Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Қазақстан, Астана

 

КОММУНИКАЦИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚАЙШЫЛЫҚ

 

Адамның тілі ғана шектеулі, бірақ сан жетпес тілдік бірліктен тұрады, оған шексіз және белгісіз тілден тыс нысан сәйкес келеді. Бұл тілдік белгінің асимметриялы екендігін дәлелдейді, себебі шындыққа мейлінше толық түрде сөйлем арқылы көз жеткізуге мүмкіндік бола бермейді.

Осыдан барып, төмендегідей тезистерді ұсынамыз:

(1)            Коммуникатив қызмет етуші кез келген сөйлем/пікірді аяқталмаған және толық емес деп қарастыру қажет.

Бір сөйлем/пікір көлеміндегі деңгейлік (тілдік деңгей) айырмашылық сөйлем/пікірдің аяқталмауы және толық еместігінде болмақ. Мәселен: хайуан-адам; адам – хайуан; қандай да бір жағдайда адам – нағыз хайуан... және т.с.с..

Кез келген сөйлем/пікірдің ауқымы бір морфемадан шектеусіз (айқын және жасырын) тілдік бірлікке дейін жетуі ықтимал. Тілдік бірлік тізбегіндегі кез келген сөз соңынан оңына қарай, керісінше оңынан солына қарай түсіріліп қалуы мүмкін, мәселен: «Мен...», «...сүйемін». Түсірілген бірлік туралы ақпарды адресант (имплицит) жасырын сөз, яғни нақты тілдік бірліктен алады.

Сөйлем/пікірдің бастапқы семантикасын толықтырушы семантикалық не прагматикалық «аяқтағышты» экстралингвистикалық (тілден тыс) қосымша десек болады.

Айқын (эксплицит) сөйлем/пікір және жасырын (имплицит) қосымшаның жиынтығынан аяқталған толық коммуникатив сөйлем туындайды. Ендеше лингвистикалық аяқталған сөйлем деп қос семантикалық кешен, яғни сөйлем/пікір + қосымша = бинарлық семантикалық кешенді атаймыз. Бұл кез келген сөйлемнің қосұшты екендігін дәлелдейді.

(2)             Ақпарды қабылдаушының қосымшасы үнемі ақпарды жіберуші қосымшасымен сәйкес келмейді.

(3)            Жіберушінің кез келген айқын, анық, екіұшты емес ақпараты қабылдаушы мен контекстің санына қарай қосымша мәнге ие болады. Ақпарат және ондағы контекстіні қабылдаушы саны белгілі/белгісіз себепке орай шектеусіз болуына орай әр ақпардың қосымшасы да шексіз болады. Ақпарды қабылдаушы қосымшаны өзі таңдайды, адресат бастапқы ойынан мүлдем хабарсыз болуы да мүмкін. Ол кезде аялық білім, пресуппозиция көмегі болады.

(4) Сөйлем/пікір аяқталуы үшін ол аяқталмаған болуы тиіс.

Тіл білімінде сөйлем семантикалық не прагматикалық қосымшасы болмаған жағдайда, ол шектеулі, бірақ көлемі жағынан ауқымды тілдік бірлік номенклатурасынан тұрар еді. Адамның миы шексіз тілдік бірлік номенклатурасы жүгін көтере алмас еді. Тілдік бірлік қатаң жинағынан тұратын шектеулі тіл коммуникативтік қызметті толықтай атқара алмас еді. Жүйенің икемсіздігі сан алуан элементі бар қоршаған ортаның түр-түрін қамтуға мүмкіндік бермес еді.

Ендеше, сөйлем/пікірдің аяқталмауы – тілдік жүзеге асуына қажетті шарт.

(а) аяқталмаған (имплицит және эксплицит) тілдік сөйлем/пікір кезінде толық қатынастың болуы мүмкін бе?

Толық қатынас үнемі жүзеге асады, себебі ақпаратты қабылдаушы аяқталмаған сөйлем/пікірді қандай да бір қосымшамен толықтырады. Алайда ақпардың толығуы мен аяқталуы жіберуші мен қабылдаушы үшін түрлі мазмұнды болады.

(ә) барлық айқын сөйлем/пікірді аяқталмаған деп танудың қажеті бар ма?

Ақпарды қабылдаушы оны (ақпарды) семантикалық компонентпен толықтырып отыруына орай, тіл коммуникатив қызметін орындап отырса кез келген сөйлем/пікірдің аяқталмауы заңды. Ішкі тілдесім кезінде (өзімен өзі сөйлесу кезінде) ақпарды жіберуші мен қабылдаушы теңеседі, қосымшаға жүгіну қажет болмайды. Ол тек ойынға қатысты не науқастығына орай адамның санасы бөлінген кезде болуы мүмкін.

Бір-бірімен мағыналық байланыста болатын екі не бірнеше сөйлемге дискурс деп атау таққан В.Звегинцев болатын. Ол туралы жоғарыда айтылып кеткен. Дискурстың бөлігі ретіндегі қосымша ерекшелігі, ол, әдетте, жасырын түрде жұмсалады.

Айтылым мағынасының анық, түсінікті болмауы салдарынан оны қабылдаушы әрқилы, көп жағдайда автор мақсатына сай емес, қате түсінуінен пайда болған қайшылықты қос мәнді деп атайды. Қос мағыналы қайшылықты автор, әдетте, белгілі бір мақсатты (көркемдік стилистикалық, комикалық т.б.) іске асыру үшін әдейі жасап отыратын болса, ал қос мәнді қайшылық керісінше автор еркінен тыс, көбіне оның мақсатына керағар болады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

Кукушкина Е.И., Познание, язык, культура. –М.: МГУ. 1984. -263с.

Копыленко М.М., Основы этнолингвистики. Алматы 1998.

Кондаков Н., Логический словарь-справочник. 2-е изд.М., 1975: 314.

Ислам А., Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы: 2004.

Кәукербаева Б., Сөз қолданыстағы семантикалық екіұштылық, Алматы: 2006

Абитиярова А., Сөз саптау үрдісіндегі қателер. Алматы:2010.

Жүсіпов А.Е., «Энантиосемия – сөздің ішкі қарама-қарсылығы» (оқу құралы) «Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.

Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ тіліндегі қайшы тілдік тұлға: семантикасы мен прагматикасы» (оқу құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы 2010 ж.;

Жалмаханов Ш., Көп мағыналы зат есімдердің семантикалық құрылымы. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2002. №1. -32-38б.

Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қайшылықтың лексикалық және грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы 2010 ж. (монография);

Жүсіпов А.Е., Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы (лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет.