Нұралы Ж.У., Абдешев Қ.Б., Сұлтанбеков
Ғ.З.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Жамбыл ауданы мысалында елді мекендер,
шаруашылықаралық жер пайдалану жүйесін зерттеу
Мемлекеттің
қауіпсіздігін, соның ішінде азық – түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алға тартылуда.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
әрине жер қорын тиімді пайдалану және жер ресурстарын
ғылыми негізде басқара білумен байланыста екендігі даусыз. Осы
орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты халыққа Жолдауында [1] тиімді жер нарығын
қалыптастырудың маңыздылығы аталып көрсетілді.
Осыған орай, басты байлығымыз болып табылатын жер ресурстарын
тиімді пайдалану – басты стратегиялық бағыттардың бірі болып
табылады.
Жалпы алғанда,
2011-2014 жылдар аралығында атқарылған облыстың жер
қорын тексеру және түгендеу жұмыстарының
қорытындылары 591,1 мың га ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлердің игерусіз жатқандығы
және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу
үшін бөлінген 5064 жер учаскесінің өз мақсатында
пайдаланылмай отырғандығын көрсетіп отыр [2].
Еліміздің жер қорында Жер Кодексінде [3]
көрсетілгендей жердің барлық нысаналы мақсатына
сәйкес жеті санаты бар және олар оның зор әлеуетін
көрсетеді, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жер, елді мекендердің жері, өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және де өзге де ауыл шаруашылық мақсатына
арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы рекрециялық
және тарихи мақсаттағы жер, орман қорының жері,
су қорының жері, босалқы жер. Жерге орналастыру саласында
аймақтық факторлардың жер ресурстарын пайдалану тиімділігін
арттырудағы маңыздылығы айқын. Жамбыл ауданы бойынша
жер санаттарының үлес салмағы көрсетілген (1 кесте).
Кесте 1 – Жамбыл
ауданының 2012-2014 ж.ж. жер санаттарының аудандары
|
Жер санаттары |
Ауданы, га |
Өзгеруі 2014 жылды
2012 жылмен |
|||
|
жылдар |
абс. (+, -) |
үлес салмағы,
% |
|||
|
2012 |
2013 |
2014 |
|||
|
А/ш
мақсатындағы жерлері |
233941,68 |
238749,24 |
244514,06 |
+10572,38 |
56,7 |
|
Елді мекендер жерлері |
26203,97 |
27370,24 |
27370,24 |
+1166,27 |
6,3 |
|
Өнеркәсіп,
көлік, байланыс, қорғаныс және басқа
мақсаттағы жерлер |
7919,81 |
7948,42 |
7948,42 |
+28,61 |
1,8 |
|
Ерекше
қорғалатын табиғи аймақтық жерлері |
955,81 |
955,81 |
955,81 |
- |
0,2 |
|
Орман қоры жерлері |
124852,0 |
124852,0 |
124852,0 |
- |
29,1 |
|
Су қоры жерлері |
532,0 |
532,0 |
532,0 |
- |
0,1 |
|
Босалқы жерлер |
29254,73 |
30800,78 |
25071,46 |
-4183,27 |
5,9 |
|
Аудан бойынша жер
көлемі |
423660,0 |
431208,50 |
431243,99 |
+7583,99 |
100 |
Кесте
мәліметтеріне сәйкес жер қорының құрылымына
талдау жасайтын болсақ, ең жоғары үлесті ауылшаруашылық
мақсатындағы жерлер құрап отыр, оның үлес
салмағы 56,7 пайызды құраса, одан кейінгі орында орман
қорының жерлері құрады оның үлес
салмағы 28,9 пайызды құраса, елді мекендер жерлері 6,3
пайызды, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс
және басқа мақсаттағы жерлер 1,8 пайызды, ерекше
қорғалатын табиғи аймақтық жерлері 0,2 пайызды,
су қоры жерлері 0,1 пайызды, босалқы жерлер5,9 пайызды
құрап отыр. Кесте мәліметтері бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлер көлемі 10572,38 гектарға, елді мекен жерлері 1166,27
гектарға, өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және басқа мақсаттағы жерлер 28,61
гектарға ұлғайғанын көрсетеді. Ерекше
қорғалатын табиғи аймақтық жерлері, орман
қоры жерлері және су қоры жерлерінің көлемі
өзгеріссіз қалды. Ал, босалқы жерлер көлемі 4183,27
гектарға азайды. Аудан бойынша жер көлемі 7583,99 гектарға
ұлғайды.
Ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жер - құрамына ауыл
шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының
жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары,
коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелорациялық желі,
қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жерлер, сондай-ақ
басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және
ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған
басқа да алқаптар кіретін ауыл шаруашылығының
қажеттіліктері үшін берілген жерлер). Ауыл шаруашылық
қажеттіліктеріне мыналар жатады: егістіктер, тыңайған жерлер,
көпжылдық өсімдіктермен қамтылған жерлер,
шабындықтар мен жайылымдар.
Кесте 2 – Жамбыл
ауданында 2012-2014 ж.ж. ауылшаруашылық жерлерінің
құрылымы
|
Ауылшаруашылық
жерлерінің құрылымы |
Ауданы, га |
Өзгеруі 2014 жылды
2012 жылмен салыстырғанда |
|||
|
жылдар |
абс. (+, -) |
үлес салмағы,
% |
|||
|
2012 |
2013 |
2014 |
|||
|
Ауылшаруашылық жерлері |
233941,68 |
238749,24 |
244514,06 |
+10572,38 |
100/99,2 |
|
соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
- егістік |
56996,29 |
57347,14 |
57814,68 |
+818,39 |
23,6 |
|
- көп жылдық екпелер |
1179,74 |
551,29 |
970,99 |
-208,75 |
0,4 |
|
- шабындық |
6927,29 |
7165,97 |
7405,54 |
+478,25 |
3,0 |
|
- жайылым |
165595,48 |
172001,08 |
176603,59 |
+11008,11 |
72,2 |
Жамбыл
ауданының ауылшаруашылық мақсатындағы жер қоры
кестеде көрсетілген. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер
көлемі 2012 жылы 233941,68 га, ал 2014 жылы 244514,06 га
ұлғайған. Яғни, егістік көлемі 818,39
гектарға, шабындық көлемі 478,25 гектарға және
жайылым көлемі 11008,11 гектарға ұлғайған. Кесте
мәліметтерінен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
көлемінің басым бөлігін жайылым алып жатқанын
көре аламыз. Ал көп жылдық екпеге арналған жер
көлемі 208,75 гектарға кеміген.
Соңғы
жылдары ауыл шаруашылығы мақсатына жататын жерлер республика
территориясында барлық облыстар деңгейінде босалқы жерлерді
игеру есебінен көбейіп отыр. Ағымдағы жылда босалқы
жерлердің көлемі мемлекеттік көлемінде 0,3 млн. га жерге
азайып отыр. Жалпы түрде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлер Оңтүстік Қазақстан облысын есепке
алмағанда, басқа облыстардың барлығында аздап
ғана ұлғайған.
Әдебиет
1. Назарбаев
Н.Ә. «Қазақстан жолы-2050»-Астана, 18 каңтар 2014ж.
2. Молдабай Б.Т.
Жерді тиімді пайдалану мен жер ресурстарын ұтымды басқара білу –ел
болашағының кепілі. Қазақстанның жер ресурстары,
№2, 2015. Б. 15-20.
3.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. –Алматы: Юрист,
2012.-104 б.
4. Жамбыл ауданы
әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің 2012-2014
жылғы мәліметтері.