ж.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА

ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

 

Қазіргі дамыған қоғам мен жалпы ақпараттандыруда жаңа технологияларды білетін, әлемнің әралуандылығымен қатынасып жұмыс істей алатын, әлемдік ақпараттық кеңістікте еркін қалыптаса алатын тұлғаларды оқыту, тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр.

Мектептегі «Информатика» деген пән, интегралды тәртіп болып саналады. Ол пән оқушыларға олардың кәсіби қызметі мен күнделікті өмірінде туындайтын мәселелерді талдап шешуге үйретеді. Информатика сабағында жобалау әдістерін қолдану, ең қолайлы оқыту әдісі болып табылады.

Оқыту әдістерін қолдану мәселесі бұрыннан талқыланып келе жатыр. Жобалау әдістері – бұл оқыту жүйесі, оқыту үдерісін ұйымдастырудың және өзін-өзі интелектуалдық және физикалық мүмкіншілігін, маңызды кәсіби қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған икемді үлгісі.

Әртүрлі жобаның айқындалған орындалу кезеңдері болады, жобалық жұмыстың тиімділігі нәтижелі болуы үшін, әр кезең анық жоспарлану керек.

I кезең

Ұйымдастырушылық

II кезең

Болашақ жобаның басты идеясын таңдау және талқылау.

III кезең

Әдістемелік аспектілерді талқылау және оқушылардың сабақтағы немесе сабақтан тыс уақытындағы жұмыстарын ұйымдастыру.

IV кезең

Тапсырмаларды айқындалған оқушылар тобына бөліп, жобаны құрастыру және қажетті материалдарды таңдау.

V кезең

Оқушылардың жобамен жұмысы.

VI кезең

Қорытынды шығару.

 

Жобамен жұмыс істеуді ұйымдастыру барысында, ең алдымен оқушылардың қызығушылығын, жоба тақырыбын тандалуын және оқушылардың жобамен жұмыс істеуіне дайындығын зерделеу керек.

Жобалау әдістері үшін қарастырылған нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдылық сұрақтары маңызды орын алады (мысалы,конференцияда баяндама оқу, бірігіп газет шығару, компьтерлік презентация және т.б.).

Алгоритм мысалында жобалық тапсырмаларға қызығушылықты қалыптастыратын жобалаудың бір түрін қарастырайық.

Жоба «Ақпараттарды қорғаудың криптографиялық әдістері».

Жоба өзгешелігі: Салааралық.

Жоба түрі: Телекоммуникациялық.

Құрылғылар: Интернет шығысымен кең перифериалды компьютерлер, және бағдарламалық қамсыздандыру.

Жоба мақсаты: Бағдарлама құру мүмкіншіліктерін үйрену.

Жобаның міндеттері: шифрлау әдістерін қолдану арқылы бағдарлама құруды үйрену; құрылған бағдармаларға талдау жасай білу; жоба тақырыбы бойынша бағдарлама құру үшін бағдарламалауды үйрену; шифрлау әдістерін меңгеру.

Жоба тақырыбы ретінде оқушыларға ғаламтор желісі арқылы конфиденциалдық ақпараттарды шифрлау әдістерін қолдану арқылы жіберу тәсілдері талқылануға ұсынды. Әртүрлі мәселелерді шешу бойынша пікірталас негізінде жабық кілт көмегімен шифрлау әдісі тандалды. Келесі бағыттар бойынша жұмыс істейтін, үш сарапшылар тобы құрылды:

1. Delphi тілінде бағдарлама құру (бағдарамалау технологиясын қолдана білуді жетілдіру).

2. Құрылған бағдарламаға талдау жасау (шифрлау әдістерін қолдана білуді жетілдіру, бағдарлама интерфейсін құру).

3. Ғаламтор желісі арқылы конфиденциалды ақпараттарды жіберу жолдарын айқындау (алынған нәтижелерді ресімдеп және түсіндірме беру үшін, шешу жолдарын іздеу, слайдфильмдерін құру).

Бірінші топ бағдарлама құрған кезде Delphi бағдарламау тілін қолданды, бағдарламалау басқаруының маңызды элементтері, операторлар және мағлұмат түрлерімен жұмыс істеді.

Екінші топ бағдарлама интерфейсін құрып, жаңа бағдарлама модулінің жұмыс алгоритмін баяндап, алынған ақпаратқа анализ жасады.

Үшінші топ құжаттарды жіберу үшін ғаламдық ғаламторда жұмыс істеді. Оқушылар ғаламтор мүмкіншіліктерін толық зерттеді және ғаламтордағы қолжетімсіз ақпараттармен де көп жұмыс атқарды.

Әр топ дайындалған көрнекілік мәліметтер бойынша жобаларын қорғауға кіріседі. Топтың барлық мүшелері ортақ күшпен мәліметтер мен дәлелдерді жинап, топқа берілген тапсырманы шешуге белсене қатысады.

Жобалық оқыту технологиясын қолдану тұлғалық бағытталған мекемелік білім ортасын қалыптастыруға көмектеседі. Әрдайым жұмыс түрлерінің ең қолайлысын іздеп, жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялардың дәстүрлі оқыту әдістері мен түрлеріне жатпайтының түсіну керек. Сондықтан әрқашан, оларды оқу - тәрбиелік үдерістеріне интеграциялау жолдары мен түрлерін іздестіру қажет.

 

Әдебиеттер:

1.                                   Казимова Д.А. Технология проектного обучения как составляющая методики подготовки ИТ-специалистов// Scientific Horizons/ Materials of the X International scientific and praktickal conference, ‘Scientific horizons’ (30 september-7 october): Sheffild:Scince and educftion LTD, 2014 – 26-29 p.