Мырзакулова С.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі,
Қазақстан
Колледже музыкалық білім беру
педагогикасы
Педагогика – жалпы және арнайы білім беру
саласында теориялық, практикалық іс-әрекеттің негізі
болып табылатын білім берудің мазмұны, формасы мен әдістері
туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі бір білім саласы бойынша
педагогикалық проблемаларды зерттейтін музыкалық білім беру
педагогикасын оқу барасында қолдану тиісті.
«Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы –
көптен бері қолданып келе жатқан ұғым. Бұл
ұғым көпшілікке музыкалық білім беру саласында,
соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі
белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және
сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын
жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты
қолданылады. Сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы
түрлі типтерге музыкалық оқу орындарында (балалар музыка
мектебі, балалардың хор студиясы және т.б.) жүзеге
асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың
бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен
консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін
қалыптастырады.
Кез келген ғылым саласы сияқты,
музыкалық білім беру педагогикасы әдіснамалық негіздерге
сүйенеді. Табиғаттың, адамның,
қоғамның, танымның даму заңдылықтары
философияның заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан ұзақ жылдар философияның аясында өркендеген және
өркендеу үстіндегі педагогиканың бір саласы – музыкалық
білім беру педагогикасы да философиялық тұжұрымдардың
негізінде дамиды.
Музыкалық білім беру педагогикасы
қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық
тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық
өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды.
Сондықтан музыкалық білім беру педагогикасы – балалар мен жастардың
ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ғылым.
Музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттерін
толық түсіну үшін ең алдымен негізгі
ұғымдарын қарастыру қажет [1].
Музыкалық білім
берудің мақсаты - әр оқушының ақыл- ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып,
мінез-құлқының, тән-мен жанның
қалыптасуына ықпал ету.
Музыкалық білім
берудегі басты міндет -
оқушыларға көркемдік білім
беру мен эстетикалық
тәрбиені айтарлықтай толық, өнер
шығармалырының, туған табиғаттың
сұлулығы мен байлығын
түсініп, бағалай білу
қасиетін қалыптастыру.
Музыканы оқыту – екі жақты процесс.
Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгертуге
бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы
ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара
әрекеттілігі. Музыкалық білім беру педагогикасы – тарихи
құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген
қоғам қажеттіліктерінен пайда болған ғылым.
Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік,
дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар
құрайды.
Музыкалық білім беру педагогикасының
мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық
идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық
педагогикасы, оқытудың өмірмен байланыстылығы
және т.б.) ғылыми теорияларға сүйенеді. Музыкалық
білім беру педагогикасын теориялық және қолданбалы
ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір
жағынан, педагогикалық құбылыстарды баяндап
түсіндірсе, екінші жағынан, музыкалық білім берудің
міндеттерін шешуге бағытталған қалай оқыту және
тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Музыкалық білім беру
педагогикасы теориялық жағынан дами отырып, музыкалық білім
беру бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді.
Оған озық педагогикалық тәжірибенің, оқыту
мен тәрбиелеудің жаңа технологияларының колледж
практикасына ендірілуі мысал бола алады.
Музыкалық білім беру педагогикасына болжам жасау
функциясы қоғамның дамуының, мәдениет пен
экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы
ғылыми-мәдени жетістіктердің даму тенденцияларына талдау
жасау негізінде музыкалық білім берудің болашағын
жобалауға көрініс береді. Болжамның объектісі – ғылыми
теориялар қалыптасқан жағдайда оны болашақтағы
практикалық іс-әрекеттерде қолдану жолдарының
үлгісінің жасалуы [2].
Біздің колледжге 9 сыныптан кейін
музыкалық мектепті немесе музыкалық студияны бітірген
оқушылар түседі. Арнайы ұйымдастырылған оқу процесінде
білімгерлер музыкалық білім беру арқылы білім, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгере
отырып, музыкалық білімділік мазмұнын құрай келе, кәсіби салада (орындаушылық,
оқытушылық т.б.)
жұмыс жасай алады. Білімгерлер өз таңдаулары
бойынша бастауыш, орта, орта арнайы,
жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы
музыкалық білім, кәсіптік музыкалық білім меңгере
алады.
Осы мақсатта біздің колледж
оқытушылары көп еңбек етуде. Әр білімгерге кәсіпті түрде
музыкалық білім беру жолында
музыкалық білім беру педагогикасына мән беруде. Қайсыбір
ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасы
ғылыми-теориялық, практикалық және болжау функцияларын
атқарады. Мен өз сабағымда әр жеке білімгермен
жүмыс істеу барысында музыкалық білім шеберлігін түсіндере
отырып, болашақта кәсіби шебер маман болуларына ықпал
жасаудамын.
Музыкамен шұғылдану барысында еңбек
тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан,
тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте
сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән
салған кездегі дауыс аппараттарының іс-қимылы немесе
музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау
сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай
іс-әрекеттер өз кезегінде білімгерлердің
ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген
жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі
тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.
Ән салу, музыкалық шығармаларды
түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс
болғандықтан, білімгерлермен дене тәрбиесіне,
денсаулығына жағымды ықпал тигізеді. Осындай іс-әрекетпен
жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын
белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да
икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын
қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның
тонусын, яғни жүйке жүесімен бұлшық
еттерінің физиологиялық жағдайдағы
күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу
процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға
дағдыландыру сияқты талаптардың қойлуы
білімгерлердің дене қозғалысы мәдениетін
қалыптасуына көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін
дамытуға бағытталған жүйелі түрде
жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай
жаттығулар жасау барысында білімгерлер тек дыбыстардың биіктігі мен
ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе
бірізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату
қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының
қызметі белсендіріледі. Басқа да өнер түрлері
сияқты музыка – танымдық процестерді белсендіру құралы
[3].
Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап
үйрену, орындау барысында білімгерлердің өмір
тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өрісі кеңейеді,
ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу
әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын
(әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін (тембірі мен
гармонияның мәнерлігін қабылдау), сонымен қатар
шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын
(гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Білімгерлердің музыкалық іс-әрекеттерінде
дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына
көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой
қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы –
тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі.
Осы ретте білімгер қиялын шарықтатып, арман-мақсатының
өрісін биіктетуде шығармашылыққа жетелеуде
музыканың маңызы зор.
Әдебиет:
1.
Лихачев Б.Т.
Педагогика. – М., 1993. – Б. 47
2.
Абдуллин Э.Б. Николаева Е.В. Теория музыкального
образования: Учебник для студ. высш.
пед. учеб. Заведений. – М., 2004. – Б. 150
3.
Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық
тәрбие берудегі
халық дәстүрі,
Алматы, Білім, 1990 ж