ЭЭ-15-1 тобының
студенті Ш. Айтбек
Ғылыми
жетекші: з.ғ.м., Н.Ж.
Сарсенбеков
Қазақстан
Республикасы, ҚарМТУ
Террозим-әлеуметтік қауіп ретінде
Қылмыскерлік мемлекет пен
құқық болатын барлық қоғам үшін
сипатты болуы заңды, қоғам өмірінің объективтік
жағдайларына сәйкес дамитын жағымсыз әлеуметтік
құбылыс секілді. Соңғы жылдары бізде қылмыскерліктің
сандық көрсеткішінің өсуі және сапалық
сипаттамаларының өзгеруі байқалады. Атап айтқанда,
ұйымдасқан және ұлтаралық қылмыскерлік
күш жия бастады. Қылмыстық әрекеттің бұл
түрі бұрын да болды, бірақ мұндай қарқын
соңғы жылдар ішінде байқалып отыр.
Терроризмде
бірнеше соғыс түрі бар: ішкі соғыс, сыртқы соғыс,
мафиялар соғысы, нәсілдік және идеологиялық
соғыс, мезхеп және дін соғысы түрінде көрініс
табады. Бұлар саяси және экономикалық соғыс ретінде
пайда болған. Олардың мақсаты мен мүддесі, негіздері
және ұйым құрылымдары да шиеленісіп кеткен. Міне,
осындай көріністері мен өзгермелі сипаттарына байланысты террозим
әр түрлі болып танытылуда. Ел ішінде үрей және
дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар
тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін,
тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын, мал – жанға
қауіп төндіретін әрекеттер мен іс – шаралар «терроризм» деп
аталады.
Басқа тұлғалар мен
қоғамдарға қарсы белгілі саяси мақсаттар бойынша
күш қолданып немесе күш қолдану қаупін
төндіріп, террористік және қорқыту іс – шарасы ретінде
де танытылған терроризм әр түрлі әдістермен
мақсаттарын жүзеге асырады. Терроризмнің мақсаты –
мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде
ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне
кедергі жасау. Сонымен бірге, қоғамда дүрбелең тудырып,
көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, сауда – саттық
орталықтарында, оқу және мәдениет ошақтарында кез
келген уақытта бүлік шығуы мүмкін екендігі
жөнінде үрей тудыру.
Көбінесе жергілікті жерлерде іс – шараларын
жүзеге асырып отырған террористік ұйымдар уақыт
өте келе халықаралық адам хақтары мен
құқықтарын пайдаланып, жұмыстарын
ұлттық және халықаралық деңгейге дейін
жеткізген. Сондай – ақ, әлемнің қай жерінде болмасын,
террористік ұйымдар бір – біріне қаржы, логистикалық көмек,
төлқұжат, хабарласу және паналау мәселелерінде
ынтымақтастық және өзара қолдау көрсетіп
отырады. Яғни, терроризмнің, террор мен террористің де тілі,
діні, ұлты және отаны болмайды.
Терроризм адамзат өмірінің қай
кезеңінде болмасын үлкен проблема;ол мемлекеттер мен
ұлттардың тыныштығын алады. Оның шығу тарихы Адам
Ата мен Хауа Ананың балаларының бір-бірін өлтіруінен
басталады. Яғни, терроризм адам, қоғам және мемлекет
жаратылғаннан бастап, сонау көне заманнан бері келе
жатыр.Террористер және террористік ұйымдар мақсаттарын
жүзеге асыру үшін неден болса да тайынбайды, барлық
мүмкіндіктерді пайдаланып, әр түрлі әдістерді
қолданады. Діни-саяси, ұлтшыл және төңкерісшіл
ұрандар, ғылыми жиналыстар, әр түрлі
мазмұндағы кітаптар, брошюралар, бейне және үнтаспалар,
сондай –ақ баспасөз органдары олардың үгіт-насихат
құралдары болып табылады және жүзеге асыру жолдарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, әр
елдегі саяси, діни экономикалық және әлеуметтік күш
одақтарын пайдалануды да теріс көрмейді. Яғни, терроризмнің
қандай күйде, қандай сипатта пайда болатынын анықтау
өте қиын.
Сол себептен,
ғасырлар бойы адамзат баласы үшін ең зиянды және
қауіпті ағым терроризм не болмаса анархизм болып табылады.
Аймақтық, ұлттық және халықаралық
деңгейдегі терроризмнің нәсілдік, діншіл, ұлттық,
төңкерісшіл, мезхептік, философиялық, саяси және әлеуметтік
түрлерде пайда болғандығы байқалады. Террористік
іс-шаралар да қоғамдық және ішкі, нәсілдік
және этникалық, діни және мезхаптік, іріткі салушы
құрылымдарда пайда болуда. Яғни, терроризм істері
осылардың бірін бүркеніп және аталмыш
құрылымдардың біріне кіріп пайда болуда. Кейде
ұлттық және діни терроризмнің біріккендігі,
нәсілдік және саяси терроризмнің ынтымақтастығы,
дін-мезхеп терроризмнің басқа террористердің саяси және
экономикалық көмегімен әрекет еткендігі де
ақиқат.
Мұсылман және христиан қауымдарда пайда
болған вахаббизм, хизбуттахрир, миссионерлік және йегово
куәгерлері (шахиттері) діни фундаментализмге, этникалық
түрдегі терроризмнің әр түрлі түрлеріне
үлгі болуда.
Ашық және жасырын түрде жасалған
террористік оқиғалар халықаралық саясаттың
бөлінбейтін бір бөлігіне айналды. Ең алдымен мемлекеттерді,
әлеуметтік және саяси ұйымдарды, қарапайым халық
арасындағы ұйымдарды, халықаралық ұйымдар мен
мекемелерді көздеген терроризм «террористік білім» мен «террористік
өндірісті» күн тәртібінің өзекті мәселесіне
айналдырды. Осы бағытта жасалған зерттеулерге
қарағанда, терроризм кейде сол құндылықтар оны
сырттайды. Егер терроризмді бір өндіріс секторы ретінде бағалайтын
болсақ, осы секторды пайдаланып, үлес алғысы
келетіндердің арасында бәсекенің туындайтынына еш
күмән келтіруге болмайды. Шығыс және Батыс
Одақтары тарапынан қолдау көріп отырған террористік
іс-шаралар осындай бәсеке жарыстың нәтижесі болса керек.
Терроризмге көзқарасы мен жоспарлауында қолдау көрсету,
құрал-жабдықпен жарақтандыру, логистикалық
көмек көрсету, қоғам арасында үгіт-насихат
жүргізу жұмыстары терроризмді қолдайтын мемлекеттердің
немесе ұйымдардың жұмыстарына жатады. Бұл жұмыстар
сұрапыл соғыс кезеңінің ең басты күш
көрсеткішінің әдістері болып табылады.
11
қыркүйектегі террористік оқиға мен Батыстың осы
негіз бойынша Ислам әлемі және мұсылман қауымдар туралы
қалыптастырған халықаралық қоғамдық
ойды түсіндіру үшін мысал болып табылады. Аталмыш террористік
оқиғаға Усаме бен Ладен жетекшілік еткен Әл-Каидеұйымының
жасаған ұйғарымы мұсылман елдерге және
мұсылман қауымдарға жағымсыз жағынан әсер
етті. Мұсыдмандарға бағытталған бақылаулар,
экономикалық қысымдар арта түседі. НАТО елдері 11
қыркүйектегі террористік оқиғаны Вашингтон
Келісімінің 5-бабы бойынша барлық елдерге бағытталған
басқыншылық ретінде қабылдап, АҚШ –қа
жан-жақты қолдау көрсетті. Ал осыны қатты
қолданған АҚШ террорист ел деп жариялаған Ауғанстан
мен Иракқа қарсы бағытталған соғысты өз
жоспары және басшылығы арқылы жүзеге асырды.
Отбасы және ел құрамына зиян тигізген,
заңсыз түрдегі әрбір әрекеттің, ой-пікірлер мен
оқиғалардың «терроризмге» қатысы бар. Діни радикализм,
фундаментализм, саясат және әлеуметтік анархизм, нәсілшілдік
(расизм), этикалық және этникалық тұрғыдан
бөлушілік, кертартпалық және экстремизм, адам ұрлау
және өлтіру сияқты оқиғалар, бүлік
шығару, ату, қырып-жою, қоғамдық тыныштық
пен тәртіпті бұзу сияқты қылмысты істер, анархизмге
түрткі болған барлық іс-әрекеттер, мафиялық
іс-шаралар, ішкі және сыртқы бөлуші жағдайлар,
миссионерлік жұмыстар мен сол сияқты басқа да
іс-әркеттер терроризм түрлерін қалыптастыруда.
Терроризм жеке тұлғаларға да
қоғамға да зиян тигізуде. Жыл сайын мыңдаған
лаңкестік оқиғалар пайда болуда, көптеген
мал-жанның жоғалуына түрткі болуда. Мысалы, Еуропада
1970-1985 жылдар аралығында үш мыңға жуық
террористік оқиға болды. Ал Латын Америкасы елдерінде сол жылдары
1573, Қиыр Шығыста 1330, Солтүстік Африкада 448 террористік
оқиға болып өтті.
Терроризмнің тарихы ежелгі ғасырларға
дейін барады. Патшаларды тақтан құлату, басқа біреуін
таққа отырғызу, сарай адамдарын өлтіру, кейбір
адамдардың басын алу үшін бүлік шығару, жол тору, адам
өлтіру, тонау, өкіметті құлату істеріне қатысу
алдыңғы ғасырлардағы терроризмнің түрлері
болып табылады. Терроризм XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап
қоғамдық өмірдің өзекті
мәселелерінің біріне айналды. Ал ХХ ғасырда бұл
мәселе мемлекеттік деңгейге дейін көтерілді. Терроризмді
қолдану себептері көбейе бастады.
Халықаралық терроризмнің
ұйымдастырылуы, оның саласының ауқымдылығы және қатысушы адамдар мен
ұйымдардың көп болуы ерекше жағдай болып саналады.
Халықаралық терроризмнің арқасында ірі
мемлекеттердің, әсіресе Америка Құрама Штаттары, Англия
және Израиль сияқты елдердің тұрғандығы
байқалды.
Сонымен, терроризм
әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрінетін
құбылыс. Терроризмнің негізгі белгілеріне: ерекше өткір
формалар мен әдістерді қолдану
арқылы іске асатын зорлау мен қорқытуда қолдану,
саяси мақсатқа жетуге, қарсыластарды әлсіретуге бағыттылық, адам өміріне
қауіппен байланысты жоғары қоғамдық
қауіп-қатер, конспирацияны қолдану сияқты жағдайлар жатады.
Айтылғандар
арқылы терроризмді келесідей
анықтауға болады;
терроризм – бұл мемлекеттік органдарды, халықаралық және ұлттық мекемелерді, мемлекеттік және
қоғамдық
қайраткерлерді, жеке
азаматтарды немесе олардың тобын террористердің пайдасына
келетін қандай да
бір істі
аяқтауға
итермелейтін саяси мақсаттарға қол
жеткізу үшін зорлауды
қолдану жүйесі.
Пайдаланған
әдебитеттер тізімі:
1. Н.Ж. Сарсенбеков., Г.
Мұқажан,
«Ұлтаралық қылмыскерлік ұғымы және
қоғамдық қауіптілігі». Материали за Х1 международна
научна практична конференция. «Найновите научни постижения», -2015. Том 6.
Закон. София. «Бял ГРАД-БГ» ООД- С.48-50.
2. Орта Азиядағы
экстремизм. Алматы 2000 ж.
3. Көкеев А.Д.
Терроризм, ғасыр қасіреті, Оңтүстік
Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық
конференциясы жинағы, Шымкент-2004, 90-91 бб.
4. Құран
Кәрім, қазақша мағынасы және түсінігі.
Аударған Халифа Алтай
5. Жолдыбай Базаров.
Қазақстан діни
секталардың инкубаторыма? Еуразия газеті №2.2005ж