Экономические
науки/Финансовые отношение
Даулетов Ержан Жалғасбекұлы
«Қаржы» мамандығының 4-ші курс студенті
Капанова Шолпан Аманжоловна
«Қаржы» кафедрасының аға
оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы
Тәуекелділік - экономикалық
категория ретінде
Кәсіпорынның қызметіне әсер
ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей
түседі. Тәуекелділік қандайда бір жағымсыз
жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді.
Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір
бөлігін жоғалту ықтималдылығын, қызметті
жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын
немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдылықтар
қатынастарына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың
ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы
типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі
белгілейді. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейіндегі
және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір
жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп
қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа
деңгейден аспау ықтималдылығын да қарастыруы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған
елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын
көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын
деңгейге дейін қалай азайатынын білуі қажет. Кәсіпорын
үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да
кәсіпкер жағымсыз нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін
қарастыруы керек.
Тәуекелдік ықтималдылық
категориясына жатады, яғни белгілі бір деңгейдегі жоғалту
ықтималдылығы. Экономикалық категорияда тәуекелдікті
екі жағдайда қарастырады:
1.Белгісіздік (тұрлаусыздық);
2.Тәуекелдік (тәуекел).
Белгісіздік (тұрлаусыздық) - әртүрлі
факторлардың жиынтығы, яғни қызмет ету нәтижесінде
факторлардың әсер ету дәрежесі белгісіз жобаларды
ұсынуда ақпараттың нақты еместігін немесе толық
еместігін көрсетеді (1 сурет) [1., 37 б ].
Тұрлаусыздық және
тәуекелдің мәселелерін зерттеудің объектісі
Ішкі орта Сыртқы орта
Тұрақсыздық және
тәуекелдің мәселелерін зерттеудің субъектілері
Жүйелер Қатынастар
Сурет 1. Тәуекел мен
тұрлаусыздық тұжырымдамасының категориялық
аппараты
Белгісіздік факторы екіге бөлінеді:
-
сыртқы;
-
ішкі.
Сыртқы факторларға - заңдылықтар,
өнім шығындарының әсері, бәсекелестік
қызмет жатады.
Ішкі факторларға - жобаның сипаттамалары бойынша анықтамадағы
қателіктер, персоналдар арасындағы қақтығыстар
жатады.
Сурет 2. Тәуекел
мен тұрлаусыздық
факторларын
құрамдық жіктеу
Экономикада белгісіздіктің туындауының үш себебі бар:
1.
Білімсіздік;
2.
Себептілік;
3.
Қарсы іс-қимыл.
Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың
тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен
байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық
талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел
деңгейін бағалай және оның нақты операция
табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу
қажет.
Тәуекелдің мәні мен түріне
тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына –
салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау
сәйкес келеді.
2-сурет бойынша тәуекел мен тұрлаусыздықтың
факторларын құрамы бойынша жіктеуге болады [1., 41 б].
Тұрлаусыздық және тәуекел факторлары мыналардан
тұрады:
І. Инвестициялық ресурстардың баламалы құнымен
байланысты, оған инвестициялық жобаларды ақша бірлігіне сатып
алу қабілетімен байланысты тәуекел және қаржы
нарығының конъюктурасындағы тәуекелдер мен
тұрлаусыздық жатады.
ІІ. Компаниялардың инвестициялық қызметінің
қаржылық ағымдарымен байланысы:
А) жобалардың тұрлаусыздығы мен нарықтық
тәуекел, оған ресурстардың кірістілігі, өнімді
өткізу, маркетингтік үдерістердің пайда болуы мен
мақсатты нарықтардың тәуекелі кіреді;
Ә) өнімнің жобалық технологиясымен және
өндіріспен байланысты, оған құқықтық
тәуекел мен тұрлаусыздық және таза тәуекел мен
тұрлаусыздық жатады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Абдрахманова Г.Т. Финансовые риски в экономической
деятельности компаний. Алматы: ТОО «Издательство LЕМ; 2004.
-252с.
2. Макаревич Л.М. Управление предприятельскими
рисками. Москва – 2006г.