ОҚУШЫНЫҢ
ӨЗІНДІК ДАМУЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ
ӘДІСТЕРІНІҢ БІРІ – ПАРАЦЕНТРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ
Баймуканова
А-Ж. А.
№3Смирнов орта
мектебінің математика-информатика пәні мұғалімі Солтүстік
Қазақстан облысы Аққайың ауданы
Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу» деп атап көрсетілген. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім
қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі
даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісінің
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқыту
саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту
әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып
жатқан қазіргі таңда оқыту
процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың
еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің
үздіксіз ізденісіне айналуда. Олай болса қазіргі мұғалімнің мақсаты
- бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Нарықтық
қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі
басымдылықтарының бірі
оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады.
Осыған орай әрбір мұғалімнің ең
негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген
қызығушылығын арттырып әрбір оқушының
шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау.
Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі:
Қазақстан Республикасының азаматын
қалыптастыру,өмірлік мамандығын анықтау және
оның өмірге деген дұрыс көзқарасын
қалыптастыру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне
өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын
жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін
жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы
іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз
бетінше білім алуға, оқушының өзіндік дамуына әрекет
ету болып табылады. Бүгінгі
мектеп түлегі ертеңгі ел азаматы
, өмірлік ситуацияларды, кез- келген мәселелерді өздігінен
шеше алатын тұлға дейтін
болсақ, мектеп қабырғасында оқушының
өздігінен дамуына аса
көңіл бөлгеніміз жөн. Оқыту технологиясының
аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше
сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске
асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы
мақсатта мен өз сабақтарымда интербелсенді әдістерді
қолданамын. Интербелсенді оқыту
технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара
әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының
қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін
ұйымдастыру. Интербелсенді
оқытудың негізгі қағидалары:
Орта
қалыптастыру
Әрекет
арқылы үйрету
Өмірмен
байланыстыру
Өзінділік пен дербестікке баулу
Интербелсенді
оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен
мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге
асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Себебі интерактивті оқытудың басты
мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой
қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме
өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік
тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен
қарым-қатынасқа түседі:
1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде); 2)өзге
балалармен (жұппен жұмыс істеген кезде); 3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген
кезде); 4)сыныппен (сауалнама алғанда) 5)кейбір техника түрлерімен
(компьютермен интернетке шыққанда т.б.).
Интерактивті әдістің ерекшелігі –
бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинайды. Бүгінгі таңда білім беру парадигмасының
өзгеруі білім берудің
тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске
асыруға бағытталған ескере отыра, оқушыларға
механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи
қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара
отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруына кең
мүмкіндіктер жасайтын білім кеңістігін құру.
Оқушыларды жоғары мектеп жүйесінде білім алуға даярлау,
өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін
тигізетін өзіндік білім алу мәселесін шешу мақсатында сабақтың 80% өздігінен
жұмыс істеуге бағытталған интербелсенді
әдістердің бірі парацентрлік технологияны қолдануды ұйғардым.
«Парацентрлік технология» термині әдістемелік нұсқау
бойынша оқу құралдары арқылы жұптық
оқытуды білдіреді. Берілген
технологияны іске асыру барысында
білім алушылар
«оқушы-оқушы», «оқушы-мұғалім»,
«оқушы-оқу құралдары», «оқушы-компьютер»
сұқбаттасып оқытуын және міндетті түрде центр «мұғаліммен» кездесуді
қамтиды. Бұл технология жеке тұлғаға
бағытталған оқыту болып табылады. Мақсаты
оқушының өзіндік дамуын пән арқылы өз еркімен жүзеге асыруға, барлық
қатысушылардың өзара әрекетіне және нәтижеге негізделген. Оқу құралдары
дегеніміз берілген тақырып бойынша
қолданылатын тапсырмалар, оқулықтар, кестелер т.б .
Оқушы әрбір сұхбаттасу
барысында берілген тапсырманы
орындауға қажетті уақытты, өз қабілетіне
сәйкес оқу
құралдарын және
деңгейіне тиісті әдістемелік нұсқауларды
таңдай алады. Осы аталған шарттар оқушының өз бетінше ой
қорытып, жауап табуына ықпал
етеді.
Берілген технологиямен
жұмысты ұйымдастыру үшін мұғалім
төмендегідей материалдарды
даярлауы тиіс:
1. Негізгі және қосымша оқу
материалдарын (құралдарын)
2. Оқушы және мұғалім үшін маршрут
парақтарын
3.
Әр оқу құралына әдістемелік нұсқау
4.Бақылау парақтарын
5. Оқушылардың жұмыс орны
Негізгі және қосымша оқу
материалдары (құралдары)
оқушыға сұқбаттасудың қандай түрін таңдаса да
түсінікті болуы тиіс.Оқу құралдары бұл тест
тапсырмалары, есептер жинағы, оқулық, электронды
оқулық, кестелер, дидактикалық карточкалар, бейнематериалдар
болуы мүмкін.Әрбір оқу
құралын қолдану бойынша
әдістемелік нұсқау беріледі. Тақырыпты берілген технология
бойынша оқу алдында мұғалім оқушылармен бірге
бақылау парағын дайындайды, онда күтілетін нәтиже ,
табыс критериилері жазылады. Бақылау парағын эталон деп атайды. Ол
оқушыға сабақ алдында беріледі. Парацентрлік технологияны
қосарланған сабақтарда, білім білік дағдыларын
автоматты деңгейде меңгеру қажет тақырыптарда қолданған
тиімді. Осы технологиямен
жүргізілген сабақтарда оқушының өзіндік дамуын
бақылауға болады: танымдылық іс әрекетте (өздері
қажетті ақпарат
көздерін таңдайды,
тақырыпты игеруде өз жұмыстарын жоспарлайды, ақпаратпен
жұмыс істейді, өзін-өзі, өзара тексереді, ақпараттық- интеллектуалдық
ресурстарды шығармашылықпен өңдеу, жобалау, талдау
жасау, жинақтап қорыту, ұтымды қолдану біліктіліктерін
дамытады), коммуникативті іс әрекетте (өзара қарым-қатынас тәсілдерін біледі), кәсіби іс-әрекетте (кәсіби
мәселелерді өзара, мұғаліммен шешу). Қорытындылай
келегенде аталған технологияны қолдану жалпы оқу сапасын
арттыратыны сөзсіз. Оқушылар
өздігінен жұмыс жасау барысында іс-әрекетті жүйелі түрде жоспарлауға
бейімделді. Оқулықпен, бейнежазбалармен, интернетпен, кестелерден
қажетті ақпаратты анықтай алды. Жұпта жұмыс
істеуге, әртүрлі әлеументік рөлде қарым қатынас
орналастыруға дағдыланды. Парацентрлік технология негізінде оқушының жеке қабілеттерін, оқушының
потенциялдық мүмкіндіктерін , ішкі қажеттіліктерді есепке ала
отырып жеке даралық бағытта оқыту арқылы
оқушының өзіндік дамуы
жүзеге асырылады деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңы
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаеатың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты Астана 2014
Білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер «Қазақстан мектебі» журналы
Жаңаша
оқыту –заман талабы Ғ.Сұлтанова
Суртаева Н.Н. Нетрадиционные педагогические технологии
Математика- 2016.
Оқу әдістемелік құрал