Педагогика
Сыбаева
Гульжан Сагатовна, Өндірістік оқыту шебері,
Жаңақорған
аграрлы-техникалық колледжі,
Қызылорда
облысы, Қазақстан Республикасы
Өндірістік оқыту шеберінің
іс-әрекетіндегі кәсіби маңызды сапаларының кейбір ерекшеліктері
Кәсіби-педагогикалық
білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды даярлауда
өндірістік оқыту шеберлерінің орны ерекше, өйткені білікті
де білімді кәсіп иесі (жұмысшы) мамандарды дайындау бойынша
күрделі және жауапты мәселелерді шешу соларға
байланысты.
Өндірістік
оқыту шеберінің кәсіби-педагогикалық қызметінде негізгі
екі еңбек пәні бар. Бір жағынан оны адамдармен
қарым-қатынас құраса, ал екінші жағынан белгілі бір
кәсіптік сала бойынша арнайы білімдер, іскерліктер және
дағдыларды талап етіледі.
Өндірістік
оқыту шебері – кәсіптік оқу мекемелеріндегі ерекше
тұлға, өйткені, оның қызметтік міндеттері мен
мақсаттары көпқырлы және аса күрделі. Шебер – ол
кәсіпке үйретуші негізгі ұстаз, студенттердің тәрбиелік
жұмыстарымен қатар, сыныптан тыс өндірістік жұмыстарын
және өмірін ұйымдастырушы.
Өндірістік
оқыту шебері бастауыш кәсіптік білім беру жүйесінің
педагогы ретінде көптеген іс-әрекет түрлерін меңгеруі
тиіс, олардың негізгісіне мыналар жатады: оқу-өндірістік
оқыту, тәрбиелік жұмысы, оқу-әдістемелік,
пайдалану-қызмет көрсетуші, ұйымдастыру-басқару
қызметі және т.б. Сонымен бірге, өндірістік оқыту
шебері педагогикалық қызметкер ретінде жалпы және
кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің жеткілікті деңгейін
меңгерулері тиіс.
Өндірістік
оқыту шеберлерін дайындаудың деңгейі мен сапасы кәсіптік
оқу мекемесінің студенттерін – қазіргі таңдағы
өндірістің болашақ кәсіп иелерін дайындаудың
сапасын едәуір дәрежеде анықтайды. Сондықтан
педагогикалық кадрлардың кәсіпқойлығын және
оларды дайындау сапасын жоғарылату білім беру жүйесін қайта
құруды қарастырудың қажетті шарты болып табылады [1].
Нарықтық
жағдайға көшуге байланысты ел экономикасының дамуы жаңа
техниканың, технологияның және кадрлық
ресурстардың бәсекеге қабілеттілігін қазіргі
таңда маңызды орындардың біріне қойып отыр.
Бұл
жағдайларда адам өзінің ең басты капиталы -
өзінің біліктілігін еркін басқара алуға
мүмкіндігі бар, еңбек нарығының субъектісі болады.
Осыған сәйкес қызметкердің құзыреттілігі
шығады, ол кәсіпқойлықтан, технологиялық
дайындықтан, кең мағынадағы іскерліктен басқа
өз бетінше жауапкершілікті талап ететін шешім қабылдай алатын, кез
келген іске шығармашылықпен қарайтын, кәсіби
жан-жақты жеке тұлға қасиеттерін қамтиды.
Мұның бәрі кәсіби білім беру жүйесінің
алдына болашақ білікті де білімді кәсіп иесі мен мамандарды оқытудың,
тәрбиелеудің және дамытудың жаңа
мәселелерін қояды. Бұл міндеттерді табысты жүзеге асыру
педагогикалық кадрлардың жоғары деңгейінде,
оқу-тәрбие процесін және ең алдымен өндірістік
оқытуды жоғары дәрежеге қоюда мүмкін болады.
Білікті
педагог, ұстаз, тәрбиеші болу үшін, оқытушы,
өндірістік оқыту шебері этикалық,
психологиялық-педагогикалық жағдайларда байқалатын
айқын жеке-тұлғалық көзқарасты
ұстануы тиіс. Олардың арасындағы аса маңызды болып
табылатыны мыналар:
-студенттерге
деген қарым-қатынасы – оларды түсінуді, әртүрлі
жағдайларды бірге бастан өткізуді, олардың тәуелсіздігі
мен дербестігіне, шығармашылық мүмкіндіктерін анықтауды
және оны қолдануды мақсат ету;
-педагогтың
өзіне деген қарым-қатынасы – табысты оқу-тәрбие
жұмысына деген қызығушылықты, кәсіби және
жеке тұлғалық өсуді, өз-өзіне талдау жасау
және өзін өзі жетілдіруді мақсат ету.
Кәсіптік
оқу мекемелерінің іс-әрекеті неге және қалай
оқыту керек деген қатаң бұйрықтармен,
нұсқаулармен, ережелермен реттелмейді. Мұның бәрі
білім беру мекемелері мен педагогтарға педагогикалық
шығармашылықты танытуға, ынта білдіруге, педагогикалық
эксперимент пен алдыңғы қатарлы педагогикалық
тәжірбиені тиімді қолдануға мүмкіндік береді [2].
Сондай-ақ
кәсіби білім беру мекемелеріне мұндай үлкен еркіндік пен
мүмкіндік беру оларға үлкен жауапкершілікті жүктейді,
жан-жақты педагогикалық эрудицияны, оқу процесінің
дидактикалық негіздерін, студенттерді тәрбиелеу мен оқытуды
ұйымдастыру мен оның әдістемесін терең білуді талап
етеді.
Педагогикалық
іс-әрекеттегі шебердің кәсіби маңызды сапасының
табысты болуы айтарлықтай дәрежеде мынадай қабілеттер мен
іскерліктердің болуымен анықталады: студенттердің білім
құмарлығын дамыту, студенттерді өзінің айналасына
үйіруі, оларды түсініп, өзінің соңынан ертіп
жүру, олардың сеніміне кіру, білімдер, іскерліктер мен
дағдылардың қалыптасуына ғана емес, олардың
қаншалықты тиімді қолданылатынына бақылау жасау,
батылдықтың, төзімділіктің, табандылықтың
үлгісі, сендіре білу қабілеті және т.б.
Қорыта
айтқанда, өз ісінің шебері болып табылатын педагогты, ал
мұндай болуға әрбір өндірістік оқыту шебері
ұмтылуы тиіс, «эмпатия» ерекшелендіреді өз студенттерінің
қиындықтарын түсіне білу, өзіне олардың
көзімен қарай білу қабілеті, іскерлігі, олардың ойлау
тәсілдері мен танымдық «механизімдерін» түсіне алу керек.
Бұны
үйрету қиын, олар өз биіктерінен студенттер
әлеміне «төмен түсу» үшін, олардың орнына
өзін қоя білу, өзін олардың құлағымен
тыңдай білу, өзін олардың түсінігімен түсіну
үшін белгілі бір рухани потенциалы болуы тиіс.
Әдебиеттер
1. Қозыбай
А., Жексенбиева Н., Өстеміров К. Топ жетекшісі (Өндірістік
оқыту шебері). Оқу құралы. «Фолиант» баспасы,
Астана-2010.
2. Зеер Э.Ф.
Психология личностно-ориентированного профессионального образования. –
Екатеринбург: Изд-во Урал. гос. проф.-пед. ун-та, 2000.