Экономика
ғылымдары/ Экономиканы мемлекетті реттеу
э.ғ.магистрі Калдина С.С.
Нархоз университеті, Казахстан
Қазақстандағы
орта және шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және шетел
тәжірибесі
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
әр азамат өз бизнесін қалыптастырып, дамытуға құқылы.
Бұл жөнінде ҚР Конституциясының 26-бабында
«әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін
кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға
құқығы бар» екендігі атап көрсетілген. Монополистік
қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз
бәсекеге тыйым салынады.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның
тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асырылады. Ал, мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік
береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз
етеді. [1]
Танымал американдық ғалым Й. Шумпетер (1883-1950)
кәсіпкер түсінігін «новатор» ретінде сипаттайды. Атап айтатын
болсақ, кәсіпкер – жана технологияларды әзірлейтін новатор.
Басқаша айтқанда, ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастырады,
үйлестіреді және олардың қозғалысы өз
кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс
циклының жеделдеуіне алып келеді. Оның ойынша,
кәсіпкердің функциясы – экономикалық өсімді
қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың дамуында маңызды рөл
атқаратын жанашылдықты жүзеге асыру. [1]
Шағын
бизнесті дамыту қуатты экономикалық және әлеуметтік
кедейшілік пен терроризмге қарсы құрал ретінде
қарастырылады, дамушы елдерде
шағын бизнес кедейшілік пен
жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелерді жеңілдете
алады және шешуші факторы болып саналады.
Қызметтер түрі бойынша шағын және орта бизнес
Европа және Азия елдерінде экономиканың барлық саласын
қамтиды деп айтуға болады. Евроодақта қосымша
құн және жалпы айналымның жартысын беретін 23 миллионнан астам шағын
және орта бизнес бар. Европа мен Азия елдерінің сала бойынша
құрылымы бірдей болып келеді, Қытай елін алатын болсақ өнеркәсіп
саласыны ғана емес, ауылшаруашылыққа көп мән
беретіні айқындалады.
АҚШ-та шағын бизнесті несиелендіру шағын бизнесті
несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Германияны алатын болсақ, шағын кәсіпкерлікті несиелендіру
жолдары банк арқылы жүргізіледі. Ұлыбританияның
тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық —
несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы жүзеге асырылады.
Мысал ретінде, «қаржылық өндірістік және сауда
кәсіпорындары» корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер
тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы
шағын бизнесті несиелендіру негізінен шағын кәсіпорындарды
дамыту банкі арқылы іске асырылады. Бұл банктің
капиталының көп бөлігі активтерді басқару және
жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады.
Банктің негізгі бағыты — бұл мемлекет тарапынан шағын
бизнесті қолдау болып табылады.
Жапониядағы шағын кәсіпорындарды несиелендіру
орталықтары ірі қаржы — несие орталықтары негізінде іске
асырылады. Жапониядағы шағын кәсіпорындарды бір
орталыққа бағыттау жүйесіне: орталық
үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, шағын
бизнестің бірігу мекемелері жатады. Дамыған шағын
фирмалардың көлемі 70% дейін жетеді. Сонымен қатар
Жапониядағы шағын кәсіпорындарды қаржыландыру бюджеттік
қаржыландыру есебінен көрінеді. Жапонияда мемлекет тарапынан орта
және шағын кәсіпорындарға ерекше көңіл
бөлінген және олар үшін жеке меншік банктерде
қаржылық органдары құрылған.
Шағын бизнесті қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты мақсаты оның инвестициялық бағытын көрсетеді. Экономикалық сектордың инвестициялық бөлу біркелкі жүрмейді, іс жүзінде инвестициялар төрт бөлікке бөлінеді. ЕО елдердің назары өнеркәсіп және құрылыс болып табылады, сондай-ақ сауда және қаржылық қызметін қаржыландырады.
Бірақ аймағы бойынша және оның экономикалық басымдықтарына байланысты осы қызмет бағыттарын ғана емес инвестицияланады. Мысалы, Жапония, Сингапур және АҚШ үкіметі және ірі компанияларда ғылым, білім және жаңа технологиялар инвестиция салынады. Солтүстік Еуропа елдері Дания, Нидерландыда инвестициялар ауыл шаруашылығына бағытталған, сондықтан осы елдерде экономиканың осы секторын қолдау көрсету болып табылады.
Шағын
кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты – олардың
әлеуметтік- экономикалық қызметін тиімді атқаруына
мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің
неғұрлым ұзаруына ықпал ету.
Мемлекетте
кәсіпкерлікте дамытуға қолайлы мүмкіндіктер жасайтын
белгілі- бір ішкі және сыртқы жағдайлар болған кезде
ғана кәсіпкерлік дамитын болады. Басқаша айтқанда, ол
үшін кәсіпкерлік орта қалыптастырылуы тиіс. Кәсіпкерлік
орта деп кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін әрекет
қабілетті азаматтарға экономикалық еркіндікті
қамтамасыз ететін қолайлы әлеуметтік- экономикалық,
саяси, азаматтық- құқықтық шарттарды
айтамыз. Шағын бизнестің басты проблемасы — ол несие беру саясаты
екені анық . Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке
беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік кәсіпорында
жоқтың қасы, сондықтан шағын
кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере
алмайды. Сондықтан шағын бизнесті қолдайтын
арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек
Елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бері , бірнеше мемлекеттік
бағдарламалар қабылданып, іске асырылуда. Қазіргі кезде
«Бизнестің жол картасы -2020 » бағдарлама аясында көптеген
жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдаудың бірнеше жаңа тетіктерін
жетілдіруде. «Даму» Қоры ұсынған жаңа
құралдардың ішінде несиелерді
кепілдендірудің баламалы бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама саласы
мен аймағына қарамастан «Даму» Қорының 50 пайызға
дейін берілетін кепілдігін қарастырады. Сонымен қатар, кез-келген
салада кәсіпкерлікті құру мен дамыту үшін сатып
алынатын франшизаны 70 пайызға дейін кепілдендіру көзделген.
«Даму»
Қоры арқылы енгізілетін тағы бір құрал – ұсаққаржыландыру. Яғни екінші деңгейлі
банктерге ұқсас ұсаққаржыландыру ұйымдарын
қорландыру бағдарламасы. Бұл Астана, Алматы қалалары
мен облыс орталықтарынан шалғайда жұмыс істейтін
кәсіпкерлердің жеңілдетілген қаржы алуына
мүмкіндік береді. «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қоры елімізде
кәсіпкерліктің дамуына зор үлесін қосып келеді.
Атап айтқанда, жаңа
бизнес-идеялар үшін гранттар алуға өтінім берген
кәсіпкерлікті жаңа бастағандар үшін меншікті
қатысу көлемі бойынша талапты төмендету, кәсіпкерлерге
инфрақұрылымдық қолдау көрсету тетіктерін
нақтылау және жобаларды қарау процедураларын
оңтайландыру ұсынылуда. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік
әлеуеті бар тұлғаларды мемлекеттік қолдау шараларымен
кеңінен қамтуды қамтамасыз ету үшін
кәсіпкерлікті, бизнес-инкубаторларды, сонымен бірге индустриялық
аймақтарды қолдау және оларға қызмет көрсету
орталықтарын құру және қызметін жандандыру
тетіктері анықталатын болады. Өңірлік даму
министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда
экономикадағы әрбір бесінші жаңа жұмыс орны
бағдарламалар аясында құрылғандығын әрі
бағдарламадағы мемлекеттік қолдау шараларымен 36 мыңнан
астам кәсіпкер қамтылғандығын атап өткен орынды
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы шағын жəне
орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 25 пайызын
құрайды. Бұл біздің мемлекет үшін өте аз
көрсеткіш. Бұл көрсеткіш əлдеқайда көп болуы
керек. Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай бұл
көрсеткішті Жалпы ішкі өнімнің 50 пайызына жеткізу туралы
міндет қойған. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш
40-90 пайызды құрайды. Шағын жəне орта бизнестің
дамуы - мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығын
көрсетеді. Жапония, Германия, АҚШ сияқты елдердің
дағдарыс кезінде шағын жəне орта бизнесі сол елдердің
экономикасын көтерген.
Әлемдік тәжірибеде шағын және орта бизнестің
экономикадағы рөлі жоғары деңгейде екенін
көрсетіп отыр. Шағын және орта бизнестің
деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі
экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін
талдайды. Елімізде шағын жіне орта
қиыншылықтырға қарамастан даму үстінде,
экономикалық, әлеуметтік, ғылыми- технологиялық
мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Р.Қ.
Елшібаев Кәсіпкерлік: Алматы,2014жыл