Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.
«С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Қазақстан,
Астана
ҚОСЫМШАЛЫҚ ПЕН ҚАЙШЫЛЫҚ
Тілдің
қасиеті ретіндегі қосымшалықты сөздің
мән-мағынасын түсіндіру үшін адам өзімен бірге
ұқсас затты тасып жүрмеуі үшін қолданылатын
үнемдеуіш құрал десек болады. Кез келген сөйлем/пікір –
материалдық зат, сондықтан оның мейлінше аз (кемдеу)
болғаны жақсы. Тура айтылмаған мағынадан хабар беретін
осы – қосымшалық. Ақпарды қабылдаушы айтылған
сөйлем/пікірдің негізгі нұсқасымен бірге қосымша
мүмкіндікке де жүгінеді.
Кез
келген сөйлем/пікірді қысқарған пікір деп
қабылдауға болады, ал жазылмаған ойды оқу
қайшылық туындатушы негізгі құрал. Логикада бұл
Аристотель атап өткен энтимемада
ашылады. А.Арно мен П.Николь «Логика» атты еңбегінде осы терминге
тоқталып өтеді де, мынадай анықтама береді. Кез келген
түйін кемі үш сөйлемнен тұрады: екі сөйлеммен ой
беріледі де, оның түйіні энтимема деп аталады. Логикада энтимема
силлогизм деп аталады, себебі ол түсірілген ойды қосады [1;180с.].
Осылайша, «энтимема – это силлогизм, полный в уме, но не полный в выражениии.
Редко когда в доказательстве выражают все предложения» [1;228с.]. Кейінгі
қосымшасы бар сөйлем/пікірдің аяқталмауының
тағы бір қыры: ой, ақыл - тілден жүйрік, сондықтан
екі не одан да көп сөйлемді түйсініп түйін шығару
үшін бір сөйлем жеткілікті.
Тілдік
бірліктің қосымшалыққа «ашық болуы» тіл білімінде
метонимия, метафора, ирония, парадокс, эвфемизм, қайталақтау,
жөнсіз сөйлем, энтимемалық сөйлем, табу, энантиосемия, амбисемия
және т.с. сияқты құбылыстың тамаша
қолданысына жол ашады. Қосымшалықтың узустық
және тосын түрі аллофрония түсінігімен байланысты.
Осы
орайда айта кету керек, көп жағдайда жіберуші ақпармен бірге
өзіндік қосымша ретінде мәлімет жібереді. Жіберген
мәліметтің дұрыс қабылдауына назар аударады, бұл
көбінесе ирониялық сипаттағы ақпарға тән.
Айтылмаған қосымшалықты дұрыс түсінген
қабылдаушы болуы мүмкін қайшылықты жояды. Алайда
ирониялық сөйлем ішінде бұл қосымшалық өзі
арқылы қайшылықты өткізеді, себебі ол қосымшасыз
бұл сөйлем/пікір қандай да бір дәрежеде
аяқталған болып қабылданады.
Тілдегі
қайшылықты зерттеу үшін қосымшалық түсінігі
ерекше орын алады, себебі қосымшалық тілдік қайшылықтан
шығудың жолын сілтейді. Қайшы сөйлем/пікірмен
жолыққан кезде адам мейлінше ерекше ӨЗГЕ жол іздейді, ол
кезде көмекке келетін сол қосымшалық болмақ.
Сөйлем қосұдайылығы.
Сөйлем
аяқталмауы сөйлем қосұдайылығында көрініс
табады, ол жауап-қосымшада өз шегіне жетеді. Сөйлем
қосұдайылығын көптеген тілші түрлі аспектіде сипаттайды:
«Сөз өзінің мәніне, тіл – толықтығына
тыңдаушы мен жауап беруші болған кезде ғана ие болады»
[2;400с.]. «Тілдік қызмет дегеніміз бұл диалог, басқамен
тілдесу. Сөйлеу – әркез хабарлау... Тілдің мәні тек
диалогта көрінеді»[3;С.185-186]. «Монолог қандай да бір
дәрежеде жасанды тілдік форма... тіл өзінің шынайы болмысына
тек диалогта қол жеткізеді»[5;3-4с.]. «Тілдің екі қызметі
бар. Ол - өзгемен және өзімен сөйлесу»[6;363с.].
Кез
келген сөйлем қосұдайы. Адам өзімен өзі
сөйлескенде, не тіпті «ішінен» әңгіме
құрғанда да ішкі монологы арқылы: сөйлеуші мен
тыңдаушыға бөлініп отыруы тиіс. Тілге жүгінбей-ақ
ойланған кездің өзінде адам сөзсіз монолог
құрайды; шындығында монолог бұл жерде мүмкін
емес. Жалпы қолданыстағы «монолог» термині сөйлеп
тұрған кезде, әрі көзге көрінер
сұхбаттасушысы болмаған кезде жұмсалады, ал мына ішкі монолог
әркез ішкі диалогпен ұштасып жатады, «тілдесім кезіндегі шынайы
тілдік бірлік емес, кемі екі пікірдің өзара әрекеті,
яғни диалог» болмақ [6;332с.].
Диалог
қатынастың сұраққа жауап жүйесі болуын
талап етеді. Мәтін талдаудағы сұрақтың
маңыздылығы туралы Р.Коллингвуд айтып өткен болатын: «мы
можем действительно понять текст лишь в том случае, если мы поняли вопрос,
ответом на который он является» [7;435с.]. Сұрақты түсіну
дегенің оны дұрыс қоя білу деген сөз.
Көзқарасты түсіну деп берілген сұрақтың
жауабы ретінде қабылдауды атаймыз. «Мағына
деп мен сұрақтың жауабын айтамын. Қандай да
сұраққа жауап бере алмайтын болса ол мағынадан
жұрдай деген сөз» дейді, өз еңбегінде М.Бахтин
[8;369с.].
Қарқынды
диалогтың (эксплицит) маңызды сұрағына
қарағанда, нақты диалогта нақты сөйлемге
қойылатын имплицит (жасырын), түсініксіз сұрақ
кездеседі. Нақты сұрақтың жауабы да жалпы болмақ.
Сондықтан осындай сұрақтың жауабы не «иә», не
«жоқ».
Алайда
қарсы шығу не қолдау кезіндегі сұраққа
оң жауап беретін сөйлем/пікір де кездеседі. Бұл шынайы болуы
ықтимал қайшы сөйлем. Бұндай сөйлемді диалетикалық деп атайды.
Тұрақты
жауапқа әдетте бір ғана сұрақ қойылады: (Киім таза ма?) Бұл киім таза.
Диалетикалық сөйлем –
екі сұраққа берілетін жауап: мәселен, Бұл таза киім кір ме? деген
сөйлем екі сұраққа жауап береді: Киім таза ма? Киім кір ме? Екі сұраққа да
мақұлданған жауап алынады: Киім таза. Киім кір. Нәтижесінде: Бұл киім таза әрі кір деген сөйлем
туындамақ.
Осы
сөйлем шындығын төмендегі контекст арқылы
анықтауымызға болады: (1) Бұл таза киімнің
алынған жері «кір», яғни «кір» сөзі ауыспалы мағынада
(не ұрланған, не «лас» ақшаға алынған)
жұмсалған. (2) Химиялық тазалау жерінде бұл таза киім
санатында болған, алайда тексеру кезінде анықталған дақ
салдарынан кір киім қатарына қосылды.
Диалетикалық
сөйлем ерекшелігі - жалпы сұраққа қосымша себепті
анықтау үшін қойылатын «неге?» деген арнайы сауалдың
болуы. Нәтижесінде қайшылық мәнін ашуға болады.
Диалетикалық
сөйлем тағы бір ерекшелігі: нақты диалог кезінде нақты
сұрақ қарапайым сөйлем алдында келеді,
диалетикалық сөйлемде нақты сұрақ жасырын
тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
Арно А., Николь П.
Логика, или Искусство мыслить. М.: Наука, 1991. - 415с.
Гумбольт В.фон., О
двойственном числе//Язык и философия культуры. М.: Прогресс, 1985. -452с.
Косериу Э., Синхрония, диахрония
и история.//Новое в лингвистике. Вып.ІІІ. –М.: Издательство ин. лит., 1963. –С.
143-346.
Щерба Л., Избранные труды по
языкознанию и фонетике. –Т.1. Л.: ЛГУ, 1958. -182с.
Уайтхед
А., Избранные труды по философии. –М: Прогресс, 1990. -718с.
Волошинов В., Философия и
социология гуманитарных наук. –СПб.: Аста-прессltd, 1995. -388с.
Гадамер Х., Истина и метод:
Основы филос. герменевтики. –М.: Прогресс, 1988. -704с.
Бахтин М., Эстетика словесного
творчества. – 2-е изд. –М: Искусство, 1986. -445с.
Ислам А., Ұлттық
мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы:
2004.
Кәукербаева Б.,
Сөз қолданыстағы семантикалық екіұштылық, Алматы:
2006
Абитиярова А., Сөз саптау
үрдісіндегі қателер. Алматы:2010.
Жүсіпов А.Е.,
«Энантиосемия – сөздің ішкі қарама-қарсылығы»
(оқу құралы) «Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қайшы тілдік тұлға: семантикасы мен прагматикасы»
(оқу құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы
2010 ж.;
Жалмаханов Ш., Көп
мағыналы зат есімдердің семантикалық құрылымы.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным»
журналы. 2002. №1. -32-38б.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қарама-қайшылықтың лексикалық
және грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы.
Астана қаласы 2010 ж. (монография);
Болғанбаев Ә., Көп
мағыналы сөздер және олардың жасалу жолдары. Алматы:
«Мектеп», 1963
Жүсіпов А.Е.,
Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы
(лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет.