Заурбекова А.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
БІЛІМ БЕРУДЕ ДУАЛЬДІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Еліміздің білім беру жүйесі өзінің өмір сүру
уақытының барлық кезеңдерінде де заманының
талабына сай маман даярлау жұмысымен шұғылданып келеді.
Егеменді ел атанып, нарықтық экономика жүйесіне
көшкеннен бері білім беру жүйесінің бұл саласы
нарық сұранысына жауап бере алатын, жаңа технологияларды
меңгерген, білікті маман даярлау ісін қолға алып қызмет
етуде. Бұл орайда мемлекет пен елбасы тарапынан да көптеген
маңызды міндеттер мен оларды шешу жолдары ұсынылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында «Кәсіби - техникалық және жоғары
білім ең біріншікезекте ұлттық экономиканың
мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын
барынша өтеуге бағдар
ұстауы керек» деп атап көрсеткен болатын.Қазіргі кезде білім жүйесіндегі педагогтардың
әдістемелік қызметінің басты мақсаты - инновациялық
технологияларды енгізу арқылы білімді жаңғырту.
«Инновациялық технология» ұғымы жұмысшы кадрлар
даярлауда тек қана білім берудің жаңа әдістері
мен технологияларын емес, сонымен қатар болашақ
жұмысшының еңбек ету қабілеттілігін арттыруда
маңызды рөлге ие - еңбек процестерінің жаңа
технологияларын меңгерту болып саналады. Бұл орайда тек қана
кәсіби шебер педагог қана емес, жұмыс беруші де бірлесе
отырып шешетін мәселелер баршылық. Осы кезеңге дейінгі
уақыт көрсетіп келгендей
жұмысқа орналасу қиындығын бастан кешірді,
кейбір мамандықтар сұранысқа ие болмай оларды мемлекетіміз
тарапынан қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқытуға
тура келді. Осындай өзекті мәселе түйінін шешуде дуалдық
оқыту жүйесі - кадрлар даярлаудың тиімді әрі
жаңаша тәсілі болып табылады. Оның ерекшелігі - оқытудың көп бөлігі
оқу орнында емес, мекемеде өтетіндігінде. Аталған жүйе
бойынша студент өз уақытының 70-80% -ын тікелей
өндірісте, тек 20-30%-ын ғана оқу орнында өткізуді
көздейді. Дуалдық модель – бизнес, болашақ маман және
мемлекет мүддесінің біріктірілуі. Бұл жүйе Германия,
Австрия, Дания, Швейцария елдерінде өз нәтижелерін беруде. Шаруашылықтың
қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын
кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология
мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады.
Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу
деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік, теория мен
тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл
үйлесімділік дуальды білім беру жүйесінде жан-жақты
өрістей алады.
Өңірлерде дуальдық
жүйені енгізу бойынша жұмыстар кәсіпорындармен оқу
жоспарларын, оқу процесінің кестесін қайта қараумен,
кәсіптік білім беру орындарының материалдық-техникалық
базасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сонымен қатар,
мамандықтар тізімін ұлғайтуға,
оқытушылардың біліктілігін арттыруға ден қойылуда.Дуальды жүйемен оқытудың
жетістігі көп:
1)
бітіруші түлектердің жұмысқа
орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында
өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс
берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы
маман болады;
2)
жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман
психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын
маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай
алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген
жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды.
Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс
жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға
бейімделеді;
3)
«тәжірибеден теорияға» принципімен
жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен
айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес
жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін
терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.;
4)
жұмыс берушінің оқушыға берген
бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады.
Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт
өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің
білім мен ынтасын көрсетеді;
5)
оқытушы тек қана теорияны ғана
меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды
біліп, заманауи талаптарды меңгереді;
6)
бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға
кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте
болғандықтан оқушы оны күнделікті көріп, игереді.
Жоғарыда аталған
мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы
енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін
нәтижелер.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңы.
2.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясы».
3.
Оқытудың жаңа технологиялары.
Халық тәлімі, арнайы басылым №1.2014ж.
4.
Дуалды оқыту жүйесі «Қазақстан
мектебі» 2014ж.