Алим М.А., Бұлдыбай
Ж.
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
МӘҢГІЛІК
ЕЛ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУДА
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ РОЛІН АРТТЫРУ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет
болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді
ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз
келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз
жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде
жатыр», – деген еді. Ал «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына
Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің
«Мәңгілік Ел» идеясын Қазақ елінің
ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Менің
зерделеуімше қай заманда да әр адамның санасындағы аса
мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным
– ол отансүйгіштік сезім болып келгені ақиқат. Бұл
туралы әлемдік және төл тарихымыздың әр бетінен
негізді дерек табылады. Еліміздің тәуелсіздігінің
алғашқы күнінен бастап Елбасы осы мәселені
тұрақты көтеріп келеді. Ал патриот болу деген ел
азаматының адамгершілік және саяси қағидаты,
туған жерге, елге сүйіспеншілігі, қажет болса, мемлекеттік
міндеткерлікті жеке мүддеден жоғары қоюды талап ететін
әлеуметтік сезімі ретінде танылған. Туған елінің
құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін
әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол
құндылықтарды басқа ұлттар мен
ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да – отансүйгіштіктің
белгісі. Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы
жинақталған адами тәжірибе, соның ішінде ұлт,
ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары қалайтынын,
қажет болса, жанын салып Отанды қорғау екенін көне
тарих дәлелдеуде.
«Мәңгілік
ел» идеясы құрғақ ұран емес,
қоғамдық жүйені бекіте түсерлік
іс-қайратымыз екенін, бұл орайда мәдениет пен
өнер қызметкерлерінің алдында бірқатар маңызды
міндеттер тұрғанын тілге тиек ете келіп, патриоттық
рухтағы туындылар жасау шығармашылық адамдары үшін
қазіргі таңдағы басты мәселе болып отыр.
Бүгінгі
жаһандану заманында әр ұлт, әр мемлекет өзіндік
бет – бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы
үдерістен алып шығар -
ежелден қалыптасқан ұлттық
құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол
себептен ата – бабамыздың сан мың жылдан бергі арманы
Мәңгілік ел болу идеясын Қазақстан халқының
ынтымағын арттыратын, ұлы мақсаттарға жетелейтін темір
қазық болуы тиіс, сонымен қатар жас ұрпақты
тәрбиелеуде басты ұстанар
бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.
Ел бірлігін
нығайтуда ұлттық мәдениеттің ролін арттыруды зерттегенде Қазақ
халқының ғасырлар тұңғиығынан бері
тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ
тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет,
этикалық, эстетикалық құндылықтарын
құрайтын ұлттық әдет - ғұрып, салт –
дәстүрлер , әдеби, музыкалық, кәсіби,
тұрмыстық фальклорлар мазмұны арқылы жетіп отырғанын анықтадық.
Мәдениет дегенде адамдардың ойына алдымен демалыс және ойын –
сауық саласы ретінде қалыптасып кеткен ескі көзқарастан
арылар сәт әлдеқашан жеткенін айта отырып, мәдени
саясаттың маңызды басымдылықтарының бірі –
сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті өнім
жасау қажеттілігіне көңіл бұрғызды.
Зиялы қауым
өкілдерінің алдында Тәуелсіз Қазақстанды әр
алуан жанрда жырлау мақсаты тұрғанын, «Мәңгілік
ел» идеясын үштұғырлы тілмен сабақтастыра айта кеткім келіп
отыр. Үш тұғырлы тіл жәй ғана әдемі
тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде
пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен
туындаған игілікті идея. Қай
заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар
қарыштап дамуда . Сондықтан үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс
тіл және ағылшын тілін игергеніміз өте дұрыс іс
деп есептеймін.
«Елбасы Н.Назарбаев:
«Біз еліміз үшін, жұртымыз үшін тарихымызды,
мәдениетімізді, санамызды, ғұрпымызды өзіміздің
тіліміз арқылыған жеткізе аламыз» десе, сөз зергері
Мұхтар Әуезов бір сөзінде: «Ұлттың тілі – сол
ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып
тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры
жабылып қалса, жүректе соғуын тоқтатпайма?!» деуінде
үлкен мән жатыр» демек, қазақ тілі –
мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіретін қуатты құралға
айналуы тиіс.
Жақында
ортамыздан кеткен біздің аса көрнекті ақынымыз Фариза
Оңғарсынова үлкен істер жасау баршаға белгіліге бір
нәрсе қоса білу, өз жаныңның бір бөлшегін,
жеке тәжірибеңді бере білу дегенді данышпандықпен
меңзеген еді. Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті -
әр күн сайын біздің қасиетті жеріміздің
өсіп – өркендеуіне өзінің жаны мен жүрегін салып
жүрген барлық 17 миллион қазақстандықтың
жанды шығармашылығы. Бізде әр этнос басқа
этностардың өрнектерімен үйлестіре отырып, өз
өмірінің өрнегін құрып келсе, қазақ тілі – мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіретін қуатты құралға
айналуы тиіс.
Әдебиет:
1. Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL»
халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, —
Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет.
2. Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі рун
жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр Мырза
Әли..) — Алматы, «Өлке» баспасы, 2001. — 144 бет.
3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында.
— Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. — 232 бет.
4. Журнал
Ақиқат №5 2014ж.
5. Қазақ тарихы журнал №3 (134) сәуір, мамыр 2015жыл. 41бет.
6. «АСЫЛ МҰРА»
түркі антологиясы. — Астана: Сарыарқа, 2012.
— 568 б.
7. Қазақ
тарихы журнал №6 (137) тамыз,
қыркүйек 2015жыл.
29бет.
8. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар.
— Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. — 368 бет.