Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

Нурмаканова Б.Б.

ҚР., Солтүстік-Қазақстан облысы, Тайынша ауданы,

Теңдік орта мектебі

Әр бір сыныпта  үлгерімі төмен   балалар болады.Олардың даму сатысы өзгелерден едауір артта қалып қояды,себебі таным  компоненттерінің қалыптасуы әртүрлі деңгейде болады. Оған мынау факторлар себепті:    .  қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу.

Бастауыш сынып оқушылары берілген материалдың қиындығына тап болғанда   еркін шешім қабылдауға, тапсырманы орындауға қорқады,тақырыпты толық игермейді.Міне осылай нашар оқушы бола қалады.Оқу үлгерімі төмен оқушыларға ерекше көңіл аударып отырамын Әр сабақта  ақпараттық коммуникативтік  технологияларды қолдану арқылы қызығушылығын оятып ,ынталандырамын ,дидактикалық материалдар қолданып отырудың маңызы зор.Сонымен қатар көрнекіліктер  мен үлестірмелі материалдар, қызықты ойындар қолданған өте тиімді.   жылдамдығы төмен болғандықтан ол математика сабағында есеп мәтінін Оқу жылдамдығы баяу және қателері көп болғандықтан ол бала математика сабағында да есеп мәтінін түсінбейді   есте сақтау қабілеті де төмен болады.

Білім қоры аз,ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған балардың оқу ,жазу дағдыларын дамыту қиынға соғады.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін  шыңдау осыдан бастау алады.   

  Осы балалардың кемшіліктерін айтып өтейін:

1.Есеп шартын оқығанда әріп,буын,сөз қалдырып оқу.

2. Кейбір буындарды,сөздерді ежіктеп оқу.

Айтылған кемшілікті жою жолы-оқулықтан немесе арнайы карточкамен жұмыс беріледі. Карточканы әдемі түсті жасаған дұрыс болады.Компьютерге оқитын мәтін  енгізіп қоюға болады.Тапсырманы дұрыс орындаса-смайликтер  т.б. сыйлықтар беруге болады.Таным әрекетінің нәтижелігі-ақыл ой әрекетінің  даму дәрежесіне байланысты болалы.    Оқу процесінде және сабақтан тыс уақытта зейінмен ырықты есте сақтауды дамытып отыру қерек.

Ойын балалар үшін қызықты және күрделі әрекет.Олар білімді ойын арқылы ала алады және білімділікке үйренеді.Оқушының жас ерекшелігіне, зейініне  сай ұйымдастырылған ойындар оның ақылын ,дүниетанымын кеңейтеді,,мінез-құлқын ,ерік жігерін қалыптастырады және сабаққа  деген қызығушылығын арттырады. Нашар оқитын бала ескерусіз қалмау керек, Оларды деңгейі бойынша топтарға бөлу критерийлерін ұсынамын.

Критерийлері:

1топта нашар оқитын балалар.Олар ақырын ,баяу іс-әрекет етеді,олар сыныпқа ілесе алмайдыОсы факторды есепке алмасақ  оқуға деген қызығушылығы төмендейді да сыныптастарынан қалып қояды бұл балаларға өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс. 2топта нашар оқитын балалар.Оларға материалды естеріне сақтау үшін көп рет қайталау қажет

Бұл балалардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындығынан ,эмоционалдығынан ,зейінінің төмендегенінен    және жинақы еместтігінен  байқалады. Оған берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы.   Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы. Оларға әр әрекетті ауызша түсіндірген тапсырмаларды берген тиімді болады.   

3топ балалары қозуы мен тоқтатуының тепе-тең үрдісі бар оқушылар топтастырылады,олардың зейіні тұрақты жинақтау үрдісін жақсы меңгерген сөздік қоры мол.

Сараланған тапсырмалар –бұл жаттығулар жиынтығы,әрекет жасаған кезде   оқушылар ережелерді түсініп игереді,дағдылары жетілдіреді.

  Сараланған тапсырмалар таұтада,карточкада, слайдтарда,таблицаларда жазалып тұруы мүмкін.Олар міндетті тапсырмалар   дағдыны қалыптастыру үшін , ережені дқрыс қолдану ға жетелейді. етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек ,оқушы жалығып кетпейтітіндей болу керек.

Математикалық ұғымды әр түрлі деңгейде оқытудың <<Туынды>> тақырыбы бойынша үлгерімі төмен балаларға дайын кестені толтыруды,орташаларға кестені құруды,ал үлгерімі жақсыларға кестені құрып толдыруды тапсыруға болады.

   Оқу процесінде түрлі топтық,жұптық жұмыс түрлерін қолданудамын.

Білім  сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп ,тәжірибемде әр түрлі бақылау формаларын :бақылау тесттер,сұхбат,диференциалдық тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау керек,бұл балалар ерекше сезімде болады.     Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде түрлі әдістерді қолдануға болады Деңгейлік дифференцияны қолдану өте  тартымды    ,күтілетін нәтижеге қол жеткізуге болады. Оқушының функцианалды сауаттылығын арттыру өте маңызды фактор.  Жаңа формациадағы тұлғаны  тәрбиелеуде білім мен тәрбиені ұштастырып баланың ерекшелігін  ескере отырып қоғамға бейімделетін алған білімін қолданатын азаматтарды  мектеп қабырғасынан ұшыратын ұстаздардың еңбегі жаңа берсін. Мәңгілік ел идеясының әр бағытын жүзеге асырып болашақта білімді,парасатты азаматтарды тәрбиелеп, мәпелеп шығарайық.

 

 

 

Қолданылған әдебиет тізімі:

1.Журнал      Бастауыш мектеп  №12 2014ж

2.Журнал   Мектеп ұстаздарының әлемі №2 2016ж

3.Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47.

 4.Б.Баймұханов, З.Бекбаева «Оқушылардың математикалық тапсырмаларды             орындаудағы дербестігін арттыру» Алматы, 2006ж