Байсымақова А.Қ, Сураншиева Р.К

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 «Шығармашылық», «шығармашылық әрекет» ұғымдарының мағынасын ашып көрелік. Ғылым Б.М.Тепловтың пікірінше (1.216) «шығармашылық іс-әрекет  деп, қоғамның жоғары құндылықтарының жаңа, түпнұсқалық өнімдерін беретін іс- әрекетті » айтады.Ал С.И.Ожеговтың  сөздігінде «Шығармашылық- жаңа материалдық және мәдени құндылықтарының өмірге келуі»(2,14).

Педагогикалық энциклопедияда «Шығармашылық-адамның іс-әрекетін-дегі өз бетінше  жұмыс жасау мен белсенділіктің ең жоғары  формасы. Бұл қандай да бір нәрсені өзгерту, жетілдіру, жаңасын ойлап табу, түпнұсқасын шығаруға деген қажеттілік» делінген(3).С.Л.Рубинштейн  «Адам және әлем» атты еңбегінде «шығармашылық деп нәтижесінде жаңа тұпнұсқалық және әлуметтік құнды өнім жасалынатын іс әрекетті айтамыз » /4/ дейді.

Ғалым Т.Георгиева шығармашылық үрдістің ерекшеліктерін қарастыра отырып, «бірінші деңгейде  шығармашылық тек қана  адам санасына және адамның тәжірибесіне қатысты іс-әрекет, ол біріншіден, обьективті шындықта өмір сүре алмайтын заттар мен құбылыстарды қалыптастырады, екіншіден, бұған дейін адам баласы ашқан материалдық  және рухани туындыларды дамытады  және одан әрі жетілдіреді, ал үшіншіден, қазіргі барды субьективті қайта өңдеудің әдіс-тәсілдерін, құралдарын, формаларын нақтылайды.» (5,15).

Ғалым В.И Андреев шығармашылықтың басты белгілерін ажырата отырып, «шығармашылық-адами іс-әрекеттің ерекше түрі және төмендегілермен сипатталады: а)проблемалық жағдаяттар мен шығармашылық мәселелердің қарама-қайшылықтардың болуы; ә) әлеуметтік және тұлғалық құндылық, прогрессивтік, яғни ол тұлға мен қоғамның дамуына өзіндік үлес қосады (антиәлеуметтік іс-әрекет , тіпті өнертапқыштың формасындағы – бұл шығармашылық емес, қанаушылық, қатыгездік); б) жеке тұлғаның обьективтік алғышарттарының қажеттілігі (шығармашылыққа қажетті жағдайлар туғызу, әлеуметтік, материалдық алғышарттар); в) жеке тұлғаның субьективтік алғышарттарының  қажеттілігі (ерекше  оң мотивациядағы тұлғалық сапа, білім, білік, тұлғаның шығармашылық қабілеттері); г) үрдіс пен нәтижесінің жаңалық, түпнұсқалығы»(6,37). З.Е.Гельмен «шығармашылық-бұл мәселені  қою мен шешу » деп анықтаса (7), ал И.П.Раченко «шығармашылық-қайта өзгерте алатын күші мен ізгіліктік мағынасы бар мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің дербес сипаттамалық көрінісі» деген қортынды жасайды(7,25).

Шығармашылықты, жаңалық пен әлуметтік құндылық тұрғысынан сипаттау – көптеген зерттеушілерге тән. Осындай көзқарас, балалардың әр түрлі шығармашылық әрекет барысында (ойындық, танымдық, көркемдік т.б) әлеуметтік  құнды жаңа нәтижелерге жетпейтіндіктен, бұл жағдай  балалар шығармашылығына субьективті тұрғыдан қарауды қажет етеді. Демек,  біздің зерттеу  жұмысымызға шығармашылықтың обьективті және субьективті тұстарын айқындауға қажетті теориялық материалдардың  маңызы ерекше. Және де, субьективті көзқараспен қарасақ  шығармашылық субьекті ешқандай жаңалық ашпауы да мүмкін, жаңаны, әдеттегі нәрсені  жаңаша көре білу қабілеті заттың бойындағы жаңа функционалдық мүмкіндіктерін ашу, ойындық, көркемдік және интеллектуалдық мәселелерді айқындап, оны ойдағыдай шеше білу сияқты, оның тәжірибесіндегі ғана жаңалық болуы мүмкін.

Сондықтан, балалар шығармашылығы ұғымы  қаншалықты жоғары, шығармашылық актінің нәтижесі емес, жасаушы субьектінің соншалықты ішкі өзгерістеріне  жатқызылуға тиіс. «Шығрмашылық –деп жазады Г.К.Нұрғалиева, - тұлға мінездігі өзгешеліктер тұрақтылық, ашықтылық пен үлкен мәнділікке ие болғанда тұлғаның қасиетіне айналады  және де жеке тұлғаға ғана тән болып келеді » (8.216). Шығармашылық процесс  барысындағы жағдайдың өзгеруі, баланың өзгертуші тұлға ретінде заттық ортаның өздігінше өзгеруі мен жетілуіне сәйкес келеді. Мұны байқау үшін, тұлғаның натуралистік түсінігімен және шығармашылыққа заттық-нәрселік көзқарастан бас тарту қажет. Американдық танымал психолог Фромм балалар шығармашылығына (креативтілігіне): «Бұл- тандану мен тану қабілеті, қалыптасқан төтенше жайларданшешім таба білу, бұл жаналық ашуға деген ұмтылыс  және өз тәжірибесін терең түсіне білу қабілеті» (9.266)-деген анықтамасын ұсынады. Сонымен осы тұжырымдамаларға сүйене отырып шығармашылықтың белгісі нәтиженің сапасымен бірге,  шығармашылықтың жемістілігін арттыра түсетін процесс пен сипаттамасы екенін көреміз.

Балалар шығармашылығын түсінудің осындай ағымы, әртүрлі әрекеттер  процессін  (ойындық, танымдық, көркемдік т.б) балалардың шығармашылық  қабілетін қалыптастыратын нақты негіз ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарастардың дұрыстығы бірқатар психологиялық зерттеулерде қарастырылып, балалар  шығармашылығының  өміршеңдігін қалыптастыруды дәлелдеді (Л.С.Выготский, Б.Д.Эльконин, Н.С.Лейтес) (10,11,12).

Шығармашылықтың қозғаушы күші қарама-қайшылық болып табылады және де осындай қарама-қайшылықтың білінісімен және шығармашылық мәселенің қойылуымен шығармашылық үрдіс жайт, шығармашылық осы бастапқы  кезеңінде баланың антикалық қасиеттері, қиялы,  шығармашылыққа қызығушылығы, шығармашылық әлеуеті байқала бастайды. Шығармашылықтың  мазмұндық аспектісін ажырата отырып , шығармашылық өзара байланысты продуктивті және  репродуктивті компонентің әмбебап түрленуші жүйесін құрайды.Тұлғаның  барлық сапасының белсенді қатысуы осы үрдістің базисі болып табылады да  тұлғаның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына алып келеді. Іс-әрекеттің белсенділігімен қатар, шығармашылықтың  блогы көрінісі- өзбетінше әрекет етуі. Шығармашылықты жан-жақты зерделей келе  А.А.Потебня оның ерекше белгілерін атап өтеді:нәрсенің ең  маңыздысын көре алу, сезіне алу, алдын-ала болжай алу(13,111).

Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру, қазіргі оқу  үрдісінің ең басты талаптарының бірі.Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың  танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырмен жүзеге аспақ. Шығармашылық  қабілет әр баланың  табиғатына тән.Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге , оны бағалауға бағыттау.Оқушының шығармашылық  мүмкіндігін оның жеке тұлға ретінде қалыптастыру  үрдісінде пайда болады.

Адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың басқыштарын, бәсекеге қабілеттілік теориясын басшылыққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты шығармашыл тұлға тәрбиелеудің тұжырымдамасын жасауға болады. Ондай жаңаша тұрпатты тұлға-болашақтағы шығармашыл кәсіпкерлік тұлға, себебі қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі  «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.

 

Әдебиет:

1.       Теплов В.А. Избранные труды.Т.1.2-М., 1985.-328с.

2.       Ожегов С.И.Толковый словарь русского языка / Российская Академия наук; Российский фонд культуры.3изд.-М.,1996-926С.

3.       Советский энциклопедический словарь.-М.:Советская энциклопедия.-1979.-1600с.

4.       Рубинштейн С.Л.Человек и мир // Методологические и теоретические проблемы психологии.-М.:Наука-1999.-428с.

5.       Георгиева Т.С.Высшая школа США на современном этапе.-М.: Высшая школа.-1989.-С.15.

6.       Андреев В.И.Эвристика для творческого саморазвития.Казань.1994.-248с.

7.       Гельман З.Е.История науки и культуры в общеобразовательной школе // Педогогика.-1993.-№5.-С. 25-32.

8.            Нургалиева Г.К.Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования личности:дисс. Доктора пед.наук:13.00.01:-Алматы, 1993.-375с.

9.            Одаренные дети: Пер.с.англ./ Общ.ред.Г.В.Бурменской и В.М.Слуцкого. – М: Прогресс, 1991. –С.266-351.

10.        Выготский Л.С.Детская психология.-М.:Педагогика, 2003.-С.86-89

11.        Эльконин Б.Д.Психология игры.-М: Педагогика, 2001.-362с.

12.        Лейтес Н.С.Способности и одаренность в детские годы.-М.:Знание, 1994.-С.14-79.

13.        Потебня А.А.Мысль и язык.-Харьков,2001.-616 с.