Қасымов Е. К., Төкеев У. А.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы Қазақстан

 

ТРАНСПОРТТЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІСІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН

МОДЕЛЬДЕРІН ҚҰРУ

 

Қалалық жолаушылар транспортының жүйесі мегаполис өмірін қамтамасыз етуде және транспорттардың қалыптасуы мен жұмыс істеуінде пайда болатын ауқымда сұрақтар шеңберін шешуде маңызды рөл ойнайды. Қалалардың жемісті өсімі мен дамуы қалалық жолаушылар траспортының аддекватты түрде дамитын инфраструктурасымен тығыз байланысты. Транспорттық инфраструктура ең алдымен, халықты бір жерден екінші жерге ыңғайлы түрде тасымалдап отыру қызметін дамыту керек, ал екіншіден осы арада пайда болатын мәселелердің пайда болуын қарастырып, олардың алдын алу керек.

Қалалық жолаушылар транспорты өте маңызды әлеуметтік мәнге ие, не дегенімен оның қызмет етуі халықтың қажеттілігін өтеуге бағытталған. Орындалатын жолаушылар тасымалы әр түрлі болады, себебі халық өзінің қажеттілігі бойынша нақты бір тасымалдау транспортын таңдайды.

Әлбетте, әр түрлі траспорттарының тасымалдау құны, сәйкесінше, әр түрлі болып келеді, ол транспорттың комфорттық деңгейімен, тасымалдау рейсімен, қозғалу жылдамдығымен тікелей байланысты.

Қалалық жолаушылар траспорттарының жүйесін дамыту көптеген елдердегі жолдарда пайда болатын кептелістермен күресу тәсілдерінің бірі болып табылады. Біздің елдегі өсіп келе жатқан қалалар да осы аталған мәселемен соқтығысып жатыр.

Көшелер мен көше қиылыстарында пайда болатын кептелістер жол жүруге кететін уақыттың өсуіне алып келеді, ал ол өз кезегінде қалалық жолаушылар траспорттының жүйе жұмысының экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді, сонымен қатар бұл аталған мәселенің психологиялық және экологиялық аспектілеріне де әсер етеді.

Сенімді транспорттық желіні құру – траспорттық мүмкіндік деңгейінің артуына мүмкіндік береді, халықтың транспортпен жүруін жоғарылатады, жалпы қала ішіндегі қоғамдық транспорт жұмысының өзге де көрсеткіштердің жақсаруына алып келеді.

Бір бағыттағы жолдарды салу сол көше бойымен өте үлкен көлік ағындарын өтуіне мүмкіндік береді, және де бағдаршам жұмысын жетілдіру мен көше қиылыстарын доға секілді етіп жасау кептелістің алдын-алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде заманауи технологиялардың мүмкіншілігін толыққанды пайдалану артып келеді. Мысалы, осы жақын арада француз компаниясы жаңа автобус түрін ойлап тапты. Автобус толыққанды түрде жер астында жүретін метроның жұмыстарын атқарады. Бір артықшылығы, ол жердің бетінде рельстер бойымен қозғалады. Ені бойынша бір жолды толықтай жабады және 3-4 метрге биіктетілген, яғни кез-келген өзге көлік түрі астынан өте алады. Бір уақытта 100 шақты жолаушыны тасымалдай алады. Бұл кептелістің алдын алуға бағытталған ең заманауи технология болып табылады. Әзірге бұл технологияны ең алғашқы болып Қытай қолданатын болады. Себебі, бұл заманауи көлік түрі Қытай секілді ірі мегаполистері бар мемлекеттерге өте қажет. Қытай дүние жүзі бойынша халық және транспорт санынан алдынғы қатарды бастап келеді.  

Қалалық жолаушылар транспорты үшін орталықтанған ЭЕМ арқылы қолданылатын басқару жүйесін құру керек. Транспорттарға арналған жүйелерді құру мобильділікті қамтамасыз етуде және экономиканы оңтайландыруда маңызды рөл атқарады. Жүйені құру барысында шамалы қиындықтар туындайды. Байланыс желісі жоқ жол тораптарына байланыс желілерін орнату керек. Байланыс желісі жоқ жерден GPS арқылы спутникке сигнал жетпейді. Ал, бұл ақпараттың толық беріліп отыруына мүмкіндік бермейді. Жүйе толыққанды болу үшін транспорт жайлы ақпарат үзіліссіз беріліп отыруы керек.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін осындай жүйенің шетелдік үлгілеріне толыққанды зерттеулер жүргізу керек. Ең соңғы технологияларды пайдаланып, жүйені құрастыру керек. Кез-келген транспорт түрін басқару және оған мониторинг жасап отыру, ол қандай да бір ақпараттық жүйенің арқасында жүзеге асады. Оңтайлы құрылған ақпараттық жүйе туындайтын мәселелердің алдын-алуға мүмкіндік береді. Ол ақпараттық жүйе – мобильді қосымша және веб-қосымша болып табылады. Мобильді қосымша түрін кез-келген қолданушы түрлері пайдалана алады. Тигізетін пайдасы – жолаушы таситын транспорт жайлы кез-келген уақытта қажетті ақпаратқа ие болу.

Тиімді құрылған ақпараттық жүйе арқылы қолданушы кез-келген транспорты жайлы нақты уақыттағы ақпаратты үйден шықпай отырып-ақ біліп отыра алады. Бір нүктеден екінші нүктеге қозғалатын транспорттардың аялдамаларға қандай уақытта келетінін және қандай бағыт бойынша қозғалатыны жайлы ақпараттарды біліп отыра алады. Бұл өз кезегінде туындайтын кептелістің алдын-алуға мүмкіндік береді, себебі кез-келген транспорт регулярлы түрде қозғалып отыратын болады. Ал, транспорттық қызметтерді ұсынатын кәсіпорын үшін бұл ақпараттық жүйе таптырмас құрал, себебі ол кәсіпорын өз транспорттары жайлы ақпаратты біліп отыра алады.   

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1 Bashir Shalaik M.Sc. Software for the Control and Analysis of Public Transport Systems. A thesis submitted for the qualification of doctor of philosophy in computer science. [2012. – 294 p];

2 МальчиковаА.Г. Организация логистических потоков в системе городских пассажирских перевозок:Автореф. канд. экон. наук. СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, [2000. 18 с];

3 РахмангуловА.Н. Методы оптимизации транспортных процессов: учеб. пособие. Магнитогорск: МГТУ им. Г.И. Носова, [1999. 114 с];