Оралова Г. ф.ғ.м.
«С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Қазақстан,
Астана
АЛЛОФРОНИЯ ТҮРІ МЕН
ИМПЛИЦИТ ПЕН ЭСКПЛИЦИТ ҚАТЫНАСЫ
Аллофрония
түрі мен имплицит пен эскплицит қатынасын мына кестеден
байқауымызға болады:
Коммуникатив
қызмет жасайтын әр сөйлем/пікір – аяқталмаған
әрі толық емес. Сөйлем аяқталуы үшін ол
аяқтамаған болуы керек. Сөйлемнің аяқталмауы -
тіл жүзеге асырылуының қажетті шарты. Сондықтан
аяқталған сөйлем не пікір бинарлы, себебі
семантикалық кешенмен
толығады.Түрлі компоненті бар осы семантикалық кешен
бинарлық құрылымнан өзгеше. Осылайша, актуал
толық сөйлем/пікір – семантикалық кешен (сөйлем/пікір +
қосымшалық). Ақпарды қабылдаушы қосымшасы
ақпарды жіберуші қосымшасымен ешуақыт сәйкеспейді.
Әр ақпардың қосымша саны шексіз, логикалық
мүмкіндіктің көрінісі іспетті глоссеманың
өзарасіңісуімен байланысты.
Тілдің
негізгі семантикалық антиномиясы: сөздің еркін реттелген
мағынасы бар және бір мезетте шексіз мағынаға ие
болады, оның саны соған жүктелген мағынаға сай
болады. Глоссема семантикалық сіңісуі тілге мол мүмкіндік
береді, тілдесімнен тамаша қайшылықты анықтауға жол
ашады. Сондықтан кез келген белгі, кез келген глоссемаға бар тіл,
бар глоссема енеді.
Қайшылық
екі қалып, екі мағына соқтығысқанда туындайды.
Бір мағыналық пен қалып – болуы мүмкін
қайшылыққа қарсы тұратын екі мән. Тілде
ерекше ереже бар: ауытқусыз норма болмайтындай, ауытқусыз форма да
болмас. Тіл тұрақсыздығы – оның
тұрақтылық кепілі. Тілде аналог пен (аномалия) ауытқу
әрекеттесу әрі қатынасуы қажет, себебі ауытқу тіл
дамуына ашық мүмкіндік береді. Кез келген норматив
жүйенің элементі діңгектік көпшілікке бөлінеді,
оған қалыптық бөлшек және ауытқу
бөлшегінен құрылған шеткі көпшілік енеді.
Тіл
екі аспектіде: логикалық (ортофрония) және алогикалық
(аллофрониялық) жүзеге асады. Таза ортофрониялық
сөйлем/пікір нақты референтке арналса, аллофрониялық
бөлшек болмаған кезде ғана болуы мүмкін. Аллофрония
референтке арналған түсінік өзгеруі, жылжуына әсер
етеді.
Семантикалық диффузия мен қайшылық
Диффузия
– өзара сіңісу, кірісу, алмасу дегенді білдіреді. Тілімізде
қолданылатын лексикалық бірліктің шектеулігі тілдің
қатаңдығы мен икемдігімен түсіндіріледі.
(1)
тілде қолданылатын сөз саны шектеулісі де бар; кез келген зат не
құбылысқа әркім өзіне ұнаған атауды
таңи берсе сөз саны шексіз болар еді. Бұл практикалық
тұрғыдан да, адам жадының шектеулігімен де мүмкін емес.
Түрлі мазмұнды белгі саны тілімізде шектеулі.
(2)
тілімізде шектеулі сөз кездеседі, олар жеке адам жеке қолданысында
тосыннан қолданылады; қоғамдағы көпшілік
үшін түсініксіз болады; жеке және тосын бірлік сомасы
тіліміздің фонетикалық және фонологиялық ерекшелікке
орай шектелмек, яғни тілімізге жат дыбыстан тұратын тосын сөз
саны шектелу болмақ (бұл заңдылық соңғы
кезде кері әсерін беріп отыр).
(3)
Тілді игерген бәріне түсінікті әр сөз бен идиом бір не
бірнеше мағыналы болуы тілдің қатаңдығын
білдіреді.
Тіл
икемділігіне
(1)
тіл лексикалық құрамның
қандай да бір көлемге кеңеюіне мүмкіндік береді;
(2)
(2) әр лексикалық бірліктің бірнеше мағынасы
болады, саны өзгеріп отырады;
(3)
(3) әр лексикалық бірліктің тілдік
және тілден тыс контекстіге сай мағынасы шектеусіз болуы әсер
етеді.
Лексикалық құрам шектеулі
болуынан туындайтын мәселе
(1)
әр лексикалық бірлік тілдесім кезінде жұмсалатын бірнеше тура
және одан көптеу қосымша мағыналы болуы мүмкін;
бұл сол тілдік бірлік көмегімен қандай да бір мөлшерде
адекваттық түрде тілдесуге мүмкіндік береді;
(2)
көптеген түрлі мағына болуы сөздің белгісіздік
семантикалық толығуын туындатады;
(3)
бір тілдік бірлік бойында қайшы мағына пайда болуы да мүмкін.
Тіл
тілдегі кез келген сөздің көптеген ашық (кей кезде
жалғыз да болуы мүмкін), яғни тіл білетіннің басым
көпшілігіне таныс мағынасы болады. Бұны тіл білімінде патенттік (латынның – ашық,
анық) мағына деп атайды. Сөздің осындай мағынасы
әдетте сөздік, лексикографиялық басылымда тіркелген.
Сөзді не глоссеманы қолдану барысында оның жаңа
мағынасы да өзектіленуі мүмкін. Бұл мағына
сөздің жабық, жасырын мағынасынан туындайды. Бұл
жабық, жасырын мағынаны латенттік
деп атаймыз (латент – лат. жасырын, көрінбейтін). Түрлі
сөз бір-бірінен, әрине фонетикалық не графикалық
түрде өзгешеленеді, семантикалық өзгешелік кейінірек
туындайды. Семантика омоним кезінде басты қызмет атқарады.
Сөздің қарапайым белгімен берілуі түрліше болуы
мүмкін, сондықтан сөздің ашық мағынасы –
кездейсоқ, бірақ тілдік формадағы мазмұны сол
сәтте қалыптасқан, тұрақты.
Жабық
мағына топтасуы әрқилы. Олардың ішінен вициналдық (латынның –
көрші, көршілес) және тоталдық
(латынның – барлық, тұтас, жиынтық) түрін
бөліп аламыз.
(1)
вициналдық мағына патенттік мағынаға жақын топты
құрайды. Оған парадигматикалық аралас мағына:
(а)
синонимдік мағына;
(ә)
антонимдік мағына;
(б)
бір лексикалық өріске енетін сөздің негізгі
мағынасы жатады.
(2)
тоталдық мағынаға патенттік және вициналдық
жатпайды. Фонетикалық негізделген сөз ретінде
құрылған фоносемантикалық («мяу», «құрау,
құрау») сөздің өзі де тілдегі лексикалық
қорға енген кезде еркін семантикалық мазмұнды
сөзге айналады. Мына жағдайда сөз өзектілік мағынасы
туындайды:
(1)
сөз мағынасы біртіндеп өзгереді, мәселен
«орындықтың» «отыру» мағынасынан біртіндеп отыратын
орынға көшуі;
(2)
узустық мағыналы сөздің бойына қасақана
семантикалық өзгеріс енгізу, «серік», «айдар», т.т.
(3)
тосын мағыналы сөз бойына қасақана семантикалық
өзгеріс енгізу, мәселен: «Мына чубайсты сатып жіберші»
(тарғыл мысық туралы) т.т..
Тіл
антиномиясының негізгі семантикасы: сөздің еркін тіркеулі
мағынасы және оларға телінетін мәнге орай бірнеше
мағынасы да болады. Сөз бір-бірінен потенциал семантикалық
мазмұнымен өзгешеленбейді. Латент мағына сөздің
семантикалық құрылымы, тілдік бірліктің
жоғарғы дейгейін де жояды, ол басқа мағына алуына
мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
Ислам А., Ұлттық
мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы:
2004.
Кәукербаева Б.,
Сөз қолданыстағы семантикалық екіұштылық,
Алматы: 2006
Абитиярова А., Сөз саптау
үрдісіндегі қателер. Алматы:2010.
Жүсіпов А.Е.,
«Энантиосемия – сөздің ішкі қарама-қарсылығы»
(оқу құралы) «Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қайшы тілдік тұлға: семантикасы мен прагматикасы»
(оқу құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы
2010 ж.;
Жалмаханов Ш., Көп
мағыналы зат есімдердің семантикалық құрылымы.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным»
журналы. 2002. №1. -32-38б.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қарама-қайшылықтың лексикалық
және грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы.
Астана қаласы 2010 ж. (монография);
Болғанбаев Ә., Көп
мағыналы сөздер және олардың жасалу жолдары. Алматы:
«Мектеп», 1963
Жүсіпов А.Е.,
Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы
(лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет.