магистрант Айткенов Сырым Дынмухамедович, магистр Нурбекова Ш.К

 

Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы

 

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ

 

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «ХХI ғасырда ұлтты дамытудың басты белгісі – мінсіз және тиімді сот жүйесі. Тәуелсіз және әділ сот – кез келген мемлекеттің қызмет желісі. Онсыз әлемнің бірде-бір мемлекетінде, ең дамыған мемлекеттерде азаматтардың жоғары деңгейдегі дәулет­тілігі де, қоғамның табысты дамуы да, қолайлы инвестициялық ахуал да болуы мүмкін емес», – деп атап өткен болатын. Бұдан шығатын қорытынды, кез келген азамат сот жүйесі арқылы құқына қатысты мәселелерін әділ шешіп, өзін қорғай алуы қажет. Ал, бұл сот төрелігі жүйесін әлі де жетілдіре түсуді талап етеді.

Республиканың Сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңмен белгіленеді.ҚР-ның соттар жүйесін Жоғарғы Сот және Конституцияға сондай-ақ Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар (Алматы қалалық, Астана қаласының, ҚР әскерлерінің Әскери Соттары) аудандық, қалалық және әскери соттар жатқызылады. Республика Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың лауазымды тұлға немесе басқатұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді. [1]

Дегенмен ҚР мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік,  т.б.) соттар құрылуы мүмкін. ҚР 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңында сот жүйесінің бірлігі белгіленген, ол мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі: — сот төрелігін конституциялық принциптерге сәйкес жүзеге асыру; — сот жүйесінің Конституциямен және Конституциялық заңдармен белгіленуі;— соттарды құру тәртібімен; — сот билігін сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысандарымен жүзеге асыру; — соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы; — заңды күшіне енген сот шешімдерінің Республиканың бүкіл аумағында орындалу жүйесі; — барлық соттардың ркспубликалық бюджет есебінен қаржыландыру.

ҚР сот жүйесінің бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар ҚР Президенті бірнеше аумақтық-әкімшілік бірліктерде бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік бірлікте бірнеше сот құруы мүмкін. Судъялардың тәуелсіздігі. Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен заседателіне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәне жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.[2]

Судьяның тәуелсіздігі, жоғарыда аталғандай, оған ешкімнің тиіспеуімен нақтыланады. Судьяны қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда, (оған ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру), ҚР Парламент Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық істі ҚР Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік беріледі.[3]

Осылайша, сот билігі Қазақстан Республикасы Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілеттіктеріне байланысты тепе теңдік пен арасалмақтар жүйесі арқылы олармен өзара іс қимыл жасай отырып, заң шығарушылық жəне атқарушы биліктің шешеімдеріне əсерін тигізеді. Авторлардың көпшілігі сот төрелігін сот отырыстарында іс жүргізу тəртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдықнормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық жəне өзге де істерді қарау жəне шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды. Негізгі кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, сондықтан оның бір уақытта қылмыстық, азаматтық жəне өзге істер бойынша сот төрелігін атқару саласындағы мəселелерді реттейтін салалы заңдарды қабылдау кезінде негізі бола отырып, жоғары заңдық күші бар, сондай-ақ тек соттың жаңа емес: барлық азаматтардың, лауазымды жəне заңды тұлғалардың сақтауы жəне орындауы үшін міндетті болып табылады.Қазақстан республикасының 75-бабында жəне сот жүйесі туралы Заңда айтылғандай, «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүйесі жүзеге асырады». Сот төрелігін жаңа нақты адамды қылмыс жасауға кінəлі деп тануда жəне оған жазалау, не заңда белгіленген əсер ету шарасын тағайындауда, сондай-ақ заңсыз жəне негізсіз жауапкершілікке тартылғандарды ақтау кезінде шешуші сөз оған тиесілді болып табылады. Сот төрелігі – адам мен азаматтың, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы. Оның міндеттеріне басқа да құқық қорғау функцияларын да орындау бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс бойынша сот төһрелігі, егер осы іс алдын ала құзіретті органдар жан жақты жəне толық тергемесе,егер олар барлық қажетті дəлелдемелерді анықтамасы-а жəне заңды, негізді жəне əділ жүзеге асырылмаған болар еді. Сондықтан, сот төрелігі – құқық қорғау қызметінің тұтастай алғандағы жүрегі. [4]

Судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастардан аулақ болып, кәсіби беделі күмән тудырмайтындай мінез-құлықты ұстануы қажет. Судьяның процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынаста болуы, оның мінсіз мінез-құлқына қарамай, міндеттерді жауапсыз орындау деп танылып, лауазымды тұлғаның абыройына нұқсан келтіріп, сенімсіздік танытып, істің қаралуына кедергісін тигізуі мүмкін. Қоғамдық пікір, судья қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында сынау оның шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпеуге тиіс. Судья сот актісін шығарғанға дейін істің мәні, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, арыздың негізділігі не негізсіздігі туралы өзінің пікірін жариялы түрде білдіруге, сондай-ақ, соттардың заңды күшіне енген қаулыларына кәсіби қызметінен тыс жағдайда күмән келтіруге және судьялардың кәсіби әрекеттерін сынауға, өзінің міндеттерін атқару кезінде алған ақпаратты ашуға немесе өзінің жеке басының мақсаттарына пайдалануға, кеңесу бөлмесінің құпиясын және мем­лекеттік құпияны жария етуге құқылы емес. Ең бастысы, қазыларымыз ұлттық және халықаралық құқық саласындағы білімін нығайту үшін қажетті шараларды жүзеге асыруы қажет. Бұдан халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған, ең тұрақты қоғам құру қажеттілігі туындайды. Біздің мақсатымыз да дәл сондай қоғам құру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы.1 қыркүйек, 2000 //Заң газеті., 5 қыркүйек, 2000

2. Назарбаев Н.Ә. "Соттар қызметінің заңдық, қана емес, саяси да мәні зор". Қазақстан Республикасы судьяларының III съезіндегі Елбасының алғы сөзі //Егемен Қазақстан. — 8-маусым, 2001.

3. Нарикбаев М.С. Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования //Жинақта: Проблемы реализации судебно- правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998,7-бет

2. Нарикбаев М.С. Судебно-правовая рформа и дальнейшие пути ее совершенствования//Жинақта:Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения.Астана,1998,8-9бет