Тіл қарым -қатынас құралы

A language is means of intercourse

 

Абтихалова Райкүл Жумагалиевна, Бисенова Ғалия Алдабергенқызы

Қызылорда копсалалы гуманитарлық –техникалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары

 

    Тіл білубайлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс - шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең - кезеңмен іске асырудыұсынды.
    Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі.

 

Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі

     Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі,тіл саясаты оның ішінде мемелекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады. Қазақстан халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік – камуникативтік қызыметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.

     Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда қалыптасқан тарихи факорларға байланысты қоғамда негізінен қазақ-орыс тілділігі басымдыққа ие болған. Ресей қашаннан бері біздің көршіміз,біздерде ұзақ  уақыттан бері ортақ мәдениет,ортақ тарих болып келді және қазіргі таңда Қазақстанда орыс тілін сақтап қалу біздің мемлекетіміз арасында көп ретте сауда,дипломатиялық және мәдени байланыстарды қалыптастыруға тиімді жағдай жасайды. Орыс тілін меңгеру біздің азаматтарымыз үшін шын мәнінде үлкен байлық, осы орайда бізде екі тілді ұрпақтың қалыптасуы көп ретте ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілік сапасын арттырады. Қостілділік дегеніміз- бұл тек екі тілде сөйлеу қабілеті ғана емес,  сонымен бірге,бұл қос өркенниеттің мәдени құндылықтарын сіңірген ерекше ойлау қабілеті болып табылады. Орыс тілі –біздің мәдениет байлығымыздың ажырамас бөлігі,әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым- қатынастың тілі.

     Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты-қазақ тілінде қысым жасау емес,керсінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін – болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол,себебі ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі.       Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде,орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын.

      Дегенмен мемлекеттік тіл-өмірлік қажеттілік. Оны саяси саудаға, даудамайға айналдырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тіл әр адамға өзінің қайраткерлік  мүмкіндігін кеңейту үшін қоғам,мемлекет ісінде өзін-өзі көрсете білу үшін ел тағдырында ықпалды тұлғаға айналуы үшін керек. Жаңа әлемдегі жан – жақты дамыған,бәсекеге қабілетті жаңа Қазақстан тұғыры рухани құндылықтарға негізделген, бұл біздің мемлекетіміз ұстанып отырған саясатымыздың басты қағидасы. Рухани құндылықтың бастауы-тіл мәртебесін көтеру,мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –жаңа саясатқа кірудің басты кілті,-деп елбасымыз айтқандай қазіргі таңда еліміз шетелдермен саяси-әлеуметтік және мәдени қарым қатынас жасауда. Осыған орай біз болашақ ұрпақты соған сай болатындай білім беріп,тәрбиелеуіміз керек.

                                     Қолданылған әдебиеттер

1.Қ.Даупаев.Тіл мәдениеті және стилистика,Астана,200

2.Қазақ тілі және әдебиеті

3.Мектептегі шет тілі №1,3,6 2010