Педагогика / Социальная педагогика

 

  Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мовкеваева З.А.

Психология магистрі, аға оқытушы   Қуанәлі М.А.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Кикілжің жағдайларды алдын-алудың  педагогикалық-психологиялық тәсілдері

  

   Кикілжің индивидттердің өзара қарым-қатынасы негізінде,өзара әрекет үрдісі барысында пайда болады және қаншалықты адам бар жерде, соншалықты туып отырады. Кикілжіңнің қозғаушы күштерін білмеу, оған тиімді әсер етуде қиындық келтіреді. Кикілжіңдерді талдау олардың пайда болу себептерінің дамудағы қозғаушы күштерін білуге мүмкіндік береді.

  А.Я.Анцупов, А.И.Шипиловтардың өз еңбектерінде, тұлға аралық кикілжіңдер себептерін төмендегідей жіктеп көрсетеді: қиын өмірлік жағдайларды қабылдау; қалыптаспаған өмірлік құндылықтары мен қағидалары;үнемі тұрақсыздық; жағдайды шынайы түсінбеу, икемді бола алмау; өз әрекеті мен  мінез-құлқын дұрыс басқара алмау; қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты өз мүмкіндіктерін бағалай алмау; өзін-өзі дұрыс бағалай алмау: не асыра бағалау, не төмен бағалау; мәселелердің көптігі, өз уақытында оларды шеше алмауы, шектен тыс үнемі стрессте болуға әкеледі [1].

  Стресс күйіндегі адам кикілжіңді  жағдайға жиі түседі. Стресс көп жағдайда тұлға ішілік кикілжіңің туындау  себебі мен  салдары болып табылады Сондықтанда ерекше шамадағы стрессті алдын-алу әлеуметтік және тұлға аралық кикілжіңдерді ескертуде маңызды шарт болып келеді.

  Кикілжіңдерді ескерту тар мағынада нақты кикілжіңдермен жұмыс істеуді білдіреді. Бұл кикілжіңге – қатысушы мүшелердің іс-әрекеті мен кикілжіңнің үшінші бір мүшелерінің объективті, субъективті себептерін шешудегі әрекетімен шарттанады. Кикілжің жағдайларды ескерту технологиясы дегеніміз «кикілжің алды жағдайларға әсер ете білу тәсілдері, шаралары, әдістері туралы білімнің жиынтығы және бұл әрекеттегі адамдардың, үшінші бір тұлғаның қарама-қайшылықты шешуге бағытталған әрекеттерінің кезектестігі» болып табылады [2].  

   Кикілжің кезіндегі басты міндет одан қашу емес, оны тани білу керек әрі жақсы нәтижеге жету үшін оны бақылай білу керек. «Терең кикілжіңдерге эмоциялар тән, сондықтан ең бірінші адам өз ақылы мен интуициясын қолдану үшін эмоцияларды баса білуі керек. Міне, осыдан біздер американ оқымыстысы Д.Г.Скотттың еңбектерінде ұсынған кикілжіңді шешудің үнемді-интуитивті әдісін айтуға болады. Әуел бастан, бұл әдіс кикілжіңдегі әрекет бейнесін таңдауға интуиция мен сананың жұмысының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл бағыт кикілжіңге түскен адамдардың өз жағдайын, мінезін, қызығу мен қажеттіліктерін бағалауға негізделген, әрі өз қызығулары мен мақсаттарын  бағалауға негізделеді. Сонымен қатар, автордың пікірінше, үнемді-интуитивті бағытты қолданудағы тәсілдің басты мәні - кез-келген кикілжің жағдайдағы келелі мәселені шешуді қажет етеді деп қарастырады. Сонда ғана көптеген стратегиялық шаралар ішінен ең қолайлысын таңдауға мүмкіндік береді.

Таңдалатын стратегия кикілжіңнің қандай сатыда екендігіне байланысты және нақты шешімге, қажеттілік, адамдар қалауына, эмоция сипатына да байланысты болады. Тиісті әдісті таңдағаннан кейін оны қолданудың ең жақсы тәсілі анықталады деп атап көрсетеді [3].

   Кикілжің жағдайларды алдын-алудың  психологиялық кейбір тәсілдері мен әдістерін тоқаталып кетуге болады. Соның ішінде 

    1.Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ). ӘПТ жеке адамның кикілжіңдегі мінез-құлқын түзетуде қолданылуы мүмкін.

    2. Жеке дара психологиялық кеңес беру – қарым-қатынасты түзету мақсатында қолданылады.

    3. Аутогенді жаттығу (АЖ). Берілген әдіс адамның бұлшық етті босаңсыту, өзін-өзі иландыру зейінін шоғырландыруын дамытуды, өз мінез-құлқын бақылай білуді үйретеді.

         Әрі кикілжіңді жоюда келесі әдістерді қолдануға болады (бұл әдістерді өзіндік жұмыста да, топтық жұмыста да қолдануға болады).

Ми шабуылы әдісі баламаларды іздеуде қолданылуы мүмкін. Кикілжің мүшелері бір команда болып, екі жақ та ми шабуылын қолдана отырып, кикілжіңнің мүмкін болатын себептерін және одан шығу нұсқаларын алға тартуларына болады.

Автоматты түрде жазу әдісін адам өзінің реакцияларын анықтауда қолданылады. Бұл әдісті әр адам жеке түрде «өзіндік сезім күнделігі» деп, ол немесе өзге сезімді бөлшек етіп қарастырса, онда болатын кикілжіңге ешқандай қосылмайсыз.

Ойша елестету әдісі адамның өзінен көмек сұрап, ішкі даусы арқылы жауап алуда маңызды. Ойша бақылау немесе еріктік ойлау техникасы әдісі жеткілікті ішкі мотивацияны дамытуда және жаңа шешімдерді жүзеге асыруда бақылауда қолданылады.

Сипатталған кикілжіңді ескерту әдістері мен стратегияларын жалпылап қоса келе, кикілжің алды жағдайларындағы мінез-құлық үлгісін дербес ойластыруға болады, тіпті қарым-қатынас процесін кикілжіңге айналдырмауға үйренуге болады және әрбір нақты жағдайда өз мақсатына жете білуге тырысу керек. Сонымен кикілжіңдерді ескертуде ол жағдайға өз қатынасы мен мінез-құлқыңды өзгерту арқылы және оппонент психикасына әсер ету арқылы қол жеткізуге болады.

Кикілжің алды жағдайларына өз мінез-құлқыңды өзгертудің негізгі педагогикалық-психологиялық тәсілдері мен әдістеріне мыналар жатады:

- қарым-қатынас кикілжің алды сипатқа айналғандығын анықтау шеберлігі; 

- оппонент позициясын терең әрі жан-жақты түсіне білуге ұмтылу;

- өзгеше ойлауға шыдамдылық таныту;

- жалпы мазасыздану мен агрессивтілікті төмендету;

- өз психикалық күйіңді бағалай білу;

- проблема кикілжіңді емес тұрғыда шешуге үнемі дайын болу;

- күле білу, қалжыңдау сезімінің болуы;

- айналадығылардан көпті күтпеу;

- қарым-қатынасқа түсетін адамыңыз туралы толық білу; [4].

 Сондықтан да, кикілжің себептері мен сипатына қарай, ескерту іс-әрекет түрліше болуы мүмкін. Кикілжіңді ескерту оны болжауды білдіреді. Негізделген болжаусыз кикілжің жағдайының пайда болуын да ескертуге болмайды және нақты кикілжіңдерді адам өзінің қатынасын және мінез-құлқын өзгерту арқылы және оппонент психикасы мен мінез-құлқына әсер ету арқылы ескертуге болады.

  Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология.-М, 1999, с 12-13.

2.      Данцов А.И., Полозова Т.А. Проблема объективных детеминант межличностного конфликта в группе. – М, 1982 с 23-32.

3.      Скотт Дж. Способы по разрешения конфликтов – СПб., 1994г.-с123-126

4.  Анцупов А.Я., Малышев А.А. Введение в конфликтологию. -М., 1995. –с. 23-32