Бағалау
мағынасының
грамматикалық,
семантикалық қызметі
Ф.ғ.к. А.Жүсіпов, ф.ғ.м. Г.Оралова
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті» АҚ
Бағалау
мағынасын прагматикалық тұрғыдан қарастыру
нәтижесінде бағалауда «модальдік шек»,
коннотативтік,
прагматикалық түр, экспрессивтік сөздердің
семантикасында бағалау компонентінің болуы анықталады.
Прагматика – жалпы
тілдің коммуникативтік қызметімен
байланысты аспект. Бағалаудың функционалдық семантикасы және
оның коммуникативтік ерекшеліктері
(сөйлеу актілеріндегі бағалау) жайында Е.Вольф айтып кеткен.
Қазақ
тілінің ресми қарым-қатынас тіліне айналуы сөйлеу тілі
бірліктерінің табиғатын зерттеп жүйелеуді қажет етеді.
Қатысымға негізделген тілді үйрету әдістемесі Ф.Оразбаева
[1], Қ. Қадашевалардың [2]
докторлық диссертациясында жан-жақты қарастырылған.
Тіл біліміндегі
коммуникативтік бағыт сөйлеу әрекетінің лингвистикасы
деп те аталады. Адамға тән қарым-қатынастың бір
түрі ретінде сөйлеу әрекеті еңбек
әрекетімен тікелей не жанама түрде байланысып, тіл және
сөйлеу бірліктері арқылы жүзеге асады[3].
Қатысым
(коммуникация) адам қоғамы, адам арасында жүзеге
асатындықтан, сөйлесімнің тек хабарды жеткізіп,
сөйлеуші адаммен байланысты белгілерді жеткізбеуі немесе сөйлесім мазмұнында
сөйлеушінің эмоциясы, белгілі бір құбылысқа
қатысты жасалатын қорытындылары, көзқарасы
қамтылмауы, берілмеуі мүмкін емес. Адам тілдік таңбаларды
өзара түсінісу үшін ғана емес, тыңдаушының
қызығушылығын оятып, оны әрекетке итермелеу үшін
де қолданады[4].
Сөйлеу барысында
сөйлеуші құбылыс не зат туралы өз
көзқарасы, бағасын береді, яғни бағалау
сөйлеу актісі үстінде дүниеге келеді. Сөйлеу актілері
жеке адамдар
қарым-қатынас аясына жатады және
олардың белгілі бір адресаты болады [5,169-б.].
Жұмысымыздың нысаны болып отырған
бағалау мәніндегі сөз бен сөйлесімдер де
белгілі бір адресатқа бағытталып айтылады.
Сөзіміздің
басында баға сөйлеушінің жеке талғамы, пікірін
білдіреді, ой-өрісі, дүниетанымын көрсетеді, сондықтан
да баға адамның ойлауы, ақыл-ойы, психикасы, талғамымен
байланысты болады деген едік. Ғалым Б. Қасым атап
көрсеткендей, «...қазір қай тіл болмасын тілдің
ұлттық этноұғымына (концептуалдық) және
танымдық (когнитивтік) ерекшелігіне мән берілуде» [6,21-б.].
Бағалаудың
тілдік бірліктерінің табиғатын тануда когнитивтік
бағыттың қызметі ерекше. Когнитивтік лингвистика –
ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары
тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың
құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық,
затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады.
Когнитивизмнің басты зерттеу нысанасы – адамзаттық когниция. Демек
адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен
тәжірибесі арқылы анықталады[7].
Қазақ тілін
когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың
бірі ретінде Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының
когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын
атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы,
гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы,
тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер
қарастырылған [8].
Профессор Ж.
Манкееваның «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік
негіздері» атты мақаласында М. Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок,
Г.Колшанский, Ю.Апресян және тағы басқалардың
есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына
қысқаша шолу жасалады [9].
Өзіміз
байқағандай, қазақ және салыстырмалы тіл
білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен
проблемаларын зерттеу белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да
көп нәрсе мен құбылыстың артық-кемдігі
сарапқа салынуда, өйткені когнитивтік әдіс «тілдің
адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуы,
барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді
танып білу жөніндегі білім процестері, сондай-ақ соның
негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен
алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын
болашағын көре білуге жол ашады» ([9,42-б.].
Әр адамның
қоршаған орта, құбылыс, іс-әрекет,
мінез-құлық туралы түсініктері әртүрлі
болады. Бұл жайында Б. Қасым: «Қоршаған ортаны
түрлі адам бірдей қабылдап, таниды деп айту қиын. Әр
адам өзінше танып, өзінше қабылдайды және ол сол
адамның белгілі тәжірибесі, қабілеті, білімі, ерекшелігіне
байланысты», - деген еді [6,21-б.].
Әркім
іс-әрекет, мінез-құлық,
құбылыстарға өзінің ойлау өресі жеткенше,
өз түсінігі шеңберінде баға береді. Сөзіміз
дәлелді болу үшін мысалдар келтіре кетейік. мәселен, «құралайды
көзге атқан» деген тұрақты сөз тіркесі
адамның мергендігін, яғни бағытталып айтылған
адамға жағымды баға беріп, мақтау мәнінде
қолданылады. Сол сияқты «төрт түлігі
сай адам»
немесе «мал
біту»
деген сөз тіркестері байлық, бай, баю мағыналарын береді.
Бұдан қазақ халқы байлықты төрт түлік
малмен өлшегендігін көруімізге болады[10].
Қазіргі
лингвистикада когнитивтік бағытқа сай
нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: (1) ғаламды
тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы; (2) ғалам
туралы ақпарат алу, қайта өндеу және беру процесіндегі
тілдік білімдер; (3)
білімді концептілеу мен категориялау мен концептілеудің
құралы мен тәсілдерін суреттеу; (4). концептілік
аймақты ұйымдастыратын және оның
мүшеленуінің негізгі болып табылатын әмбебап концептілер
жүйесін суреттеу; (5) ғаламның
тілдік бейнесі мәселелері [8].
Сонымен, когнитивтік тіл
білімі тілдік құбылыс арқылы концептуалдық жүйені
де зерттейді. Концепт сөздерінің беретін ұғымын
түсіну арқылы жеке бір адамнан бастап, қоғамдық
топ, бүкіл бір ұлт, халықтың ой-өрісі,
дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. А. Исламның
айтуынша «әр ұлттың концептілер жүйесін
дүниетаным құндылығы құрайды.
Әр қоғамдық даму кезеңге сәйкес тіл
және мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді
танып-түсінуде өзгерістер болғанымен, негізгі
дүниетанымдық мәні өзгеріссіз
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады» [11,78-б.].
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы және
әдістемесі. - Алматы: РБК, 2000. - 2076.
2. Қадашева
Қ., Жаңаша
жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік
негіздері. Педагогика ғыл.док... авторефераты. -Алматы, 2001. -48б.
3. Жүсіпов А.Е., «Энантиосемия – сөздің ішкі
қарама-қарсылығы» (оқу құралы)
«Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.
4. Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ тіліндегі қайшы тілдік
тұлға: семантикасы мен прагматикасы» (оқу
құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы 2010 ж.;
5. Ерназарова 3., Сөйлеу тілі синтаксисінің
прагмалингвистикалық аспектісі. -Алматы, 2001. -192 б.
6. Қасым.Б.Қ.
Қазақ тіліндегі
заттың күрделі атауларының теориялық негіздері, Филол.
ғыл. док....авторефераты. - Алматы, 2002. -50 б.
7. Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ тіліндегі
қарама-қайшылықтың лексикалық және
грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана
қаласы 2010 ж. (монография);
8. Жаманбаева
Қ.Ә., Тіл
қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.
-Алматы: Ғылым, 1998. -140 б.
9. Манкеева
Ж., Қазақ тілін
зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. – Алматы, 2001. № 4.
-39-43-б.
10. Жүсіпов А.Е., Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы
(лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет.
11. Ислам
А., Ұлттық
мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті
салыстырмалы-салғастырмалы лингво-мәдени сараптама):
филол.ғыл.док.дисс. – Алматы, 2004. -228 б.