ПСК-15-2тобының студенттері
Нығыметолла Әлихан Сейфоллаұлы
Отеген Айбек Нургабылулы
Ғылыми жетекші: з.ғ.м., Н.Ж. Сарсенбеков
Жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде
Жұмыссыздық-бұл
жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау
өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы
күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік
жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар
қоятын ғылыми-техникалық прогресстің салдары.
Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар
кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда
жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің
өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс
құрылымдық саясаты болады. Жұмыссыздық – жұмысқа қабілетті
адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс
істемейтін бөлігі. Жалпы жұмыссыздық-үш критерийге
бөлініп, жұмыссыз болып есептелетін кездегі
жұмыссыздық, олар:
а) істейтін
жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,
б) белсенді
түрде іздеп жүр,
в) белгілі бір
уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр.
Жұмыссыздықтың
салдары қандай болады және ол
қоғамға несімен қауіпті? Адам еңбегі дегеніміз -капитал сияқты жинап
қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс.
Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін
емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған
және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны
өтелмейді.
- Егер адам жұмысынан айырылса,
сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс
көзін іздейді. Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға
жағдай жасауды өз мойынына алады. Алайда жұмыссыздығы
үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны,
қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды,
себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің
әл-ауқаты да жоғарыламайды.
- Жұмыссыздар санының
көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады.
Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының
бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауарға
сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне
және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол
ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының
қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың
басы. Сөйтіп қоғам өзі құрған
тұзаққа өзі түседі.
- Елде жұмыссыздықты саяси
жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден
ашынған халық жұмыстың, ақшаның
жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе
жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір
ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр
тұрады.
- Жұмыссыздық қылмыс,
әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі
күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа
жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге
көшеді.
Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық
«дағдарыс деңгейіне» жетті. Мысалы, жастар
күшінің дұрыс қолданылмауы тұрғындары қартайып
бара жатқан елдер үшін шешуші рөл атқарады.
Жастардың жұмысқа аз қабылдануы – түсетін салық
көлемініңде аздығын көрсетеді.
Әрине, жұмыссыздықпен күрес оңай шаруа
емес. Негізінде жұмыссыздықты толықтай жою мүмкін емес екені рас. Себебі, заман өзгерген сайын жұмысқа
деген сұраныстың да өзгеріп тұратыны белгілі. Сондай-ақ,
елдің экономикалық жағдайына сыртқы
факторлардыңда әсері мол. Соңғы кезде кезектесіп келіп жатқан
дағдарыстардыңда дауылы алдымен жұртты жұмысынан айырып жатыр.
Елбасы биылғы «Әлеуметтік - экономикалық
жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Жолдауында он міндетті алға тартқаны белгілі. Ол он міндет қосыла келіп
еліміздің экономикасын нығайтудың,
қазақстандықтардың әл-ауқатын
арттырудың түйінді мәселесін шешуі тиіс. Бұл жайында
Елбасы «Қазақстан үшін
экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді
қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу -
өмірлік маңызды нәрсе. Бұл таяу онжылдықтардағы
Қазақстан дамуының басты бағыты» деп атап
көрсетті.
Елімізде
нәтижелі жүзеге асып жатқан жұмыспен қамту
бағдарламасының арқасында бұл мәселені біз біраз
ауыздықтадық. Ал бағдарлама қорытындысында 2020
жылға қарай еліміздегі 1,5 миллион адамды жұмыспен
қажет деп көзделіп отыр. Бағдарлама негізінен мына
бағыттарды басымдыққа алған. Біріншіден, халықты
нарықта көбірек сұраныс туатын мамандықтарға
оқыту және еңбекке орналасуына септесу. Яғни, атқарушы
билік органдары жұмыссыз қалған азаматтарды кәсіби
дайындықтан өтуге ,бір мамандыққа қайта
даярлауға және біліктілігін арттыруға тегін курстарға
жібереді. Сондай-ақ, оларға оқу оқитын жеріне жетуі
үшін өтемақы жәрдем ақша беріледі. Екіншіден, ауылда тұратын
әр адамның өз кәсібін ашып,одан әрі дамытуына
мүмкіндік жасалады. Ауыл халқына кәіспкерлік негіздерін
оқуға, қандай да бір кәсіп туралы
ақыл-кеңестер және микронесие
алуға көмек көрсетіледі. Үшіншіден, еңбек
ресурстарын бір жерге жұмылдыруға көңіл бөлінеді.
Жұмыссыздықты әлеуметтік мәселе ретінде
қарастыруға әбден болады. Олай дейтін себебіміз, мемлекетке
немесе кішкене отбасыға белгілі бір уақытта керегіне жарар табыс
болмайтын болса, онда даму көрсеткіші,өмір сүру
қарқыны баяулайды. Жұмыссыздық жұдырықтай
жұмылмағанның кесірінен болады. Жұмысым жоқ деп
жата берсек елдің дамуы артта қала бермек. Үйде отырып
маған қашан аузыма салады демей әркім өзінше
қамданса, еңбек күшін жүзеге асырар болса, елге де, отбасымызғада
қосар үлесіміз болмақ. Расында, көп жағдайда, талай оқу орынын бітіріп, тіпті
қызылға бітірседе, жұмыс таба алмай қалатын
заманғада жеттік. Жұмыссыздықтың кесірінен талай
ашуға беріліп өзіне қол жұмсап немесе біреудің
боданы боп кеткен жандарды да
көзіміз шалды. Ел ертеңі сенімді, еңбекқор, жалынды
жастардың қолында. Жұмысымыз жоқ деп жымысқы
әрекеттерге барып, харам ақша табу жолынан алыс болайық.
Әлемде болсын, әр елде болсын жұмыссыздықты шешу
үшін талай бағдарламалар қабылдануда. Соны пайдаланып, керегімізге
жаратар болсақ, бастысы бойда бар
қабілетті дер кезінде көрсетер болсақ, екі қолға
бір күрек табарымыз хақ.