ГОСУДАРСТВЕННОЕ  УПРАВЛЕНИЕ/ 2.Современные технологии правления.

 

Х. Ертай магистр, оқытушы

С. Құнанбаев «ГМУ-11к» тобының студенті

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Жастар - келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет.

Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады»,- деген болатын. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.[1]

Қазақстан Республикасының Президентінің  жарлығымен 2016 жылдың «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2015-2020 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген. [2]

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясын жүзеге асыру аясында «Әрбір студент – туған ауылына» атты акция өткізді.  Акцияға 145 жоғары оқу орнының 30 500 студенті қатысты. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс жасалады. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы  29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына бағытталған қаржының жалпы көлемі  - 10 млрд. 738 млн. теңге, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.

Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған. 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын және ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен «Дипломмен – ауылға!» жоба бойынша кең іс-шаралар жүргізіледі.[1]

Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:

-   жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау;

-   жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;

-   әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;

-   жастардың денсаулығын қорғау;

-   жастардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;

-   жас отбасыларды қолдау;

-   жастар саясатының инфраструктурасын дамыту.

Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық  механизмдерін ойластыру. Осы бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, халықаралық ұйымдардың грандтарыннан бөлінуі тиіс.[2]

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша «қазіргі таңда жаңа буын өкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға толы күші мен талпынысын көрсетуде. Жастар еліміздегі реформалардың тірегі мен қозғаушы күшіне айналуда». Әрине республикамыздағы әр үшінші адам жастар қатарында болса, олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын емес.

Сол себептен Қазақстан жастарының жалпы жай-күйі билік жанынан құрылған жастар ісі бойынша арнайы органдардың бақылауында болуы орынды. Қоғамның, мемлекеттік құрылымның, өкілеттік өкімет органдарының назарын жастар проблемасына аударуының бірден бір айғағы – Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі құрамынан арнайы Жастар саясаты департаментінің құрылуы болды.[1]

Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:

· 1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

· 2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;

· 3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.

· 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:

· 1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;

· 2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;

· 3) тән саулығын сақтау және нығайту;

· 4) адамгершілік және рухани даму;

· 5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

· 6) азаматтықты қалыптастыру;

· 7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;

· 8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;

· 9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi.[7]

Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асуының негізгі құжаты болып табылатын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының концепциясы» қабылданды. Концепция тәуелсіз мемлекеттік жастар саясатының жаңа приоритеті мен стратегиясын анықтап берді. Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаты - жас буынның өсіп-өркендеуі мен азаматтық қалыптасуы үшін  құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және бекіту,асыру үшін келесі мақсаттар бөлініп көрсетілді:

1.  Жастар потратизмінде жастардың қоғами және рухани дамуын қамтамасыз ету.

2.  Жастардың еңбек, білім және денсаулығын сақтау саласында әлеуметтік құқықтарын қорғау.

3.  Жастардың әлеуметтік–экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау.

4.  Жастардың рухани және материалдық дамуы үшін жағдайлар жасау.

5.  Жастар қоғамдағы инициативаларын ынталандыру және қолдау.

6.  Қазақстан жастарын халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процесстеріне тарту.[4]

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды.Биылғы жылы Президент жастар саясатын жетілдіру бойынша бірнеше іргелі тапсырмалар берді.Бұл міндеттер Жолдауда, Қазақстан халқы Ассамблеясында сөйлеген сөзінде, бағдарламалық мақаласында, Назарбаев университетіндегі дәрісінде және «Жас Отанның»   ІІ съезінде қойылды.

Аталған тапсырмалар бойынша мынадай жұмыстар атқарылуда.

Бірінші. Басқарудың түбегейлі жаңа институционалды моделі жасалды.

Министрлік құрамында Жастар ісі комитеті, аймақтарда – тиісті басқармалар құрылды.ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысының форматы жаңарды.Елбасының тапсырмасына сәйкес жастар саясаты жөніндегі аймақтық кеңестерді әкімдер басқарады.

Екінші. Жастардың негізгі «әлеуметтік лифтісі» ретінде білімнің рөлі артуда.

Соңғы 10 жылда арнаулы орта білімі бар қазақстандықтардың саны 40%-ға, жоғары білімі барлар – 3 еседен артық өсті.Саны жағынан, бұл әлемдік тенденцияға сай келеді. Жоғары білім бойынша бұл көрсеткіш тіпті асып түседі.

Сондықтан қазіргі уақытта ең бастысы – білімнің сапасы және оған деген сұраныстың болуы.

Үшінші. Тәрбие жұмысын күшейту.

Бұл бағытта Оқыту процесінің тәрбие компонентін күшейту бойынша үлгілік кешенді жоспар қабылданды. Ол 2013 жылдан бастап іске асырылады.Үкімет Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуға барынша назар аударылады.Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының басшылары үшін Дін істері агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысуымен тұрақты кеңестер өткізілмек..Елімізде жастар ұйымдарының саны өсуде. Олардың құрылымы мен шоғырлануы өзекті болып отыр.Бұл процесте «Жас Отан», 10 ірі республикалық жастар ұйымы және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы маңызды орын алады.

Жастар ұйымдарын шоғырландыру –жаңадан құрылған Жастар ісі комитетінің басты міндеттерінің бірі.

Төртінші.Елбасының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы бойынша  «Нұр Отан» партиясымен, «Жас Отанмен» және т.б. ұйымдармен бірігіп, жұмыс жасауда.

Бесінші. Жастарды жұмыспен қамту.

2001 жылмен салыстырғанда жастардың жұмыссыздық деңгейі 4 есеге азайып, 3,8%-ды құрап отыр.Бұл көрсеткіш Еуропа мен ТМД елдерінде шамамен 18%, ал кейбір елдерде 40%-дан асады.Біздің елімізде жастарды жұмыспен қамту мәселесі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы және басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар арқылы іске асады.Атап айтқанда, «Жасыл ел» жобасы. Оған  7 жылдың ішінде 160 мыңнан астам студент және жұмыссыз жастар тартылды.«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жұмысқа орналасқан педагогтердің саны   1,8 есеге, дәрігерлердің саны 2,7 есеге артты.

«Жастар саясаты» жобасының арқасында соңғы 3 жыл ішінде 50 мыңнанастам бітіруші тұрақты жұмысқа орналасты.Бұдан басқа да көптеген жобалар іске асуда.

Сонымен қатар, алаңдаушылық туғызатын бірқатар мәселелер де бар.

Бірінші – жұмыссыз жастар құрамының өзгеруі.Жұмыссыздық деңгейі жалпы азайып келе жатқанымен, олардың арасында жоғары және кәсіптік-техникалық білімі бар жастар көп.

Екінші – өз бетімен жұмыс істейтіндердің саны азаймай отыр. Ол – 2 млн-нан астам адамды құрайды.

Үшінші – техникалық және жоғары оқу орнын бітірушілердің едәуір пайызы жұмысқа орналаспай отыр.Жастарды жұмысқа орналасуға қолдау көрсетудің жаңа кешенді жүйесін құру қажет.Жаңа жүйе – жастарды жұмысқа орналастыруға нақты және толық мониторингті жүзеге асырады.[4]

Жастар саясатын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 2013 жылы 1,5 млрд теңге бөлінеді. оның ішінде әлеуметтік тапсырыс бойынша 590 млн теңге қарастырылған".

Өз қатарында он мың жасты біріктіріп отырған «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан Жастар Конгресі, Студенттер альянсы, «Жасыл ел» жұмысшы жастар жасақтары мен Ауыл жастарының одағы атынан Қазақстан халқы Ассамблеясында Елбасының жастар саясаты саласын қолдау бастамасын бірауыздан қолдайтындығын  мәлімдеді.

Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғамның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлшегінің бірі - жастар. Ел аумағында, мың екі жүзге жуық жастар ұйымы жұмыс жасап,  мемлекет қолдауы арқылы жыл сайын 50 мыңнан астам жастарға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады..

Елімізде мынадай жастар ұйымдары бар: «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты; «Жасыл ел» ЖЕЖРШ; «Қазақстан Жастар конгресі» ЗТБ; Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясы түлектерінің қауымдастығы; «Ауыл жастар одағы» ҚБ; «ҚСА» республикалық студенттік қозғалысы» ҚБ; «Ұлттық Дельфийлік комитет» ЖМ; «Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы» РҚБ; «Студенттік құрылыс жасағы» РШ ЖМ; «Қазақстан Жастар Конгресінің Мемлекеттік қызмет мектебі» ЖҚБ; «Жарқын Болашақ Белесі» ҚБ; «Казбренд» ҚБ; «Астана қаласының жастар мәслихаты» ҚБ; «Жігер» ҚБ; «Қарсы» ЖҚҚ» ҚБ; «Дипломат» ҚҚ; «Есірткісіз болашақ» КҚ; «Proдвижение» ҚҚ; «Пікірсайысшылардың республикалық қауымдастығы» ҚБ.[5]

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері.

Тұжырымдама мақсаты табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.

Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:

1. Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»;

2. Бағыт «Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту»;

3. Бағыт «Мемлекеттік жастар саясатын институтционалдық қамтамасыз ету».

Осы Тұжырымдама жастар саясатының жаңа үлгісін құру мен дамтыуға бағытталған заңнамалық және өзге-де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз бола алады.

Осы Тұжырымдама Ережесі келесідегідей нормативтің құқықтық актілер арқылы жүзеге асады:

1) 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-ІІ «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы;

2) Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары;

3) Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

4) Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

5) Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған бағдарламасы;

6) Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы;

7) Бизнестің жол картасы — 2020;

8) Аумақтарды дамыту бағдарламасы;

9) «Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы;[6]

10) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стартегиялық жоспарлары.

Қорыта айтқанда қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман.Жаңа идеялар жастардың жүрегіне тезірек жол табуы тиіс.Содан кейін оларды жетілдіріп,дамытып келе жатқан Қазақстан болашағының бәсекеге лайықты,басқа елдермен терезесі тең болуына жоғары деңгейде ықпал етуі тиіс.Ұлы бабамыз әл-Фараби: «Өткенді білмесең,болашақты болжау қиын»-,демекші,жастар өткенімізді есте ұстап,үлгі ала отырып,келешекке нық қадам басуы керек. Қай кезде болмасын өзінің ерік-жігері, күш-қайраты, білімімен ерекшеленетін қазақ елінің болашағы — жастар. Жас буынның еріктігі – мемлекеттің болашағының негізі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Зайниева Л.Ю., Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан әлемдік тәжірибе тұрғысында.-Алматы:Дайк-пресс, 2009-284б.

2.Б.Жұмағұлов. «Егемен Қазақстан», 2011 жыл.

3.ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті. 2015 жылғы Қазақстан жастар Ұлттық есебі.

4.www.primeminister.kz. 2012 жыл.

5. www.Inform.kz 2015 жыл.

6.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Ресми интернет қоры 2013 жыл.

7. "Егемен Қазақстан" 2014 жылғы 14 шілде N 176. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., N 16, 95-құжат.