Сағымбай
Б.Б., Төлеуғазы А.Т., Нүркенова Г.Қ.
ЖММ "Болашақ" Академиясы,
Қазақстан
Ерлі-зайыптылар
арасында туындайтын қайшылықтардың психологиялық
астарлары
XXI ғғ. ең өткір болып
тұрған мәселесі - екі адамның жанұяда тіл
табысып, өмірдің барлық қиындығына төзіп
шығуы, сол жанұяда тыныштықты, бейбітшілікті сақтап
қалуында болып отыр. Осы мәселені шешу үшін көптеген
ғалымдар өз еңбектерін жазып ұсынған болатын.
Қазақстанда ақырғы 10 жылда неке құрушылар
азайып, айырылысу көбейіп кетті. Ал айырылысқандар екінші рет
некеге тұруға қарсы, ал жастар болса некеге
қарағанда азаматтық некеде тұруды ұнатады.
Соңғы уақытта неке жанұяға байланысты;
әлеуметтік жұмысшылар, демографтар, психологтар, педагогтар т.б. бұл
проблеманы қарастыруда.
Отбасындағы дау-жанжал кең таралған
дау-жанжалдың бірі болып табылады. Ерлі – зайптылар арасындағы дау
– жанжалдың туындау себептерін зерттеу қазіргі таңның
өзекті мәселесі болып отырғаны бәрімізге мәлім.
Мамандардың
айтуынша дау - жанжалдың 80-85%
жанұяда болады. Ал тек 15 – 20 % әртүрлі себептерден болады
делінген. Жанұядағы дау - жанжал тек қарым -
қатынастарға ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік
- психологиялық отбасы мүшелерінің денсаулығына да
әсерін тигізеді [1].
Отбасындағы келіспеушілік - бұл жанұя
мүшелері арасындағы келіспеушілік және әртүрлі
қарама - қайшы көзқарастар мен мотивтерден
туындауы. Отбасындағы дау -
жанжал, келіспеушіліктің өзіндік ерекшелігі бар, осындай
келіспеушіліктерді алдын - алуда
және шеше білуде психологтың көмегі қажет.
А) Ең
алдымен отбасындағы келіспеушіліктің себептері болады,
олардың спецификасы, отбасылық қарым -қатынас негізінде
шартталады. Отбасының негізгі ерекшілігі олардың өзара
махаббаты қандық туыстық немесе
құқықтық жанұя функциясының
қалыптасуымен байланысты: репродуктивті,
рекродуктивтік, тәрбиелік, экономикалық, шаруашылық,
өзара көмек, денсаулығын сақтау, даму, т.б.
Ә)
Отбасылық келіспеушілік өз себебімен ерекшеленеді, олардың
маңыздысы болып:
- Отбасы
мүшелерінің бостандықтарының шектелуі,
іс-әрекеті, өз ойын айтуына шек қойылуы;
- Отбасы
мүшелерінің ауытқулары: алкоголизм, наркомания т.б.
- Отбасы
мүшелері біреуінің қызғануы, өз керегін
пайдалануға шектелуі, құмарлығын қандырудан
қалуы;
- Отбасы
мүшелерінің арасындағы қалыптасқан қиын
қарым - қатынас;
- Шешуге
қиын материалдық тұрғыдағы проблемалар;
- Ерлі -
зайыптылар арасына туысқандарының түсуі;
- Ерлі -
зайыптылар арасындағы сексуалдық жағынан проблемалардың
туындауы.
Б)
Отбасындағы келіспеушіліктің ерекшелігі - олардың динамикасына
және шығу формасына байланысты. Отбасындағы келіспеушілікті
тұтас алғанда классикалық этаппен мінездеме теруге болады:
келіспеушіліктің туындауы, кикілжіңді жағдайды түсіну, қарама -
қайшылық кикілжіңнің және эмоционалды
уайымдағы келіспеушілік. Бұндай келіспеушіліктер жоғары
эмоционалды тұрғыдан ерекшеленеді, қарама
-қайшылық формасы: сөгу, тіл тигізу, ұрсысу,
отбасылық ұрыс-керіс, қарым-қатынастың бұзылуы
т.б. сонымен қатар оның шешу жолдары мынадай: татуласу, бір
келісімге келу, өзара біріне - бірі жол беру, бөліну, т.б. [2].
В) Отбасылық келіспеушілік көп жағдайда
әлеуметтік ауыр соққыға алып келуі мүмкін.
Көбіне мұның аяғы трагедиямен аяқталады.
Көп жағдайда ерлі-зайыптылардың бірі ауруға
шалдығады. Отбасындағы келіспеушілік балаға ауыр тиеді.
Отбасындағы дау -жанжал оның ішінде ерлі-зайыптылар
арасындағы келіспеушілікке анализ жасау кезінде мынаны ескерген
жөн. Отбасы дамуындағы кризистік жағдайлар.
Отбасындағы негізгі дау-дамайлар ерлі-зайыптылар
арасындағы кездесетін дау-дамайлар. Олардың пайда болу себептері
орындалмаған қажеттіліктер арқылы белгіленеді. Негізгі
себептерге төмендегі себептерді жатқызуға болады:
-
Психосексуалдық
үйлесімділіктің болмауы;
-
Қажеттіліктердің
орындалмауы, «МЕН» деген позицияның, сезімнің
құрметтелмеуі;
- Жағымды эмоциялардың болмауы, идеалға сәйкес
келмеуі, басқаны өзіне бағындыруға тырысу,
түсінушіліктің, қамқорлықтың
жоқтығы;
- ерлі-зайыптылардың біреуінің зиянды әдеттерге
әуестігі (алкоголь, наркотик, ақшаны тек өзінің
қажеттілігіне жұмсау т.б.);
- үй шаруашылығында бір біріне көмек көрсетпеу,
қамқорлық жасамау;
бала тәрбиесіндегі келіспеушілік, бос уақытты
бөлек өткізу т.б.
Қарама-қайшылықтардың шешілуі екі
жолмен өтеді: конструктивті және диструктивті. Конструктивті
шешілуі арқылы адамдар қателіктерін түсініп, дұрыс
шешімге келеді. Диструктивті шешілген жағдайда адамдар бір біріне
өшігіп, кек сақтап қалады да келесі бір жанжалдасқанда
бәрін еске түсіреді, үдей берсе денсаулыққа кері
әсері тиеді. Дау-дамайларды шешуде қолданылатын әдістер:
әзіл, комплимент айту, жылы сөз, назарды басқа екеуіне де
маңызды мәселеге көңіл аударуға тырысу т.б.
Ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың
шешілуінің төмендегідей жолдары кездеседі: еріксіз көндіру –
зорлап өзінің шешімін мойындату, екінші вариант- конфронтация –
қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын ескермейді,
қабылдамайды, ызалану арта түседі. Үшінші: дау–дамайды
шешуден бас тарту, бұл дау–дамай барысында туындаған
қарама-қайшылықты шешуден қашу. Бұл әрекеттің
жақсы жағы араға уақыт салу, ойлануға
мүмкіндіктің пайда болуы мен сипатталады. Тағы бір вариант:
дау–дамайды жұмсарту-бұл әдіс дау–дамайды өршітпей,
бәсеңдетеді. Дау-дамайлардың шешілуініңдұрыс жолы
– компромисс, екі жаққа да тиімді жолы. Конструктивті шешілуі
адамдардың қателіктерін түсініп, қателіктерін кешіріп,
дұрыс шешімге келумен аяқталады. Сүйген адамды жеңу
ешкімге де қуаныш әкелмейтінін екі жақта түсінгендері
жөн. Конфликті отбасында жағымсыз эмоциялар орын алып, отбасы
мүшелері, балалар үшін психотравмалық жағдай тудырады.
Отбасындағы үлкен дау-дамайлар ерлі - зайыптылар, ата -ана мен
балалар, орта буын мен аға буын , арасында туындап үлкен
үрей, кінә, қорқыныш, ыза тудырып отбасы
мүшелерінің денсаулықтарына үлкен зиян тигізеді [3].
Отбасындағы дау-дамайлардың алдын алу
жолдарын В.Владин, Д.Капустин, И.Дорно, А.Егидес, В.Левкович, Ю.Рюриков
төмендегідей жолдарын белгілеген: басқа адамды өзіңдей
сыйлай білу; ол саған ең жақын адам екенін естен
шығармау, ол сенің балаңның анасы, әкесі; кек
сақтамауға тырысу, жағымсыз эмоцияларды жинамау;
сексуалдық өмірге қатысты кінәламау, ол еш
уақытта ұмытылмайды; бөтен адамның көзінше
ескерту жасамау; өзіңнің жақсы
қасиеттеріңді үлкейтіп, өзіңнің
пікірің әр уақыта дұрыс деп санамау; көбірек
сенім білдіріп, қызғануды азайтуға тырысу; басқа
адамға құрметпен қарап, тыңдай да сөйлей де
білу; өзіңді жақсы жағынан көрсетуге
ұмтылып, кемшіліктерді жоюға тырысу; жолдасыңның
қызығушылықтарымен санасу; кейбір жағдайларда
шындықты білгеннен білмеген дұрыс; кейде бір бірінен дем
алғанда дұрыс, оның да қатынастан шаршап кеткенінде пайдасы
бар.
Сонымен
жанұямен неке айырмашылығын қарастыруда олардың санын
ғана емес,сонымен қатар саласын да ескерген жөн. Жанұя
немесе неке ерлі - зайыптылардың
арасындағы қатынас әлі толық зерттелмей, осы мәселелерге
басты өзекті болып қала береді.
Алынған қорытынды бойынша, жанұя құндылығы
әрбір ерлі-зайыптыға байланысты болып табылады. Сондықтан
әрбір жанұядағы ерлі-зайыптылардың мәселесін шешу
өте күрделі процесс болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Мектептегі психология в школе 10(76) 2014 Алматы
2. Қазіргі психология 3 (12) 2012 Алматы
3. Білім кілті ключ знаний (7) 2014 Астана