Экономические науки/Финансовые отношение

Кенесары Сымбат Бахытқызы

«Қаржы» мамандығының 4-ші курс студенті

Капанова Шолпан Аманжоловна

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы

Қаржылық тәуекелді басқару үдерістері мен қағидалары

 

Қаржылық тәуекелді шешеуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвесторлар келесі қағидаларды назарда ұстауы қажет: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекеге салмау, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни, берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығындардың ең көп  мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекеге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен салыстыру керек,  содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражатының көлемімен салыстыру. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.

Қаржылық тәуекелді басқару үдерісі келесі сатылардан тұрады: мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және  нәтижелерді бағалау.

Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе  ішкі орташа оңтайландырудан қорғау болып табылады. Тәуекеділік ықтималдылығы ресми және бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады. Шығындардың қауіпін оның мағынасына байланысты үш түрге бөлуге болады: банкроттық қауіп, шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажеттілігі, активтердің  бір бөлігі шарасыз жоғалту.

Қаржылық тәуекелді басқарудың  ең күрделі кезеңі болып табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады.

Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек. Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншікті шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғат факторларымен байланысты. Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқындалмаған мінезі, ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын, тәуекелділік  шешімнің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады.

Тәуекелді талдауды бір – бірімен өзара тығыз  байланысты және бір – бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық [1. 45 б].

Тәуекелді сапалық талдау  тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп  салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті - жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады. Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті  деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорынан тәуелсіз инфляция, бәсеке, саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар жатады. Субъективті факторларға тікелей нақты түрін сипаттайды: өндірістің мүмкіншілігі, кадрлық құрылым, шаруашылық байланстар, қаржылық жағдай жатады.

Тәуекелді сандық талдау- бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.

1-ші сурет бойынша компанияның қаржылық тәуекелін басқару үдерістерінің кезеңдері беріліп отыр. Мұнда тәуекелді талдаудан қорытынды нәтижеге дейінгі аралық берілген. Тәуекелді анықтап, оны бағалап барып қажетті ақпараттарды табыстау сол арқылы қажетті шешімдер қабылдап барып, қорытынды нәтижеге жету жолдары көрсетілген [1., 172 б].

 

Сурет 1. Қаржылық тәуекелді басқару үдерістерінің кезеңдері

 

2-ші сурет бойынша компаниялардың қаржылық тәуекелін басқарудың негізгі қағидалары беріліп отыр [1., 184 б].

Компаниялардың қаржылық тәуекелін басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады:

1.    Тәуекелді қабылдау деңгейі бойынша;

2.    Тәуекелді табыстау мүмкіндігін есепке алу;

3.    Тәуекелді басқару үдерісінде компаниялардың қаржылық стратегияларын есепке алу;

4.    Тәуекелді басқару кезеңіндегі опреацияларды есепке алу;

5.    Қабылданған тәуекелдерді басқару;

6.    Жеке тәуекелдерді басқарудағы тәуелсіздік;

7.    Қаржылық опреациялардың табыстылық дәрежесі бойынша қабылданатын тәуекелдің деңгейінің сәйкестігі;

Тәуекелді табыстау мүмкіндігін есепке алу

 

Тәуекелді қабылдау деңгейі бойынша

 

                

Сурет 2. Компаниялардың қаржылық тәуекелін басқарудың негізгі қағидалары

 

8.    Компаниялардың қаржылық мүмкіндігіне байланысты тәуекелдің сәйкестілік деңгейі;

9.    Тәуекелді басқару тиімділігі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Абдрахманова Г.Т. Финансовые риски в экономической деятельности компаний. Алматы: ТОО «Издательство LЕМ; 2004. -252с.

2. Макаревич Л.М. Управление предприятельскими рисками. Москва – 2006г.