П.ғ.к. Өтебаев И.С., Г.Б. Бокаева

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі

 

Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «Интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы – пелагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту.

Интерактивті әдістерге:

v   Проблемалық шығарма әдістері;

v   Презентациялар;

v   Пікір-таластар;

v   Топпен жұмыс;

v   Сын тұрғысынан ойлау әдісі;

v   Викториналар;

v   Іскерлік ойындар,

v   Инсерт әдісі;

v   Блиц-сұрақтар әдісі;

v   Сауалнам алу әдісі т.б. жатады.

Оқытудың интерактивтік моделінің негізгі критерийлері:

1.     Емін-еркін пікр талсқа түсу мүмкіндігі;

2.     Белгілі бір материалды емін-еркін баяндау;

3.     Топтық тапсырмалардың қолданылуы және сол арқылы ұжымдық іс-әректтерді дамыту;

4.     Жазбаша жұмыстарды орындау.

Әр түрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді. Интерактивті оқыту құралдары, мұндағы интерактивті сөзі – «inter - бірлесу», «act -әрекет жасау»- бұл нақты уақыт режимінде қолданушы мен ақпараттық жүйе арасында диалог құрушы құралдар.

Ал, білім берудегі интерактивті технология –сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір-бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту  әдістемесінен ерекшеленеді. Интерактивті құралдарды пайдалану кез-келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немеес баяндамашыға екі түрлі құралдарды: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.

Интерактивті тақтаны қолдану шартында білімді бақылау келесі формаларда жүзеге асырылады:

-  On-line тест;

-  Activote2 тестілеу жүйесі;

Activote2 тестілеу жүйесі конференция кезінде барлық оқушыларға сымсыз радиопульттағы батырмаларды басу көмегімен бірнеше жауаптардың біреуін таңдай отырып, сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Радиопульттан келіп түскен ақпаратты Activboard өңдеп, мұғалімге конференциядағы оқушылардан ақпаратты қабылдап және үздіксіз қадағалауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, Activote2 тестілеу, ақпарат жинау, пікірталас, талқылау кезінде аудиториямен кері байланысты жақсарту үшін де қолданылады. /4,60-б./

Сонымен қатар, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мынадай бақылау түрлерін ұйымдастыруға болады:

«Қатені ұстап ал» - материалды түсіндіру барысында, мұғалім әдейі қате жібереді. Бұл оқушыларға алдын ала айтылады. Тақтада: терминдер, иллюстрациялар және т.б. көрсетілуі мүмкін. Оқушы тақтаға шақырылып, оқытушы жіберген қателерді жөндейді. Бұл әдісті интеллектуалдық ойын, бақылау түрі немесе интеллектуалдық жаттығу ретінде қолдануға болады.

«Өзіндік тірек». Бұл тапсырманың негізгі принципі – алдыңғы сабақта алған білімдерін жаңа сабақта пайдалана білу. Оқушы жаңа материал бойынша өздігімен тірек конспектісін жасайды. Оқытушы сканер арқылы өзінің немесе бір оқушының конспектісін тақтаға шығарады. Сыныптағы оқушылардан тақырыпты ашуды талап етеді. Және ұсынылып отырған конспектіні әлсіз жерлерін көрсетіп, өз тірек конспектісін түсіндіру қажет. Сонда оқытушы, оқушының өткен материалды қаншалықты дәрежеде меңгергенін анықтай алады.

«Бақылау парағын қайталау» - тақтада өтілген тақырып бойынша бейнетізбек немеес терминдер жиынтығы көрсетіледі. Әрбір оқушы өз сыныптастары үшін бақылау сұрақтарын жасайды. Бұл сұрақтар өтілген материалды толықтай қамту қажет. Біртіндеп оқушылар, сұрақ жасау үшін барлық материалды қайталап шығады.

Мұғалім, оқу материалын интерактивті тақтада, объектілер арасында көрінбейтін сілтемелер жасай отырып та көрсете алады. Объектілерді басқан сайын басқа парақтар ашыла алады, әрбір парақ оқу материалын, тақтада барлық объектілер анық көрінбегенше үлкен масштабпен көрсете береді. Осылайша, оқушылар оқу материалындағы объектілердің өзара байланысын жақсы меңгереді, бұл- интерактивті тақтаның білімді бақылаудағы тағы бір мүмкіндігі.

Интерактивті тақтаны пайдаланудың артықшылықтары оқушы мен мұғалім үшін маңызды болып табылады. Мұғалім қажет материалдарды гиперсілтемемен байланыстыра отырып, бір файлдың ішінде сақтай алады. Аудио- және бейне-файлдарды қажет болған жағдайда интерактивті тақтаның көмегімен ойнатып, қадағалауға болады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастықта қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру.

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін -

Технология – өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикізаттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу немесе өзгерту әдістерінің жиынтығы. Педагогикалық сөздікте «педагогикалық технология»- социо-мәдени өлшемді тұлғалық көрініс еркіндігін үйлестіруші әлемге қатынасын қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен дара қарым-қатынас мағынасында балаға, педагогтық әсер етуінің ғылыми негізделген кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті,-делінген.

Интерактивті әдіс – бұл оқытуда немесе тәрбиелеуде қандай да бір нәтиже шыңына жетіп қана қою емес, бұл бір-бірімен тығыз байланысқан тұтас аспектілер жүйесін қалыптастыру. Егер бұл аспекттің біреуі орындалмаса, онда қалған аспектінің құлдырауына әкеліп соғады. Бұл үш аспекті қарым-қатынас пен оқытудың методологиясына бірлік береді. Методология – интерактивті әдісті қолдану. Оқушаларды оқу жүйесінее түгелдей баулу. Модульдік интерактивті оқыту технологиясының мақсаты – тұлғаның танымдық үрдістерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту.

Модульдік интерактивті оқыту технологиясының міндеті – жоғарыда айтылған мақсаттарға бағытталған оқу үрдісін мұқият құра отырып, оқушылардың білім сапасын едәуір арттыру, білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға қамтамасыз ету.

Информатика және нақты ғылымды оқытуда интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі:

1.     Оқушының ой-өрісін даму қабілттілігін арттырады. Нақтылыққа тәрбиелейді;

2.     Оқушы өзін-өзі меңгеруді, ізденуге сүйенеді. Интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады;

3.     Жеке дайындық, тапқырлық, шешендік қасиет, белсенділік қалыптасады.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын артырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, келесі нәтижелерге қол жеткіземіз:

1.     Уақыт үнемделеді;

2.     Сабақтың сапасы көтеріледі;

3.     Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады;

4.                 Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын артырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сагимбаева А.Е. К вопросу контроля знаний в условиях применения интерактивного оборудования //Бюллетень центра информатики  и информационных технологии в образовании. –Выпуск №4.-Москва, 2008, 123-126.

2. Мұхамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивтік жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері: Әдістемелік құрал.-Алматы: 2008. 120 б.

3. Информатика негіздері. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1,3- 2010.

4. Ж. Иманғазиева. Интерактивті тақтаны тиімді қолдану. «Информатика негіздері», №2-2011ж.