Педагогика. Современные методы педагогики
Мадимарова
Аида Мейрамбековна
Ағылшын
тілі пәнінің оқытушысы
Орталықазия техника-экономикалық колледжі
Алматы қаласы, Қазақстан
Ағылшын
тілін оқытуда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдердің маңыздылығы
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен
тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістері мен
тәжірибелерін жалғастырып,
тың жаңалықтар іздеу, классикалық
педогогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту
қашанда жалғаса бермек.
Қазіргі таңда жеке тұлғаны
қалыптастыруда оқушының өзі арқылы, оның
іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта
отырып, жүзеге асырылады.
Білім –жолы қиын да қастерлі
жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі
өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған
ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі
оқытудың инновациялық
нысандары мен әдістерін енгізу
арқылы педагог қызметкерлердің тұлғасы
мен кәсіби құзыреттілігіне
жоғары талаптар қоюда.
Білім берудегі мақсат тек білімді
кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани
дүниесі бай және адамгершілігі зор,қоғамдық
өмірдің барлық аясында ұлттық
құндылықтарды бағалауға және дамытуға
қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек
екенін баса айтқан жөн.
Елбасымыз өз жолдауында үш
тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері
үшін міндетті шарт екендігін және 2020 жылға қарай
ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем
дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті.
Сондықтан да
тілді үйретуде жаңа
инновациялық
технологиялардың
маңыздылығы ерекше.
Оқыту мен оқу
үрдісінде қолданылып
жүрген технологиялар қатарында ағылшын тілін оқытуда
коммуникативті оқыту технологиясы маңызы зор. Қоғам
талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген
ортақ міндет- тілді коммуникативті бағытта үйрету.
Коммуникативтік оқыту
технологиясының мақсаты: шет тілінде пікір алысуды пікір алысу
арқылы үйрету, оқушылардың өз ойларын еркін
жеткізуі мен өзара тіл табысып, сөйлеуді дамытуы. Коммуникативті
оқыту технологиясы - дегеніміз
пікір алысуға негізделген әдіс. Коммуникативтік – оқыту
процесінің тілдік бағытын білдіреді, ол тіл дамыту
жұмыстарының бір түрі.
Тіл - қарым
- қатынас құралы. Тіл игеру арқылы адам
айналасындағы дүниені таниды, басқалармен қарым -
қатынасқа түсе отырып оның ой өрісі
кеңейеді. Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік
бағыттар- оқу үрдісі оңайдан қиынға
қарай бағытталған, тілдік материалдар күнделікті
өмір шындығынан алынған және оқу процесінде
әбден шыңдалып, өңделген. Коммуникативті оқытуда
білім беру- оқушының өзін ауызша (түсіну, сөйлеу)
және коммуникацияға(оқу және жазбаша) тарту, яғни
оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша
қарым-қатынасын қалыптастыру.
Коммуникативтік әдіс ағылшын
тілін оқытудағы оқу тәрбие үрдісінің
барлық мақсат-міндеттерін қамтиды. Басты көңіл
бөлінетін нәрсе ол сөйлеу және оқу.
Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды
үйренеді. Сөйлеу мен оқу арқылы дұрыс
нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін
сөйлеп, тілді қатынас қүралы ретінде пайдаланады. Коммуникативті технологияны пайдалана
отырып сабақ жүргізгенде жұптық, топтық
жұмыстардың, ойынның, әннің, жобалау
жұмысының маңызы зор.
Қазіргі кезде
ұстаздарға қойылып отырған талап- жаңа
инновациялық- технологиялық әдістерді қолдана отырып,
сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау
көру қабілеттерін жетілдіру. Жаңа технологиялар арқылы
оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады.
Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша
сөйлеу, сауатты жазу,
мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде
оқу орындарында ағылшын тілін оқыту дұрыс
жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін
біліп ғана қоймай,оның тарихын, ұлттық
мәдениетін білуге көп
көңіл бөлінеді.Шетел тілін оқытудағы білімділік
мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету,байланыста бола алу
мен ортақ тіл табысып,қарым-қатынасты нығайтуға
ұмтылу болса,тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды
тыңдау мәдениеғтін қалыптастыру негізінде өз пікірін
айта алу және қорғауға үйрету.
Сондықтан оқытушы
оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын
арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен
өткізуіне болады:
-Сабақта
тақырыпқа байланыст
кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;
-Интерактивті
тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты
слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;
-Сабақты ойын
түрінде өткізу;
-Сабақта
ақпараттық-техникалық құралдарды және
инновациялық технологияларды тиімді
қолдану білім сапасын әсер
етеді.
Пәнге деген
қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын
тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады
. Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы,
лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін
дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды
сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды.
Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын
кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең.
Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының
тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір
оқушыға өз бойындағы ұялшақтық
сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс
істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік
тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың
сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын
жасауға;
2. Балалардың тіл материалын көп
қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда
күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын
оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.
Белгілі ғалым М.Ф.Стронин
өзінің “Ағылшын тілі сабағында қолданылатын
жаттықтырушы ойындар” кітабында ойындарды келесідей категорияларға
бөлді: лексикалық ойындар, грамматикалық ойындар,
фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар және
шығармашылық ойындар.
Сонымен қатар сабақта
электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Себебі,
ол оқушының танымдық көзқарасын
қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға,
шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік
жұмыстарды тез орындауға көмектеседі.
Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Өзімізге
белгілі жаңа технологияларды қолдануға көп үлес
қосып жүрген зерттеуші ғалымдар қатарына У.С.Полат, Е.Н.Дмитреева, С.В.Новиков, Т.А. Помелова
жатады. Шыныменен,
жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие
болып, барлық салаларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге,
халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер
туғызады.
Сондықтан ағылшын тілі
сабағында оқушының оқу-танымдық
көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын
тіліне деген қызығушылығын арттырудың жолдарын
іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге
қызығушылығын арттыру,мең біріншіден,
ұстаздарға байланысты.
Қорыта айтқанда, шетел тілін меңгеру өте
маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді,
халықаралық достыққа, мәдениетке
тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына
жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім
беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі
компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік
оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы
болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың
жаңа технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы
жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі
тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып
үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі
керек. Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі
бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың
қолында”. Сондықтан біз-ұстаздар ХХІ ғасырдың
біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына
сай болып, үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет.
.