Джумадиллаева Гаухар Бейсеновна

Қазақстан. М.Б.Сапарбаев атындағы ОҚГИ

 

Кәзіргі таңдағы тілді үйретудің жаңа мүмкіндіктері

 

Адамның табиғаты кез-келген жаста тілді үйреніп кетуге бейім екендігін ғылымдармен дәлелденген. Ақыры қазір бәрі кітап оқығаннан орнына (кино, клип, мультфильм, бейнероликтер, т.б.) тамашалауға құштар ғой. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Бұндай тәсіл шетелдерде қолданып жатыр. Бұл мәселеде бір мемлекеттің тілін сақтау үшін жеке адамның құқы дегенді ескеріп жатқан ешқандай мемлекет жоқ. Олардыкі дұрыс. Себебі жеке адамның құқынан гөрі ұлттың құқы жоғары тұрғаны дұрыс деп ойлаймыз.

Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру оның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. Тіл арқылы қалыптастыруға бағытталған пәндік құзіреттіліктер оқушылардың қоғам қажеттілігіне сай мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға ынталы болуын, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана алуын, халқының өткен тарихын білуін, отбасында, қоғамда және адамдармен қарым-қатынаста өз көзқарасын білдіре алуын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет (1).

Орыс тілін шетел тілі ретінде оқыту әдістерін біліңіз. Кәзіргі таңда әр түрлі ұлт өкілдері үшін көптеген әдістер, әр түрлі жерде шетелдіктердің ана тілдерін сипатына негізделініп түрлі әдістермен уретілуде. Негізгі ереже: Сіз оқушының ана тілін иелену үшін оның құрылымын білу қажет. Фонетикамен айналасыңыз (теориялық және практикалық). Әрбір тілдің өз ерекшеліктері бар: орыс және француз тілдерінде дыбыстардың  жиі ұқсастығы кездеседі, мысалы, қайталанатын келеді. Сөйлеу аппаратын қалыптастырады, сондықтан да халықтық фонетикалық жүйесін реттеу үшін адамға ол қиынға түседі. Бұл үшін практикада әуен арқылы сөз тіркестерін, дыбыс комбинациялары арқылы қоюға тиіс. Негізінде тілді, музыка арқылы: фразировка өнері және интонациясы арқылы үйрету керек. Орыс тілінде фильмдер, телебағдарламалар қараңыз. Музыканы тыңдау арқылы: шынайы дауыс есту процесінде оқушы диалектілер мен диалектілердегі конструкцияларын толтыра қамтиды. Тренинг, аудио және бейне материалдарын қолдану, сөйлесу дағдыларын дамытуда маңызды роль болып табылады және тілді тез үуренуге ықпал ететін болады. Орыс тілдерінде пайдаланылатын әзілдер, (мысалы: «өмір сүру – жақсы, жақсы өмір сүру - тіптен жақсы»), деген сияқты  мақал-мәтелдер сөз тіркестерінің мағынасын үйренуге мүмкіндік береді. Ол үшін 25-кадр арқылы үйретудің әдістемесін жасауымыз қажет. Бұл тәсіл арқылы екі айда тіл үйренуге болатындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Яғни тілді ең қысқа уақытта үйренудің жолы осы. Мұның кереметтігі тіл үйренуге барлық жағдайы бола тұрып үйренгісі келмейтіндерді де, мұражайлар, көрмелер кіріңіз, концерттерге бару қажет, елдің мәдениетімен танысу қысқасы бұл көріністерді көрген адамның бәріне үйретіп жібереді. Ол үшін оқытушы қай тілдің болсын оқыту стратегиясын жақсы білуге, оқыту процесіне шығармашылық тұрғыдан қарауға бүкіл әлемдегі басқа тілдерді оқытудың әртүрлі тиімді әдістемелерін білуге тиіс. Бұл – уақыт талабы. Тілді үйренемін деп ықылас білдірген адам өз бетінше тілін оқып үйрену үшін қазіргі кезде  электронды оқулықтарды пайдалана алады.   Алдымен, әрине оқулықтарға аса зор көңіл бөлгеніміз жөн. Бұл салада бірнеше әдістемелік еңбектер, оқулықтар шығып, бағдарламалар жазылып, диссертациялық жұмыстар қорғалды. Әр кітап, оқулық, сөздік, бағдарлама, өз үлесімді қоссам, ісімді тәжірибемді көпке ұсынсам деген ниеті бар ұстаздың, ғалымның әдіскер еңбегінің жемісі. Бірақ, қазіргі әдістемелік ғылым оқытудың әдіс-тәсілдерін бүге-шүгесіне дейін үйрететін, мәтінмен, жаттығумен қалай жұмыс істеу керектігін, оқытушыға қажеттінің бәрі  кітаптың ішінде бәрі дайын болуы мүмкін еместігін ашық айтады. Шындығында да оқыту ісі бір сарынды үлгі емес. Бұл ретте студент, мектеп оқушысы үшін де, жеделдете үйрену курстарындағы тыңдаушыларға арнап та, тіл үйренушілер үшін де   пайдалануға болатын, тіл үйретуді жетілдіру  үшін жаңа типтегі оқулықтардың ішінде тіл теориясы мен практикасын қатар ұстап келе жатқан ұстаздардың оқулықтары.

Оқушылардың ынтасы және таным әрекеттерін дамыту, белсенді ізденуші, пікір айтушы, ой бөлісуші деңгейіне жеткізу мақсатында шығармашылық жұмыс түрлері жүргізіледі. Бұл жұмыс түрлері баланы өз бетінше ізденіске бағыттайды, ынталандыратын мүмкіндіктер туғызады, оқушының еркін шығармашылығын қамтамасыз етеді.

Тілдік біліктің жинақталуы дайындық жаттығуларының қажеттілігін төмендетеді, олардың қолданылуы жекелеген тапсырмалармен шектеліп отырады. Дайындық жаттығуларының жүйесіне төмендегідей талаптар қоюға болады:

- қарапайым операцияларды күрделі ойлау әрекетімен үйлестіру, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту және сол кезеңдегі мнемикалық іс-әрекетін логика ойлаумен үйлестіру;

- қабылдаудың тірегі мен бағыты есебімен айтылымның дайындық процесін қатаң меңгерту, «бағдарлмамланған» қиындықтарды жою және т.б.

- төлдік (бірлестіктерді) ұғымдарды біртіндеп арттыру;

- бір немесе бірнеше ұқсас қиындықтарға оқушы (студент) назарын бағыттау;

- жаттығуларда белгілі және белгісіз материалдарды үйлестіру;

-тұлғаға назарын бағыттау.

Психологтар тыңдалғанды немесе оқылғанды дұрыс топтай білу қабілеті оқушының ішкі ойлау қатынасын түсіну деп көрсетеді. (Шетел тілін) өз ана тілі дейгейінде білуі қарым-қатынас жасауда тілдік форманы бағытты түрде қолданады, субъективтен объективті мәліметті, арнайы емес тілден арнайы тілді ажыратуға мүмкіндік туғызады деген сөз. Бұны «коммуникативті компетенция» деген жөн. Ал, тілді үйретудің нәтижелі болуы- жаттығулардың дұрыс тиімді таңдалуында ғана емес, оның ұйымдастыру, жүргізу жұмысының дұрыс жүзеге асуында.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы. «Білім баспасы», 1998.

2. Минасова С. Г. Язык и межкультурная коммуникация. http://www.gumer.info/bibliotek_Buks/Linguist/Ter/_19.php

2. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004