Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.
«С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Қазақстан,
Астана
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚ:
ҒЫЛЫМИ БАЯН
Әдебиеттанушы
М. Базарбаев тілде көрініс тапқан қоршаған
ортаның ұлттық дүниетанымға әсері туралы
былай деп жазады: «...Дала қандай кең болса, оның желі мен
бораны қандай дүлей болса, соған лайық адамдардың
өмір тіршілігінде де, өзара қатынасында да дала
табиғатына лайық мінез, әдеттер орнаған.
...қазақтар «әу жер» дейді, яғни «әу» деп
айқайлағанда естілетін жер, онша алыс емес дегені, «шақырым
жер» дегенде айқайлап шақырған дауыс естілетін жер екенін
ұғамыз. Айналып келгенде, қашықтық
өлшемінің көшпелі өмір қажетінен
туғандығы анық» [1;Б.137-138] (Бұл жайт түркі
халқына ортақ қашықтық өлшем бірліктері:
чакырым: шув.: сухрам).
Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің
өзара байланысын алғаш рет ғылыми теориялық
деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді. Оның материалды және
рухани мәдениеттің ұлттық сипатының тілде
көрініс табатыны, тілдік белгіге ішкі форманың тән екендігі
және тілдің адам мен қоршаған орта арасын
байланыстыратын дәнекерші қызметі туралы басты ғылыми негіздеме мен ұстанымды А. Потебня, Ш.Балли, Ж. Вандриес, Р.Якобсон
еңбегінде өз жалғасын тапты. Бұл сайып келгенде,
мәдениеттің ұлттық сипатының тілдегі
көрінісін, қоршаған дүниені ерекше танып білу,
ұлттық рухтың көрініс табуына, яғни тіл
адамның рухының табиғатын анықтайды:
«...халықтың рухы мен мінез-құлқын танып білуге
болатын барлык форманың көрініс берер жолының ішінде —
халықтың рухы мен мінез-құлқының
ерекшелігін бейнелей алатын да, оның құпияларына жол ашатын
да тіл ғана» [2;69с.]. В.Гумбольдт: «Болмыс шындықтың
рухани қабылдануы ана тілдің ықпалымен, оның
концептуалды жүйесі арқылы жүзеге асады. Демек,
әртүрлі тілдік қауымдастық, концепті
жүйесінің түрлі кұралын колдана отырып шын
мәнінде ұлттық мәдениеттің негізі саналатын
әртүрлі дүние суретін кұрайды» деген тұжырым
айтады [3;39с.].
Неогумбольдтандық
мектеп өкілдері Э. Сепир мен Б.Уорф тілдің ойлауға
ықпалын негізге алған «лингвистикалық
ықтималдылық болжамын» ұсынды. Бұл болжамның
негізгі мәні кезкелген халықтың қоршаған ортаны
танып білуі оның ана тілі, оның тілдік құрылымымен
тікелей байланысты дегенді білдіреді. [4]. Қазіргі кезде тіл
құрылымының ойлау қабілетіне деген өз әсері
жөнінде де түрлі пікір бар: түркі, яғни агглютинативтік
құрылымды тіл өкілінде шыңдық болмыс
динамикалық детерминантты функционалдық жүйеде көрініс
табады (Н.Ефремов) деп айқындайды. А.Мельникова орыс тілінің
сөйлем құрылымы мен грамматикалық көптік
категориясы негізінде қоршаған шындық болмысты
танып-түсінудегі орыстарға ғана тән ұлттық
дүние суреті арасында сәйкестік табады [5]. Бұл пікірдің
қаншалықты дұрыс не бұрыстығын әлі
анықтау қажет.
Қазақ ұлттық мәдениеті басқа түркі халқы
мәдениетімен ұштасып, бірігіп жатыр, ортақ этникалық генезис факторы
ареалды, аймақтық түркі мәдениетін құрайды. Әрине, қазақ
ұлты өз алдына ұлт болып қалыптасқанда мәдеииет белгілі бір
өзгеріске ұшырап, өзіне ғана тән айрықша сипаттағы
ұлттық мәдениет түзегенін де ескеру қажет.
Тілді
мәдениет призмасы арқылы қарастырғанда,
әдет-ғұрып, салт-дәстүр түрін де міндетті
түрде қарастырамыз, сондықтан оларды ажырату қажет: дәстүр дегеніміз
«...мінез-құлықтың адамның практикалық
маңызы бар іс-әрекетімен байланысты таптауырындалған формасы.
Ал ритуал —
мінез-құлықтың практикалық маңызы
жоқ, таза белгілік сипаттағы ғана формасын қамтиды...»
[6;97с.]. Ал, тіл — тарихи тұрғыдан пайда болған
практикалық білім жүйесі. Оның құрамдас
бөлігі болар сөз, сөз тіркесі, мәтіндерде белгілі бір
мәдени сананың семантикалық потенциалы және
адамның қоршаған орта туралы таным түсінігі мен білім
жиынтығының өзіндік ерекшелігі беркіген. Тіл мен
мәдениеттің байланысын дәлелдейтін тағы бір жайт —
дүниетаным, дәстүр және әдет-ғұрып
тілдік белгілерде көрініс тауып, тілдік дүние суретін
құрайды. Дүниенің тілдік суреті «...белгілі бір
ұлттық қауымдастықтың теңдесі жоқ
ғажайып тарихи қоғамдық тәжірибесі, зат пен
құбылыс, үдеріс, белгілі бір халықтың өмір
салты мен мәдениет ерекшелігімен байланысты, оларға деген
айрықша қатынастың ұлттық
маңыздылығынан туындайтын ұлттық тілдік ерекшелігі
көрініс тапқан дүниенің айрықша бейнесін
кұрайды» [7; 66с.].
Дүние тануымыз үшін қарсылықтың бірлігі мен
күресі заңының маңызы зор. Қозғалыс,
өзгеріс, бір күйден екінші күйге өту мәселесі - философия
мен ғылым тарихы барысында
адамзаттың озық ойшылын толғандырған,
толғандыратын маңызды
мәселе.
Өзгеруші
заттың тек қатып-семіп қалған бейне, суретін беруге
ғана қабілетті деп түсіндіретін теория ертеден бар,
қазір де бар; бұл танымның шегі мен өріссіздігі деп
қаралады. Сыртқы объекті мен
таным арасында мәңгі антагонизм
болуы сөзсіз және тек белгісіз бір түсініксіз сезім ғана
қозғалысты білдіре алады деген қорытынды
жасалады. Ақиқат ой қайшылығының бір
жағын ғана көріп қоймайды және оны
қатаң, қатып-семген ұғыммен бейнелемейді,
керісінше, қайшылық бар жағын қамтып, жан-жақты байланысы, бір-біріне өтуін қарастырады.
Бұл өздері бейнелейтін нысан сияқты ұғым да соншалықты
диалектикалық, яғни соншалықты қозғалмалы,
икемді, үйлесімді, бір-бірімен байланысты және бір-біріне өтіп отыратын болуға тиіс
деген сөз.
Тіл
біліміндегі қайшылық глоссемада көрініс табады.
Жұмысымызда біз морфемадан бастап кез келген ауқымды мәтінге
дейінгі деңгейдегі тілдік бірлікті глоссема деп атап отырмыз. Глоссема
ықшам – яғни жоғары деңгейлі глоссема, мәселен,
атаулы сөйлем, тақырыпты және т.с.с. сипаттауы мүмкін.
Сөйлем/пікір/ - тілдік глоссеманың тілдесім үйлесі,
сөзден бастап ірі көлемді мәтінге дейінгі тілдік бірлік те
бола алады.
Сөйлемнің
аяқталуы және аяқталмауы.
Сөйлемнің
аяқталуы: (а) сөйлем құрылымына (грамматикалық
аяқталуына); (ә) сөйлем мағынасына (семантикалық
аяқталуына); (б) сөйлем контексіне байланысты.
Алғашқы
жағдай нысан мен субъектіні толықтай сипаттауға жеткілікті
тілдік бірліктің шоғырлануына байланысты.
Келесі
жағдай нысан мен субъектіні толықтай сипаттауға жеткілікті
тілдік бірліктің семантикалық толығуына байланысты.
Үшінші
жағдай тілдік жағдаятты контекстік және тілден сыртқары
түсінікпен толықтыру кезінде сипатталады. Бұл өте
маңызды жағдай, себебі тілдің кез келген мәтіндік
қызметі тек тілдік қана емес, тілден тысқары білімге
жүгінеді. «Когнитив категория әлемнің тілдік бейнесіне
оның ментал бейнесін де енгізеді» [8;17с.]. Сәлімгерей Алматыдан үйіне бейсенбі келмекші. Бұл
сөйлем грамматикалық және семантикалық
тұрғыдан аяқталған, барлық актанттық
және мағыналық байланыс толықтай толтырылған, ал
прагматикалық мағынасы жеткіліксіз.
Сөйлемді
аяқталмаған деп:
(1)
Аяқталмаған грамматикалық бірлігі болғанда:
Грамматикалық бірлігі аяқталмайтын жағдай: (а)
морфемалық деңгейде, мәселен, ау...(ыр-а-ды); (ә) лексикалық деңгейде,
мәселен, «лекс...»; (б)
синтаксистік деңгейде, мәселен «...
кетші», «кетші-ей...».
(2)
Аяқталмаған семантикалық бірлігі болғанда:
Семантикалық бірлігі аяқталмайтын жағдай: (а) мақсатты
узустық, мәселен, «жылы-жылы
сөйлесең... (... жылан да інінен шығар)»; (ә)
мақсатты тосын (бірсоғар), мәселен, «...(сүйгім, иіскегім) келеді», «(сені, оны)... сүйемін»;(б)
сыртқы не ішкі (толқу және т.т.) жағдай әсерінен
үзілген мақсатсыз, мәселен, «көмек...(тес), өтін...(емін)».
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
Базарбаев М., Тіл
тамырлары//Замана тудырған әдебиет (таңдамалы зерттеулері).
Алматы. «Ғылым» 1997. Б.133-188
Гумбольт В., Избранные турды по языкознанию. –М.: «Прогресс»
1984. 397с.
Добровольский Д.,
Национально-культурная специфика во фразеологии //ВЯ. 1997.
Уорф Б., Отношение норм поведения и
мышления к языку//Новое в зарубежной лингвистике. М.: 1960. Вып.1 (18).
Мельникова А. Язык и национальный характер. –СПб.,2003. -320с.
Арутюнов С., Обычай, ритуал,
традиция//СЭ, 1981. Т2. С.97-99
Маслова В., Лингвокультурология
М.: 2001. -203с.
Васильев Л., Общие проблемы
лингвистики. Внешние связи языка/ Издание Башкирского университета. –Уфа,1998.
-146с. №6. С.37-48.