Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.
«С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Қазақстан,
Астана
ҚАЙШЫЛЫҚ: ҒЫЛЫМИ БАЯН
Қазіргі
заманғы кей философ қайшылықты мойындайды, бірақ оларды
мәңгілік, шешілмейтін қайшылық деп санайды. Екінші
біреулер, керісінше, ол қайшылықты бүркемелеуге, жуып-шаюға тырысады.
Барлық
зат пен процеске ішкі қайшылық тән, ол қайшылық
табиғат пен қоғамның өзіндік дамуының
қозғаушы күшін құрады деп тұжырымдай
отырып, материалистік диалектика бұл процестің қалай
жүзеге асатынын да түсіндіріп
береді.
Қайшылық
өзгермейтін, қозғалмайтын бірдеңе емес. Пайда
болғаннан кейін нақты қайшылықтың
қай-қайсысы болмасын дамиды,
белгілі бір саты, баспалдақтан өтеді.
Құбылыстың қай-қайсысы болмасын, қайшылығының
беті ашылғанша, толық мөлшерде өріс алғанша
жойылмайды, басқа құбылысқа орын бермейді,
өйткені тек осындай даму процесінде ғана жаңа сапалық
күйге өту алғышарты жасалады. Бұл процесте негізгі екі
кезең болады: (1) нәрсеге тән қайшылықтың даму,
өріс алу кезеңі; (2) қайшылықтың шешілу
кезеңі.
Дамуының
бастапқы кезінде қайшылық айырмашылық
сипатында болады. Содан кейін
айырмашылық тереңдей түседі де,
қарсылыққа айналады, бұл қарсылық енді
анық қайшылық болады, қайшылық қарсы
жағының ескі бірлігі
барған сайын азаяды. Дамудың осы кезеңінде қарсылық
«қайшылық шешілуіне түрткі болатын қуатты форма»
болады. Қайшылық дамуы мен өсуін қоғамда қолдану классикалық мысалы
К.Маркстің «Капиталында» келтірілген. Маркс капиталист мол пайда табуға
тырысып, қоғамдық өндірісті кеңейтіп дамытуға мәжбүр
болатынын айтады. Өндіріс неғұрлым
қоғамдық болған сайын, қоғамдық сипап
пен капиталистік жеке меншік формасы арасындағы қайшылық
барған сайын шиеленісе түседі.
Екінші
кезең - қайшылықтың шешілу кезеңі. Бұл
кезең - қарсылықтың
даму және күресі процесінің заңды түрде аяқталуы. Бұған
дейінгі бүкіл процесс қарсылық бірлігі, байланысы
шеңберінде өтсе, енді қайшылық шешілу кезеңі бірліктің біткенін, жойылғанын
аңғартады, яғни бұл нәрсенің
түбегейлі сапалық өзгерісімен сәйкес келеді.
Қайшылықтың
сипаты, өту және даму формасы,
шешілу тәсілі органикалық
және органикалық
емес табиғат, табиғат пен
қоғам, түрліше қоғамдық
формацияда бірдей бола алмайды. Диалектика қайшылықтың
болуы мүмкін бар түрінің қандай да бір «тізімін» жасап
беруге ұмтылмайды. Оның міндеті - көбінесе
құбылыс қарастырудың «стратегиясын»
көрсетіп беру. Нақты заттың нақты қайшылығы
қандай, олар қалай шешіледі - бұл мәселені ғалым білімнің тиісті саласында
анықтауы тиіс. Ал диалектиканың ең жалпы заңы
мен ұғымы шындық дүниенің
түрлі саласында түрліше айрықша формада көрінеді.
Мәселен, табиғат қайшылығынан қоғам
қайшылығы өзгеше. Қоғам қайшылығы
әлеуметтік формада көрінеді де, антагонистік және антагонистік емес болып екіге
бөлінеді.
Қайшылықтың
антагонистік түрі - мақсаты мен мүддесі түбірінен
қарсы, бір-біріне жау қоғамдық күш, тап
арасындағы қайшылық. Қарсы тап - құл мен
құл иеленуші, пролетариат пен буржуазияның қатынасы
антагонизмнің типтік көрінісі бола алады. Бір-біріне жау
таптарға бөлінген қоғамның өңдіріс
тәсілі, саяси қондырмасы
және басқа дамуындағы қайшылық та сондай сипатта болады.
Қайшылықтың
антагонистік емес түрі - тұрмыс жағдайы,
түбегейлі мақсаты мен мүдде бірлігін айқындап
беретін тап, әлеуметтік күш арасындағы қайшылық.
Еңбекші тап - жұмысшы табы мен шаруа арасындағы
қайшылық - дәл осындай қайшылық.
Антагонистік және антагонистік емес қайшылық айырмашылығы болғанымен, арасында түпсіз
тұңғиық жоқ. Саясат дұрыс
болмаған кезде антагонистік емес қайшылық шиеленісіп, терендей түсуі, ал белгілі бір
жағдай туғанда антагонистік қайшылық сипатына ие
болуы да мүмкін. Табиғатында дамудың мұндай тенденция
жоқ, бірақ ол практикалық қате әрекет, саяси
теріс бағыттан шығуы
мүмкін.
Қайшылықтағы айырмашылық әртүрлі әлеуметтік табиғатта ғана емес.
Әрбір жеке зат, әсіресе қоғам өмірі сияқты
құрылыс - өзара белгілі бір құрылымдық
байланыста болатын қайшылықтың тұтас жүйесі. Негізгі/негізгі емес, басты/басты
емес, ішкі/сыртқы қайшылық және басқасы дәл осындай.
Объектіні сипаттайтын және пайда болғанынан бастап
аяқталғанға дейін анықтап беретін қайшылықты
негізгі қайшылық
деп түсіну керек; олар барлық басқа
қайшылықтың, яғни негізгі емес қайшылықтың
тууына жағдай жасайды.
Ішкі және сыртқы қайшылықтың
арасындағы айырмашылық қандай? Философияда қайшылықты
зат, күштің сыртқы қатынасы,
қақтығысуы ғана деп түсіндіретін теория бар. Бұл
- механикалық теория, «тепе-тендік теориясы», олар затты ішкі
қайшылығы жоқ, тыныштық күйінде болатын зат деп
қарайды, демек, олар қозғалысты қозғалыс, даму
деп қарайтын диалектикалық түсінікті жоққа
шығарады. Салыстырмалы түрде дербес жүйе болғандықтан,
кез келген объектінің өз ішкі қайшылығы болады,
дамуының негізгі қайнар көзі де осы ішкі қайшылық
болмақ. Бірнеше объектінің
айырмашылығы сыртқы қайшылық түрінде
көрінеді. Ішкі қайшылықпен тығыз байланысты, әрекеттес болмақ. Нысанды басқа
да нысан ететін неғұрлым кеңірек жүйе элементі
деп қарастырсақ, онда мұндай объекті арасындағы
қайшылық ішкі, яғни кеңірек жүйе
қайшылығы болады. Мәселен,
дамушы ел жүйесі мен капиталистік жүйе арасындағы
қатынас, даму тұрғысынан алғанда, сыртқы
қайшылыққа жатады. Бірақ бұл қарсы
жүйе әлдеқайда кең, барлығын қамтитын
бүтіннің қазіргі заманғы қоғамның
бөлігі, олар қазіргі дүниежүзілік даму ішкі
қайшылық жағы болмақ.
Тіл
мәдениетпен тығыз байланысты, сонымен қатар тіл -
мәдениеттің көрініс табар бірден-бір қайнар көзі.
Ерекшелікті зерделеу, құбылысы, ұлттық ерекшелік
қайнар көзінің жалпы адамзаттық құндылық
пен әлемдік мәдениет қазынасын құруындағы
ұлттық мәдениеттің айрықша белгілері
көрініс тапқан реалды формаларды зерттеуге қол жеткізеді
[1;174с.].
Тіл
- мәдениеттің ажырамас құрамдас бір бөлігі, ол
лингвомәдениет-тануда рухани болмыс ретінде танылады. Тілде
ұлттың дүниетаным, әдет-ғұрып,
дәстүр жиынтығы, ұлттық мәдениет ерекшелігі
– рухани өмірі көрініс тапқан.
Қазіргі
тіл білімінде В.фон Гумбольдт, А.Потебня, Э. Сепир, К. Леви-Стросс,
Е.Кукушкина, Е. Верещагин, В.Костомаров және т.б. ғалымдардың
еңбегінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы
ғылыми түрде қарастырылған. Алайда бұдан тіл мен
мәдениет арақатынасы мәселесінің өткен
ғасырда ғалымдарды ойландырмаған деген тұжырым
жасауға болмайды. Осы тұста М.Копыленконың
ХI-ғасырдың өзінде ұлттың тұрмыс-салт
шаруашылық түрі, жағрапиялық ерекшелігінің тілге
өзінше әсерін айтқан түркітанушы Махмұд
Қашғаридың тұжырымын келтірсек: «Ярая
этнолингвистическая направленность труда Махмуда Кашгари повторяется более ни в
одном лингвистическом сочинении Востока-Запада» [3;5с.]. М. Қашғари
түркі тілінің сөз төркінін зерттеген, оның
этимологиясын алдымен сол халық мәдениеті ықпал ететінін
тұрмыс тіршілігімен байланыстырады [4].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
Кукушкина Е.И., Познание,
язык, культура. –М.: МГУ. 1984. -263с.
Копыленко М.М., Основы
этнолингвистики. Алматы 1998.
Кондаков
Н., Логический
словарь-справочник. 2-е изд.М., 1975: 314.
Ислам А., Ұлттық
мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы:
2004.
Кәукербаева Б.,
Сөз қолданыстағы семантикалық екіұштылық,
Алматы: 2006
Абитиярова А., Сөз саптау
үрдісіндегі қателер. Алматы:2010.
Жүсіпов А.Е.,
«Энантиосемия – сөздің ішкі қарама-қарсылығы»
(оқу құралы) «Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қайшы тілдік тұлға: семантикасы мен прагматикасы»
(оқу құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы
2010 ж.;
Жалмаханов Ш., Көп
мағыналы зат есімдердің семантикалық құрылымы.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным»
журналы. 2002. №1. -32-38б.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қарама-қайшылықтың лексикалық
және грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы.
Астана қаласы 2010 ж. (монография);
Болғанбаев Ә., Көп
мағыналы сөздер және олардың жасалу жолдары. Алматы:
«Мектеп», 1963
Жүсіпов А.Е.,
Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы
(лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет.