Экономические науки/ Государственное регулирование экономики
Студент
Нұржан Н., аға оқытушы Ахметова Л.М.
С.
Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік
университет, Қазақстан
Интеллектуалды
капитал экономиканың инновациялық дамуы ретінде
«Барлық адам ресурстары
мен қабілеттері туғанынан немесе қалыптасқан болып
келеді. Әрбір адам жеке дара гендер кешенімен туылады, олар оның
адами капиталын анықтайды. Сәйкес салымдар арқылы
жинақталатын адамның құнды қасиеттерін, біз «адам
капиталы» деп атаймыз»
Т. Шульц.
Қазіргі
заманғы экономикалық жүйеде «интеллектуалды капитал» экономикалық категориясы
ерекше орын алады. 18 ғасырда ұлы ағылшын
экономисі А. Смит негізгі капиталдың құрамына
«барлық тұрғындардың немесе қоғам
мүшелерінің пайдалы қасиеттері мен қабілеттері»
кіретіндігін атап көрсеткен, яғни негізгі капиталдың
құрамына құрамдас бөлік ретінде интеллектуалды капитал да кіреді.
Білім алу барысында адамдар
кәсіпті меңгерген маманнан ақпарат алады,
өңдейді, бағалайды және қолданады. Яғни,
қазіргі заманның талабына сай жеке тұлға
өзінің еркіне, қанағаттанған түрде
өмір сүруіне қажетті игіліктерге ақпарат, білім
арқылы жетеді. Егер 18 ғасырға дейін мемлекет негізі
күш болса, 19-20 ғғ. – ақша, 21 ғ. білім,
интеллект болып отыр. Демек, мемлекет экономикасын, саясатын, бір сөзбен
айтқанда, болашақтағы оң нәтижелі дамуын
интеллектуады капитал анықтайды.
Интеллектуалды
капиталға «адамдар мен
қоғамның сан алуан қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін қолданылатын білім, білік,
қабілеттердің жиынтығы» деп анықтама беруімізге болады. Қысқаша
айтатын болсақ, интеллектуалды капитал– интеллект, денсаулық,
білім, құнды, нәтижелі еңбек пен өмірдің
жоғары сапасы.
Интеллектуалды
капитал халықтың өмір сапасы мен деңгейін
жақсартуға, интеллектуалды қызметке салынған инвестициялар
есебінен қалыптасады.
Й. Шумпетер
экономикалық өсуді тауар шығару ауқымының артуы
деп белгіледі. Экономикалық өсудің нәтижесінде ірі
инновациялардың әсерінен экономика мен өмірде оң
өзгерістер орын алады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, ХХ ғасырдың
50-жылдарына дейін «адам капиталы», «адам ресурстары» түсініктері тек
еңбек күші ретінде ғана қарастырылып келді.
Қазіргі таңда да экономикадағы адамның рөлін
сипаттауда бірқатар түсініктер қолданылады:
экономикалық адам, жұмыс күші, жеке өндіріс факторы,
еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам капиталы, кәсіпкер
және т.с.с.
Н.Ә. Назарбаев
мемлекеттің әлеуметтік саласын дамытуда әрбір
Қазақстандыққа өмір бойы білім алу концепциясын
негізге алуды ұсынды.-«оқытуды және
онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру
жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және
құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз».
Әрбір жұмысшы еңбек өнімділігін арттыру
мақсатында өз бетімен интеллектуалды ізденіс жүргізіп,
дағдыларын жетілдіруі тиіс.
Президент өзінің жолдауында «Адами
капитал - бұл инновациялардың және экономиканың
тиімділігін арттырудың негізгі қозғаушы күші»- деп
айтқан.
Қазіргі күні Қазақстанның
экономиканы әртараптандыру және әлемдік нарыққа
интеграциялану мақсатында өзінің инновациялық саясаты
мен ұлттық инновациялық жүйесі қалыптаса
бастаған.
ҚР-да инновациялық бағыттағы
экономиканы қалыптастыру адам ресурстарына тікелей байланысты. Тіпті,
адам ресурстары инновациялық экономика қалыптастырудың шешуші
факторы десек қателеспейміз. Олай болса, адам ресурстарын ұдайы
әрі сапалы дамыту инновациялық экономика
қалыптастырудың негізі ғана емес, мемлекет саясатының
басым бағыты ретінде жүзеге асуы тиіс
Қазіргі кезде экономика интеллектуалды еңбекке негізделген экономика болып
табылады. Еңбек күші өндіріс саласынан «ақпаратты
еңбек күшіне» айналды. IT технология саласында қызмет
етушілердің саны күннен күнге арту үстінде. Мемлекеттік
мәселелер интернет желісі арқылы online режимде талқылану
деңгейіне жетті. Қазақстан да бұл орайда артта
қалмады.
2010
жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның негізгі мақсаты -
қазақстандықтарды жаңа формацияға
тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті
адам капиталына бай елге айналдыру.
Инновациялар арқылы адам капиталын дамыту, адам капиталын
инвестициялаудың маңыздылығын түсінген мемлекет басшысы
Н. Назарбаев 2010 жылғы Жолдауында 2020 Стратегиялық
жоспарының басты бағыты, үшінші тармағы
ретінде адам капиталының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа
белсенді инвестициялауды
ерекше атады . Сонымен қатар Елбасы: «Жаңа
формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу
және Қазақстанды әлемдегi ең әлеуеттi,
бәсекеге қабiлетi адами капиталға ие елге айналдыруға»
қол жеткізетіндігімізді де баса көрсетті.
Бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттің
әлеуметтік, экономикалық және саяси
жаңғыруының негізгі міндеті ретінде инновациялық,
өндірістік және ғылыми дамуы арқылы білімге негізделген
экономикаға көшу мәселесі қойылды. Бұл
ғылыми бағдарламалардың
мақсатты бағдарлануын және өндірістік
жүйені жаңғыртуды сонымен қатар, ғылыми
салаға жүйелік көзқарасты қажет етеді.
Ұлттық инновациялық жүйелердің модельдерін
зерттеу өндірістің, ғылымның және
инновацияның дамуындағы мемлекеттің рөлін
дәлелдеді. Мемлекеттік инновациялық қызметке
ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға
бағытталған инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдауды жүзеге асыруға бағытталған
инновациялық саясат жатады.
Инновациялық саясат технология мен ғылымның даму
болашағына және болжауына негізделеді. Инновациялық
саясаттың негізгі бағыттары индустриалдық саясаттың
бағыттарымен анықталады және инновациялық
қызметті ынталандыру мен мемлекеттік қолдауды іске асыру мен
байланысты.
Қазақстандағы инновациялық
экономиканы қалыптастыру 21 ғасырдағы даму бағыты болып
табылады. Қазіргі кезде, Қазақстанда инновациялық
қызметті қолдауға және дамытуға біршама
іс-шаралар атқарылды.
Қорыта келе, қазіргі
кезде интеллектуалды капиталдың тек еңбек өнімділігін
арттыруда емес, адамдардың қоғам мүшелері рөлінде
қарым-қатынасын реттеуші деп қарастыруға болады. Себебі
ойы, санасы жетілген, білімі жоғары азаматтар көп жағдайда
мәдени, әлеуметтік және саяси тұрғыда дұрыс
бағытта болады. Ал білім тек материалды және рухани табысқа
жетудің құралы ғана емес, сонымен қатар
капиталдың бір бөлшегі. Адам капиталы адамға қажетті
деңгейде өмір сүруге, яғни мықты
денсаулыққа ие болуға, қажеттіліктерін өтеуге
қажетті қорларға еркін қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
Әдебиеттер:
2.
Нестеров Л., Аширова Г. Национальное богатство и
человеческий капитал // ВЭ, 2003, № 2.
3. Корчагин Ю. А. Человеческий
капитал как интенсивный социально-экономический фактор развития личности,
экономики, общества и государственности, Москва, ВШЭ, 2011
4.
«Интеллектуальный
капитал. Новый источник богатства организации». Томас Стюарт. Перевод В.
Ноздрина. «Поколение» баспасы. – 2007.
5.
Назарбаев Н. Инновационная индустрия науки и знаний –
стратегический ресурс Казахстана в ХХІ веке // http://www.akorda.kz)