П.ғ.к., И.С. Өтебаев1, Г.Б. Бокаева1.,А.А.  Убайтжанова2

1Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

2Ақтөбе қаласы  №8 орта мектеп, Қазақстан

 

Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш класс оқушыларының ауызекі тілдерін жетілдіру

 

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытудың ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарында ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.

Бастауыш мектепте оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы - олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.
В. Б. Бондаревский танымдық қызығушылықты қалыптастырудың өзегі ретінде оқушы меңгеретін оқу материалының мазмұнын; оқу іс - әрекетінің жан - жақты үдерісін және оқу үдерісіне қатысушылардың өзара қарым - қатынасын қарастырады. Бұл анықтаманың негізінде танымдық қызығушылық - оқушының іс - әрекетінде жүзеге асырылатын және «бірте - бірте бекіне отырып, адамның тұлға ретінде қалыптастыратын тұрақты қасиетіне айналады» деп түйіндейміз.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады. Сондықтан оқытудың ақпараттық қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының іс - әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол келесі қызметтерді атқарады:

1. Оқу үрдісіне қолдану барысында:

- оқыту құралы;

- көрнекілік құрал;

- дидактикалық құрал;

- диагностикалау және бақылау құралы;

2. Жұмыс жасау барысында:

- тестті дайындау және оны сақтау құралы;

- графикалық ақпараттарды өндеу құралы;

- пікірді дайындау құралы;

- есептеу құралы.

Аталған қызметтермен қатар оны қолдану барысында проблемалар туындайды:
- бірқатар оқытушылар мен оқушыларда үйде компьютерлері жоқ;

- оқытушының компьютерлік сауаттылығы жеткіліксіз;

- оқытушылардың сабаққа дайындалу уақыты жеткіліксіз;

- компьютерлік сыныпта сабақ өту үшін сыныпты екі топқа бөлуге тура келеді;
- оқушылардың компьютермен жұмыс жасау уақытының шектелуі болуы;

- бастауыш сыныпқа арналған мультимедиялық электрондық оқулықтардың аздығы;

- ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданып сабақ өтуден оқытушы тек қана көрнекі - иллюстративті әдіске көшіп алады.

Жоғарыдағы келтірілген проблемалық мәселелерді шешу барысында бастауыш мектептің білім беру үрдісінде ақпараттық қатынастық құралдарын қолданудың тиімді әдіс - тәсілдеріне жан - жақты тоқталып өтейік.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді. Бастысы  оқушы жан – жақты дамып, танымдық белсенділігімен қатар сөйлеу тілдері де жетіледі.

Ауызекі сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауызекі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:

1. Ауызекі тілде сөйлеудің монологты және диалогты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді;

2. Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады. Яғни бұл ауызекі тілде сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;

3. Қосымша оқыту құралдарының жиі - жиі қолданылуы;

4. Компьютерлі кабинеттерде ауызекі тілде сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Ауызекі тілде сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогтықұрастыра білуге үйрету, өзімізге белгілі болғандай, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты. Осы орайда, бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты және монологты формада сөйлей білуге үйрету.

Мен өз тәжірибемде компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану арқылы бастауыш класс оқушыларының ауызекі тілін дамытуға ерекше көңіл бөле отырып өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын.

Осы компьтерлік оқыту технологиясы арқылы бастауыш класс оқушыларының ауызекі тілін дамыту. Мен өзімнің сабақтарымда:

Оқытуды ұйымдастыру формаларын: жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формаларын пайдаланамын.

Қолданылған технологиялар: жобалау, компьютерлік әдісі, ақпараттық ойын, топтық т. б. элементтерін қолданамын.

Қорытынды диагностика: тестілеу, жобаны қорғау. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық - анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады және сөйлеу тілдері жетіледі.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі негізгілері мыналар:
- компьютер – оқушы білімін бағалау құралы;

- компьютерлік модельдеуді қолданатын электронды оқулықтар;

- мультимедиа - технология, жаңа материалды түсіндірудегі құрал;

- Дербес компьютер, білім жетілдіру құралы;

1. Компьютер - оқушы білімін бағалау құралы;

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд - фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай - ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.«Компьютер көрнекі – бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым - қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады»
2. Электрондық оқулық - оқушыны осы оқулықпен таныстыру.

Мысалы: 2 сыныпқа арналған электрондық оқулықта әр тақырыпқа сай  мәлімет берілген. Ауыз әдебиет үлгілері, дидактикалық тапсырмалар беру арқылы ауызекі тілде сөйлеуге бағытталған жаттығуларкең көлемде қолданылады.

1.  Мұғалімнің сабаққа деген шығармашылық қабілетінің деңгейін көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға болатын құрал.

Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады. Осы уақытта оқушылардың есте сақтау мүмкіндіктері жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге және оқушылар принтер арқылы қажетті ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік алады. Дайын слайдтар арқылы жүйелі сөйлеуге машықтанады.

4. Интернет желісімен жұмыс жасағанда:

- Жобалардың презентацияларын дайындау.

- Ғылыми журналдардың сайттарына кіру.

- Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу.

- Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.

- Өзін - өзі бағалау дәрежесіне көтеріледі.

5. Интерактивті тақтаны пайдалану

Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтардаоқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру - уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына, ой-өрістері мен дүниетанымдарының дамуына, ауызекі сөйлеу тілдерінің жетілуіне әсер етеді.

Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпарттық қатынастық технология арқылы дамыту дегеніміз – оқушының өзіндік білім алу іс - әрекетін компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асыру деп түйіндеуге болады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Мұқанова Ж. Оқушы қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы

2. Қамалбеков А. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты. ҚР

4. Сахатова А. Интерактивті оқыту технологиясын қолдану

5. Букенева Ж. “Қазақ тілін компьютерлік технология арқылы меңгерту мәселелері”

6. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп