Жасөспірімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес әскери қызметке дайындау

 

Ипов Ж.К.

ҚР, Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

«Благовещенка №2 орта мектебі» КММ

 

 «Ешкім іштей батыр болып тумайды.

Батырлық та мінез секілді өскен орта,

көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады».

                                                                                            Бауыржан Момышұлы

   

      Жасөспірімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес әскери қызметке дайындығына қол жеткізу үшін олардың жақсы дене дайындығы басты назарда. Қозғалыс қасиеттерінің қажетті даму деңгейі, бәрінен бұрын күш, шыдамдылық, жылдамдылық, икемділік, сондай-ақ жүйкеге түсетін психикалық ауырлықтарға, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұрақтылық пен батылдықтар да тыс қалмайды. Мектептерде жоғарғы сыныптардың әрбір оқушысы Президент сынамаларының нормативтерін сенімді түрде орындауына, спорттық әскери-қолданбалы түрлерімен үздіксіз айналысуға, өз денесін жетілдіруге үнемі назар аударуға, өз бойында батылдылықты, ерік-күшті, моральдық-психологиялық тұрақтылықты, денеге түсетін көп ауырлықтарды  көтере білу қабілеті мен даярлықты, алғашқы дәрігерлік жәрдемді көрсете білуді, сонымен қатар дене жаттығуларын орындауда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалуы қажет.

      Осы аталған ұсыныстар жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныптардағы жасөспірімдердің әскери қызметке дайындығын күшейту үшін жаттығулардың сабақтық және сабақтан тыс түрлерін ұйымдастыру жүйесін нығайтады. Жаттығу әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастырылғанда, бұл жасөспірімдердің халықаралық стандарттарға сәйкес әскери қызметке дайындығын қамтамасыз етеді. Дене дайындығының осындай жүйесінің нәтижелі болуының маңызды шарттары, ол оқушылардың дербес, үйде жаттығуы, жалпы дене дайындығы топтарындағы жаттығуы, Президент сынамаларына, спорттық секциялар мен әскери-патриоттық жарыстарға белсене қатысуы болмақ. Жасөспірімдердің дене және әскери қызметке дайындығын күшейту үшін сабақтан тыс жаттығуларда әскери-спорттық ойындарды, жарыстарды кең қолданған абзал. Осы орайда өз тәжірибеме тоқталғым келеді.  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына байланысты 7-8-9 сыныптар арасында «Алау» әскери-патриоттық ойынын өткіздім. Ондағы менің мақсатым  оқушыларды әскери тәртіпке үйрету, спорт  түрлерінен шеберліктерін жетілдіріп, төзімділікке, адамгершілікке және патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу.

       Әрдайым дене қимылы мен іскерліктердің дамуымен бірге оқушыларда моральдық ерік қасиеттерін,  сондай-ақ одан мектептен тыс жерлерде де дене жаттығулармен жеке айналысуға тәрбиелеу керек.

       Жасөспірімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес әскери қызметке дайындауда  дене тәрбиесі сабақтары елеулі ерекшеліктерге ие. Олар мыналармен сипатталады:

    Мектептің жоғарғы сынып оқушылары қозғалыс қасиеттерін дамытуда үшін мыны қағидаларды ұстанғаны абзал: 

Күш қасиеттерін дамыту.  Күшті дамытуды динамикалық және статистикалық күн тәртібінде орындалатын жаттығуларды пайдалана отырып, қайталау әдісін жүзеге асыру; күшті кешенді түрде дамыту үшін арқаның, іштің, иық белдеуінің, аяқ пен қолдардың негізгі ет топтарына арналған жаттығуларды алмастырып отыру керек.

    Шыдымдылықты дамыту. Жалпы шыдамдылықты дамыту үшін ұзаққа жүгіруді, жүзуді, шаңғымен жүгіруді, кроссты және т.б қолданылады. Шыдамдылықты дамытуға себепкер болатын жаттығулардағы жүктемелерді, олардың орындаудың қарқындылығы мен ұзақтығын өзгертумен реттейді.   

    Шапшаңдық-күштілік қасиеттерін дамыту үшін ауыртпалықтарды көтеруді, сондай-ай денесінің салмағын көтеру жаттығуларын пайдаланылады. Шапшапдық-күштілік жаттығуларын әдетте сабақтың кіріспе және негізгі бөліміне енгізеді және толассыз әдіспен орындайды. Екпін – жоғары  болады. Үзіліс кезінде тыныс алу және босаңсу жаттығуларын қолданады. Бастапқыда шапшандық бағыты басым шапшаңдық – күштілік жаттығуларын орындайды, олардың арасына 30-60 секунд салып 2-3 рет қайталайды. Содан кейін күш бағыты басым шапшаңдық-күшщтілік жаттығуларын орындайды.

  Жылдамдылықты дамыту. Жылдамдықты дамытуға арналған жаттығулар бар шапшаңдықпен орындалады, орындалу ұзақтығы 10-20 секундтан аспайды. Осы орайда өз тәжірибеме тоқталғым келеді.  Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күніне арнап «Батыр» әскери-патриоттық ойынын өткіздім. Мұндағы мақсатым  оқушыларды  әскери сапта жүруге, пәрмендерді оындауға, әскери тәртіпке үйрету. Спорт  түрлерінен шеберліктерін жетілдіріп, төзімділікке, шапшандыққа, шыдамдылыққа, адамгершілікке және патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу.

    Жасөспірімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес әскери қызметке дайындауғы жауапкершілікті терең сезіну, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да шымыр Отансүйгіш азаматтар дайындаудың іргетасы мектептен, алғашқы әскери білім беруден басталады. Ол үшін пән мұғалімі жасөспірімдердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру керек, жасөспірімдердің өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал жасау қажет. Сонымен қатар жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау үшін  мынандай мақсаттарды алға қою керек: Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiзiн  оқып үйренуi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi, әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгiн, қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы қажет.

          Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару  әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету -  Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.

Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.

Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді. 

Қазіргі әскери жауынгердің ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талаптар қойылған. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру - өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады».

Қорыта айтқанда, жасөспірімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес әскери қызметке дайындығына қол жеткізу үшін, болашақ жауынгерлердің дене дайындығын күшейту қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Аңызға айналған жеңімпаздар.- Алматы: Мектеп, 1984.- 144б.- (Әскери-патриоттық тәрбие кітапханасы)

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Конституция Республики Казахстан.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 96б.

3.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері // Қазақстан Республикасы:Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы,2001.- Б.241-252

4. Қасымбаев Ж. Кенесары хан: Саясатшы және қолбасшы.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 110б.     

5.Рокоссовский К.К. Солдат парызы: Әскери мемуарлар.- Алматы: Жалын, 1983.- 360б.

6.Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы//2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада