магистрант Зейнеш Мирас Кәдіржанұлы, магистр
Нурбекова Ш.К
Ө.А.
Жолдасбеков атындағы экономика және құқық
академиясы
ҚЫЛМЫСТЫҢ БАСҚА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДАН
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Қазіргі
уақытта құқық мәселелерінің бірінші
кезекке шығуы - елімізде рухани мәдениеттілік пен
өнегеліктің елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанына
байланысты. Бұл процестің маңызы әсіресе
Қазақстан Республикасы құқықтық
және демократиялық мемлекет құру жолында арта
түседі, себебі демократиялық мемлекетте азаматтардың саяси,
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуіне қатысуы
нақты сипатқа ие болады.
Қылмыс
қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңғы қайшы, кінәлі түрде істейтін және
Қылмыстық жазамен жазалауға іс-әрекет. Қолданылып
жүрген қылмыстық заңға сәйкес
қылмыстық белгілері осы айтылған төрт белгіден
құралады.
Ал
Қылмыстық Кодексте қылмыстың белгісіне:
қоғамға қауіптілік, қылмыстық
заңға қайшылық, кінәлілік және
жазаланушылық жүреді деп көрсетілген. Өйткені
қылмыстық ұғымы жазадан кең ұғым
және қылмыстың барлығына бірдей жаза қолданыла
берілмеуі де мүмкін. Өйткені жаңа Кодексте
қылмыстық жаза болып табылмайтын қоғамдық
ықпал ету шараларында кең орын берілген. [1]
Адамның
құқыққа қайшы мінез-құлқы
белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы
мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал
әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер,
нұскаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша
өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның
қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес
мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы,
содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс
береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс
таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты
қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамнын
ниет-мақсаттары қоғамға қауіп
туғызбайтындықтан қылмыстық
құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық
құқық ғылымында бұл мәселе туралы
бірауыздан осылай тұжырым жасалған.
Қылмыс
құқық бұзушылықтың жеке бір
көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыс
азаматтық-құқылық, әкімшілік және
тәртіптік құқык бұзушылықтан және бейморальдық
жат қылықтардан ажырата білудің манызы ерекше. Қылмыс
пен басқа
құқық бұзушылықтың өзара
басты айырмашылығы құқыққа тың
мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта да
қылмыстық заңға қайшы болады. Басқа
құқык бұзушылық құқык саласының
басқа нормаларына, заңдар мен нормативті актілерге қайшы.
Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ен ауыр Істеу
шарасы — қылмыстық жаза және содан туындайтын
сотталғандық атақ болып табылады. Басқа
құқык бұзушылықта мұндай жазалау шаралары
жоқ, ал қолданылған ықпал ету ш а рлары сотталғандық
атақ әкелмейді.
Кейбір
қылмыстар басқа құқық
бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық
қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің
қауіпсіздігі) қол сұғады.[2]
Қылмысты
қол сұғушылықтың объектісі бойынша
айқындалатын қоғамға қауіптіліктің сипаты
мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына
жатқызуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда
қылмысты басқа құқық
бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ.
Кейбір реттерде құқық бұзушылықта да,
қылмыста да бір объектіге қол сұғу мүмкін.
Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың
көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен
пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық
белгіленген. Мұндай аралас құқық
бұзушылықта қоғамға кауіптіліктің
дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің
негізгі керсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. Егер
көлік құралдарын жүргізуші адамдардың,
көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен
пайдалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан
жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде
жарақатталса немесе едәуір материалдық нұқсан
келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгеннен
гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын
құқық бұзушылыққа жатады.
Сонымен,
келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай
құқык, бұзушылықтан ажыратуға
мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады Лауазымды адам болып
табылмайтын мемлекеттік қызметінің лауазымды адамның
өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң қорғайтын
мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті
қылмыс (309-бап), ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеттер
тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің
нақты құқығын немесе басқа адам таласа
алатын жорамалды
құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз
бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтың
құқығының елеулі түрде бұзылуына
әкеп соқтырса, қылмыс ретінде сараланады. Ал елеулі
түрде бұзушылык жоқ болса, мұндай әрекет
әкімшілік жолмен жазаланатын құқық
бұзушылыққа жатады. [3]
Қылмыс
пен басқа құқық бұзушылықты
бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінің
көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады. Қазақ
ССР-інің 1959жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп
жағдайларда бірінші рет істеген құқық
бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары
қолданылған адамның дәл сол іс-әрекетті кайталап
жасауы қылмысқа тартуға негіз болып табылатын. Мысалы,
кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе
аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген
тұстарда балық аулау, су аңдарын аулау, суда
жүргізілетін басқа бір кәсіппен айналысу, егер бұл
әрекеттер бұрын да осындай тәртіп бұзғаны
үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кеін істелген
болса, ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай
болмаған жағдайда іс-әрекет әкімшілік
құқық бұзу –шылық ретінде
қарастырылатын.
Енді
іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану
санына қарамастан қоғамға қауіптілік
дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды.
Әскери қылмыстарды тәртіптіктері қылықтан
ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің істелген
уақыты, жағдайы. орны үлкен әсер етеді. Мысалы:
соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу — қылмыс,
ал бейбіт уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс
қылық болып табылады. Іс-әрекетті қылмыс немесе
басқа құқық бұзушылық қатарына
жатқызуға негіз болатын қоғамға
қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге
жататын кінәнің нысандарын, ниет пен мақсатты дұрыс
анықтауға да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде
қасақана жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені
жеңіл түрде жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс —
теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу
азаматтық күқық тәртібімен реттеледі. [4]
Егер
лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа бір зұлымдык
ниетпен құжаттарға жалғандық жасаса қылмыс, ал ондай ниет болмаса, ол
қылмыс болмайтын құкық бұзушылықтың
түрі болып табьлады. Қылмыс пен бейморальдықтың ара
қатынасын дұрыс түсінудің де маңызы ерекше. Кез
келген қылмыс бір мезетте моральға жат құбылыс болып
табылады. Яғни, моральдық норманың ауқымы үлкен.
Кез келгем құқық бұзушылық бір мезетте
моральдық норманы бұзушылык негізінде бағаланады.
Дегенмен,
қылмыс пен бейморальдық теріс қылық бірінен бірі
объекті, қоғамға қауіптілік, сондай-ақ
құқықка қайшылық белгілері бойынша
ажыратылады.
Қылмыстың
зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны
істеген адамның іс-әрекетінде кінәнiң белгілі бір
түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да
тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, жаза
да жоқ. Қылмыстың
тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен
жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің
өзі, қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым
салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Мұның өзі қылмыс құраш туралы сипаттама
басқадай құқылық актілерде емес, тек
қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және
осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның
санкциясында жазалау қатері қарастырылатын көрсетеді.
Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын
жаза мен қылмыстық құқық нормасынын
санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі
туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен
қорқытып тыйым салу қылмыстың белгісі болып табылады.
Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе
оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып,
оған қоғамдык ықпал ету шараларын
қолданғанда, онын іс-әрекеті қылмыс қатарынан
шығып қалмаңды. Өйткені, жазалаушылық
қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс
үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті - қылмыстық
заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері
тыйым салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол
ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде
қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмысқа заң да
белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін.
Демек, қылмысты жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың
белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау
іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен,
біз қылмыстың қоғамға кауіпті, кінәлі
құқыққа қайшы және жазалаушылық
сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен
шығармауымыз керек. Осы белгілер арқылы қылмысты
іс-әрекетті басқа да құқык
бұзушылықтан ажыратамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан
Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ
2. Уголовное
право. Общая часть: Учебник / Отв. ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамова. - М.: Инфра - Норма, 2010. - 516 с.
3. Мами К.А.
Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. - Астана:
Елорда, 2001. - 352 с.
4. Нуртаев Р.Т.
Виктимологические проблемы воздействия на преступность // Предупреждение
преступности. № 1. 2001. – С. 44-46.