Қазмемқызпу
Физика-математика факультеті
5В010900-Математика мамандығының
1 курс студенті
Мейрхан Сәния
Жетекшісі:
магистр аға оқытушы
Пазилова Б.А
Шет тілдерін
үйренуде мобильді
құралдарды қолдану:
тәжірибе және пікірлер.
Ұлттық білім беру
жүйесін жалпы бұқараға қолжетімді,
көпқырлы және жасампаз ету мақсаты қазіргі
жаһандану заманында еліміздің әлемдік экономикаға
табысты интеграциялануы үшін жүргізіліп
отырған мемлекетіміздің стратегиялық бағытынан
туындайды. Соңғы
онжылдықта әлемдік білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану күрт өсті. Бүкіләлемдік
ғаламтор желісінде көптеген қазақстандық
ғылыми веб-сайттар ашылды, мысалы:www.science.kz, www.gylymkaz.kz (2008
жылы). Білім алу мүмкіндіктері жыл сайын кеңеюде:
қашықтан білім алу, виртуалды кеңістіктегі түрлі
тренингтер, онлайн-курстар, дыбыстық таспалар, электрондық
кітаптар, бейнедәрістер, сандық фильмдер қай
мамандыққа болсын үйрену мүмкіндігін береді.Ал енді осынша
түрлі оқыту құралдары мен әдіс-тәсілдер
тұрғанда, тағы да бір мобильді білім алу тәсілі
қажет пе деген сауал туындайды. Ұялы телефон арқылы шет тілін
үйрену бағдарламасын сыннан өткізген Қазақ
ұлттық университетінің оқытушылары бұл сұраққа
«ия,қажет» деп жауап береді.Американдық «Video Arts»
компаниясының өкілі Мартин Эддисонның айтуынша қазіргі
таңдағы жеті үрдіс білім алуда мобильді коммуникация
құралдарын пайдалануға итермелейді. Дәлдеп айтса, олар төмендегідей:
1-ші үрдіс.
Білім алудың шағын форматына сұраныс болуы.
2-ші үрдіс.
Мобильді құралдардың қолжетімділігі және
көп таралғандығы. Нетбуктер, смартфондар, сенсорлық
дисплейі бар планшетті компьютерлер білім алудың жаңа үдемелі
түрімен қамтамасыз етеді.
3-ші үрдіс.
Студенттерге бейнематериалдар
арқылы білім алу ұнайды.
Бейнематериалдар
үйренушілердің ойын қозғап қана қоймай,
оларға эмоциялық, сезімдік деңгейде әсер етіп,
көрініс түрінде есінде қалады, көңілін
көтеріп, жаңа қадам жасауға, жаңаша ойлауға
жетелейді. Бейнематериалдар аз ғана уақыт ішінде үйренушіге
аса күрделі түсінімдерді, идеяларды, мысалы, қоғамдық
дағдыларды жеткізеді.
4-ші үрдіс.
Онлайн-видеоның дамуы.
Бұрынғы
VHS видеокассеталар, компакт-дискілер, DVD-лер қолданыс аясынан
ығыстырылып, сандық ағымдық видео заманы туды.
Әртүрлі YouTube, Vimeo сияқты желілерінің
арқасында ғаламторда видео көру күнделікті әдетке
айналды. Бұл бейнематериалды кез келген адам кез келген жерден кез келген
уақытта көре алу мүмкіндігін туғызды.
5-ші үрдіс. Жеке
контент.
Білімнің мазмұны
ерекше
әрі
есте
қаларлық
болуына
сұраныс
туып
отыр. Сандық
ақпарат
ағымы
шексіз
әрі
реттелуі
қиын
тасқынға
ұқсас
болғандықтан, көзге
түсіп, тұтынушының таңдауына
ілігу
үшін, өнімнің
мазмұны, яғни
контенті, басқалардан
ерекше, жаңа
болуы
қажет.
6-шы үрдіс. Білім
беруде
қызығушылықты
арттыруға
сұраныс.
Білім мазмұны
тым
күрделі, ұзақ, бірсарынды
болса, үйренуші
тез
жалығып, қызығушылығын
жоғалтуы
мүмкін.
7-ші үрдіс. Әртүрлі
электрондық
қосымша
құралдардың
пайда
болуы.
Android,
Symbian, Windows Mobile платформаларына
қосымша
құралдар
және
ноутбукке, планшетті
компьютерге, смартфонға
қосымша
құралдар
қолданыла
бастады.
Олардың шағын
көлемділігі, көпфункциялылығы
және
салыстырмалы
түрде
арзан
болуы
қолданушылардың
қызығушылығын
арттыруда. Осы
аталып
өткен
жеті
үрдіс
мобильді
білім
берудің
қазіргі
заманның
табиғи
талабы
екенін
көрсетеді.
Тіл үйренуде
қолдануға болатын мобильді курстар ұялы телефонға
арналған қондырма түрінде болады.Тіл үйренудің
күрделі үдіріс екенін әркім де мойындайды. Он бір жыл
мектепте шет тілін оқып, жоғарғы оқу орнына
түскеннен кейін де, студенттердің «Шет тілі» пәнін бастауыш
деңгейден бастап оқуы соған дәлел. Неге соншама жыл
оқып, үйренсе де, шет тілінде еркін сөйлеу дәрежесіне
жету мүмкін емес? Батыс тіл мамандары тілді тек оқып, жазып
қана үйренбей, өте көп тыңдағанда
ғана дұрыс сөйлеп үйренуге болады деген
тұжырымға келген. Швед ғалымы Карл Хофсо мырза шет тілін
үйрету әдістерін зерттеуде
көп еңбек етіп, соңғы жылдары ұялы телефон
арқылы (мобильді коммуникация) үйренуге арналған тіл
курстарын құрастырған. Бұл курстар
үйренушінің деңгейіне байланысты сатыланып
құрылған. Деңгейлер «бастауыш», «орташа»,
«жоғарғы» деп бөлінеді. Бастауыш деңгейге
арналған курс үш сатылы. Бірінші сатысында үйренуші
ұялы телефон арқылы 100-ден аса сөйлемді тыңдап,
қайталап, өзінің тыңдап ұғу және
сөздерді бір-бірінен бөлмей біртұтас сөйлем
түрінде дұрыс айту дағдысын дамытады. Бұл сатыда
үйренуші сөйлемнің мағынасын білмесе де, аудармасын
іздемей, тек қана тыңдауды үйренеді. Себебі, сөйлеуді
бастамас бұрын түсініксіз болса да, тыңдап үйрену
қажет. Екінші сатысында сол сөйлемдерді жазба түрін есте
сақтап, ұялы телефонның клавиатурасын пайдаланып, жазып
машықтанады. Бұл сатыда үйренуші әрбір әріпке
жеке көңіл бөлмей, тұтас сөздерді қамтып
тез оқуды, дұрыс әрі тез теріп жазу дағдыларын
дамытады. Ал курстың үшінші сатысында естігенін ұялы
телефонның микрофонына қайталап айтып жазып, өзін-өзі
тыңдап, қаншалықты ағылшынша мүлтіксіз
сөйлейтінін тексереді. Бұл курс бағдарламасын игеруге 2 айдан
3-4 айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Ең бастысы
мұндай білім алу түрі арнайы дәрісхананы, арнайы уақыт
белгілеуді қажет етпейді. Үйренуші қолы босаған кез
келген уақытта, кез келген жерде, мысалы, автобуста келе жатып та, не
саябақта отырып та үйрене береді. Бағдарламаға іріктеліп
алынған сөйлемдер бастауыш деңгейге арналған
грамматиканың барлық конструкцияларын қамтиды.
Мағыналары жеңіл, көп қолданылатын және
күнделікті өмірге қатысты қажет ұғымдар.
Мысал ретінде 5 сөйлем
келтірейік:
1.
Can you make apple pie?
2.
Every day brings new opportunities.
3.
Betting on horses is big business.
4.
Some people say yeah instead of yes.
5.
An early start can be a good thing.
Сөйлемдер мағыналық
тұрғыдан
қарағанда
ретсіз, бір-біріне
байланыссыз
қойылғанымен, дыбыстарды
ажыратып
үйрену
және
оларды
айтып
үйрену
үшін, яғни
фонетикалық
тұрғыдан
қарағанда, өте
қолайлы
орналастырылған. Тағы
да
бір
жақсы
ойластырылған
нәрсе - дикторларды екеу болуы: біреуі
әйел
адам, екіншісі – ер
адам. Екеуі
кезек
айтқан
кезде
үйренушіге
қай
дауыс
көбірек
ұнаса, соны
таңдауына
болады. Әрі
олар
екі
түрлі
акцентпен (шығыс
американдық
және
батыс
американдық
акцентпен) сөйлейді. Мобильді
білім
алудың
тағы
да
бір
ұтымдылығы – әр адам өз
қабілетіне
қарай
өзіне
ыңғайлы
жылдамдықпен
үйрене
алады.
Үстіміздегі оқу
жылында
Карл
Хофсо
мырзамен
бірлесе
отырып
Қазақ
Ұлттық
университетінің
он
ағылшын
тілі
оқытушысы
жүз
студентпен
осы
ұялы
телефон
арқылы
шет
тілін
үйрену
бағдарламасын
сыннан
өткізіп, төрт
ай
бойы
проект
жұмысын
жүргізді.Проект
барысында
әр
оқытушы
өз
қол
астындағы
он
студенттің
жұмысын
қадағалап, күнделік
жүргізіп
отырды. Олардың
бағдарламаны
сатылап
үйренуі, күніне
кем
дегенде 20 минут
тыңдауы
және
барлық
тапсырмаларды
орындауы
маңызды
болатын. Төрт
айдың
ішінде
екі
рет
емтихан
қабылданды
және
олардың
нәтижелері
талданып, қорытынды
шығарылды. Студенттердің
деңгейлері
әртүрлі
болғандықтан, олардың
жеткен
жетістіктері
де
бірі
озық, бірі
орташа
қалыпта. Бәріне
ортақ
нәтиже - олардың тыңдап-түсіну
дағдылары
тез
дамыды
және
ағылшын
тілі
дыбыстарын
мултіксіз
айта
бастады.
Резюме
Использование инновационных
технологий 21века в процессе обучения студентов способствует совершенствовать
свои знания легко, без трудностей. Чтобы ускорить процесс обучения мы можем
использовать его функции,так как мобильный телефон стал обязанным средством
каждодневного использования.
Summery
The
use of innovative technologies in the 21century in the learning process of
students helps to improve their
knowledge easily without difficulties. To speed up the process in the field of
education, we can use its function as the mobile phone has become obliged to
remedy everyday
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазіргі заманғы
Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары мен
перспективалары.
Ұлттық
баяндама. ҚазҰУ «Қазақ университеті» баспасы, 2010 ж.
2.www.ictcenter.org.
The Future of Mobile Teaching and Learning. Mike Quaissaunee, Gordon F.Snyder
3.www.trainingzone.co.uk.The
Seven Trends of Mobile Learning. Martin Eddison.