Оралова Г. ф.ғ.м.
«С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Қазақстан,
Астана
АВТОР СӨЗҚОЛДАНЫСЫНДА КЕТКЕН ҚАТЕЛІКТЕР
Автор
түсініксіз сөзді қолдану қайшылығы.
«Не
заман өтті бөркемік,//Үгіткен ұлан
үмітті,//Зомбыдан сүйреп зор ерлік//Тілекті қанша тірілтті».
Бұл
шумақтағы «зомбыдан» деген сөз түсініксіз,
автордың нені айтып не тұспалдап отырғаны түсініксіз
болуы қабылдаушыны әрқилы болжам жасайды, бұл лексеманы
әркімнің өзінше түсінеді, салдарынан семантикалық
қайшылық туындайды.
Адам
аты-жөнін қате түсінуге байланысты пайда болған
қос мәнділік. Бұл қайшылық қазақ
тіліне тән. Бұл жағдайда да қос мәнділік
туындауына қабылдаушының өзге тілдің дыбыстық
комплексін дұрыс түсінбеуі, сол себепті оны өз тілінің
соған ұқсас сөзіне жақындатып, өзгеше айта
бастауы негіз болады. Қос мәнділіктің осы тобы әсіресе
қазақ тіліне тән: «– Жақсы болды ғой. Танысып
қояйық.//– Бәдірен.//– Ал мен – Айтбаймын.//– Айтпасаң
айтпай-ақ қой...//– Есімім Айтбай, – деді ыржақтап.//– Солай
демейсің бе? – деп Бәдірен озу тартты» (К.Т.).
Бұл
келтірілген мысалда автор комикалық мән тудыру үшін кейіпкер
атын сәтті пайдаланған.
Сәржан
Шәкіраттың «Өй пұшық!» деген
әңгімесінде Маңғыстаудағы бұрынғы
«Жыңғылды» ауылдық кеңес өкіметінің
тұсында «Куйбышев» деп аталуы сөз болады. Осы
оқиғаға байланысты орталықтан арнайы келген өкіл
жиналыстың сонына қарай://- Ал, сұрақтарың бар
ма?» деп сұрайды.//Автор бұдан әргі оқиғаның
өрбуін төмендегіше суреттейді.//«Жұрт қорқа
соғып, мұның қай жағынан шығып кетеміз деп,
сұрақ та қоймады.//Тек біраздан кейін бір кісі қол
көтереді.//Бұл сіңірі шыққан кедей, өте
момын Қали деген шаруа еді. Өзі аңқау, тек реті
келгенде ақкөңілділікпен бір-екі ауыз сөз айтуды
жақсы көреді. Байғұс сол аңқау,
ақкөңілділігі өзінің түбіне жететінін білмеді
ғой.//– Уа, мына біздің Жыңғылды ауыл... – деп бастап
еді ол, әлгі уәкіл сөзін бөліп жіберді.//– «Куйбышев»
деңіз! Бұл жердің аты енді
«Куйбышев».//Ә-ә-ә... – Қали қапелімде абдырап
қалды, – Иә, енді қайтеміз, Кейпұшық болса,
Кейпұшық болсын, – деп еді, көпшілік ду күлді» (Ара).
Өкінішке орай, кейіпкердің тіл білмеуі, өзге ұлт
адамнының фамилиясын бұрмалап айтуы оның түрмеге
түсіп, жоқ болып кетуімен аяқталады.
Жалпы,
өзге ұлт адамының аты-жөнін бұзып айту
қазақ халқының орыс тілін меңгермей
тұрған кезеңінде көп кездесетін тілдік қателік
болған. Ондай қателік өткен ғасырдың
алғашқы жартысында ел расында көп кездескен. Осы
қателік қазақ тіліндегі әдеби шығармада көп
кездеседі. Баймағанбет. Уай, Шодыр жөнін айтшы мыналарға
(Федор) (М.Ә.). Сол елде Мыңетек, Көпетек деген екі
атаның баласы кескілескен жау болыпты (Монтекки, Капулетти) (М.Ә.).
Барыстарды да шақырғанмын, бәріне жетеді (Борис) (С.Ж.). Мені
осы өңірдің бәрі Күргерей дейді (Григорий)
(С.Ж.). Ертеде бір италян деген елде Матсар, Салгері деген күйші бопты-ау
(Моцарт, Сальери) (М.Ә.).
Бұл
жерде бір атап өтетін жәйт –адамның өзге тілдегі
аты-жөні қазақша бұзып айтылған кезде
олардың тек қазақ тілінің фонологиялық
зандылығына сәйкес дыбысталуы ғана бұзылып айтылмайды,
сонымен бірге мұндай аты-жөн негізінен тілде бұрыннан бар
белгілі бір мағыналық дыбыстық кешенге ұқсас
құрылады. Мысалы, «Борис» есімі қазақ тілінде бар
«барыс» лексемасына, «Григорий» «күркіреу» сөзіне жақындастырылып
«Күргерей» делінеді. Яғни тілде сөйлеуші есімнің де
мүлде мағынасыз мәнсіз дыбыс кешені болғанын
қаламайды, аты-жөннен белгілі бір мағыналық мән
іздейді және есімді сондай мәнді сөзге жақындастырып
алады.
Жалпы,
қазақ тілінің төл есімдерінің бәрінен
дерлік белгілі бір мағына сезіліп тұрады (Болат, Алма, Шолпан,
Серік, Арман, ). Есімдерді мағыналау тілімізге тән құбылыс деуге
болады. Соған сәйкес орыс есімдері қазақы
мәнермен айтылған кезде көп жағдайда мағыналанады
және ол мағыналары сол есімнің орыс тіліндегі (не ол
есімдердің көбісі алынған грек тіліндегі) мағыналарына
сай келмейді. Есімдердің мұндай мағыналанулары, әдетте,
аты-жөнге қосымша мағына дарытып, қайшылық пайда
болады. Мысалы, Шодыр (Федор) есімінен дөрекілеу, ожарлау адам дегендей
мағына аңғарылса, Барыс (Борис) есімі «барыс» сөзімен
сәйкестеніп, қазақ тілінде осы сөзге байланысты
туындайтын лингвистикалық ассоциациалық түсінікті
санаға әкеледі т.б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
Ислам А., Ұлттық
мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы:
2004.
Кәукербаева Б.,
Сөз қолданыстағы семантикалық екіұштылық,
Алматы: 2006
Абитиярова А., Сөз саптау
үрдісіндегі қателер. Алматы:2010.
Жүсіпов А.Е.,
«Энантиосемия – сөздің ішкі қарама-қарсылығы»
(оқу құралы) «Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қайшы тілдік тұлға: семантикасы мен прагматикасы»
(оқу құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы
2010 ж.;
Жалмаханов Ш., Көп
мағыналы зат есімдердің семантикалық құрылымы.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным»
журналы. 2002. №1. -32-38б.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қарама-қайшылықтың лексикалық
және грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы.
Астана қаласы 2010 ж. (монография);
Кукушкина Е.И., Познание,
язык, культура. –М.: МГУ. 1984. -263с.
Копыленко М.М., Основы
этнолингвистики. Алматы 1998.
Кондаков
Н., Логический
словарь-справочник. 2-е изд.М., 1975: 314.
Болғанбаев Ә., Көп
мағыналы сөздер және олардың жасалу жолдары. Алматы:
«Мектеп», 1963
Жүсіпов А.Е.,
Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы
(лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет.