Оқытудағы жаңа
технологияны енгізудегі бастауыш сынып мұғалімнің
орны
Балтагереева
С. Н.
ҚР, Солтүстік
Қазақстан облысы,
«
Тайынша қаласы № 5 орта мектебі» КММ
бастауыш
сынып мұғалімі
Бүгінде ұлттық
болмысымыз бен мәдениетіміздің,тіліміз бен дініміздің де
қайнар көзі –мектеп-алтын бесік. Алтын бесіктің
елдің елдігін,халықтың халықтығын өлшейтін
екі өлшемі бар.Біріншісі-ұстаз
ұлағаты,мұғалім мәртебесі,екіншісі
–ұрпақ тәрбиелеу,шәкіртті
шыңдау.Президентіміздің мектеп тағдырына
алаңдаушылық білдіруі жасампаз еліміздің ертеңіне деген
жанашырлығы деп білеміз. Сондықтан да бүгінде білім беру
жүйесінің негізгі мақсаты-оқытудың
инновациялық әдістерін енгізу жолымен мектептердегі
оқытудың деңгейін көтеріп,оқушылардың
шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру болып
табылады. Бүгінде мектептің мақсат міндеті әр
оқушының жеке тұлғалық қадамына жол
ашу болып отыр. Мұндағы ауыр салмақ мектеп айнасы
болып есептелінетін мұғалімге түспек. Мектептің
білім беру саласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан,
мұғалім жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже
бермейді. Бүкіл білім саласының, бірнеше жылдар бойы
қалыптасып қалған мектеп жүйесінің
қоғамнан, тұлғадан алшақтануы педагог
қауымының педагогикалық жалпыламалыққа
машықтануынан деп білуге болады.
Жаңаша педагогикалық технология –
ғылым жетістігі. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен
тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа
технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі
оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық
іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.
Бұл әдістемелік жүйенің басқа
бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі
мен құралдарының) өзара байланысы қалпында
өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына
ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
–
Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің
әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл
әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа
жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз:
«оқушы – мұғалім» ұстанымының өзара
тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы
және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса
назар аударылады.
– Жаңаша
оқытудың негізгі түрлері оқытудың дербес
және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде
алға қойылған мақсат – оқушыға деген сенім,
оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігі, беделі мен
қадір-қасиет сезімін дамыту болып табылады. Оқытудың
осы фронтальды түрі бастауыш сыныпта көбінесе, бағыт беру,
талқылау және түзетуді енгізуде пайдаланылады. Заман
талабына сай бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңа
технологияның негізгі мақсаты оқушылардың
өздігінен танымдық іс-әрекет жүргізе алатындай болуы
қажет.Қазіргі кездегі дәстүрлі оқулықтар
мұндай талаптарды қанағаттандыра алмайды, сондықтан да
оқушылардың өз бетімен білім алуына бейімделген заманауи
жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. Мұндай
жаңа технология бойынша сабақ беру барысында, тіпті үзіліс
кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтуға
болады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып,
әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатынын
байқатады. Жаңа тәсілдермен оқытуда оқушы
белсенді роль атқарушы ғана емес, жетекші бағытты
ұстанады. Әлемді тануға, белгісізді анықтауға өзі
жауап іздейді. Оқушы білімді әр түрлі әдебиеттерден,
теледидардан, интернет жүйесінен табуы мүмкін, сондықтанда да
ой қорытуы да әр түрлі болады. Оқушылардың
шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды төрт
кезеңге бөлуге болады:
1) Оқушылар шығармашылық
жұмыстарын бастамас бұрын, жұмыстың негізгі
мақсатын айқындап, ажырата білу керек. Шығармашылық
ізденіс мақсаты сабақта алған білімін тереңдете отырып,
берілген тақырыптар бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді. Осы
кезде оқушы танымы кеңейіп, білімі тереңдеп, өмірге
деген көзқарасын дамытады.
2) Оқушы белгілі пән бойынша
нақты тақырыпқа жүргізу кезінде ол өзінің
тақырыпқа байланысты әдебиеттерді дұрыс пайдалануды,
керекті материалдарды сұрыптап алуды үйренеді.
3) Бұл кезеңде оқушылар
өз қалауы бойынша белгілі сурет бойынша, тақырыптық
шығарма дайындап қосымша шолу жасауды үйренеді. Бұл
кезеңде оқушы өз бетімен жұмыс істеуге
дағдыланады. Яғни әр оқушы өзін-өзі
бағалап, өзін-өзі дамытып, өзін-өзі
басқарады.
4) Бұл
кезде оқушы өзінің шығармашылық ізденіс
тақырыбы бойынша, оны теориялық жағынан
қорғауға дайындалады.Мұнда мұғалім
оқушыға тақырыпты алдын ала беріп, оқушының
белгілі бір кезеңде жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
Оқушылар шығармашылық отырыста ізденіс жұмыстарын
қорғап саралайды
Бүгінде заман ағымына қарай ілесу –
адам табиғатының заңдылығы. Әлемдік жаңа
технологияның ғажайып жетістіктерін меңгеру
ұстаздардың кәсіби шеберліктерін молайта түсері
сөзсіз. Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары
мамандар болады, оларға жағдай жасау», керектігі айтылған.Ал
осы балаларымызға сапалы білім мен саналы тәртіпке үйретер
,бастауыш сынып мұғалімінің орны қандай?
Білімді ұрпақ –білімді
ұстаздан,білікті маманнан болмақ,ендеше әрбір мектептің
болашағы өз мектебінде шыңдалады.Ертең осы елге ие
болып,ел тізгін ұстатар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушысы
болғандықтан,Қазақстандық барлық
мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде
оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму
бағыттары,келешегінің көкжиектері бүкіл
қоғамның мемлекеттің назарында.Қай елде
болсын,балаға білім беру ісі елеулі орын алып,онымен
шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған да
ұстаз. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын
ашып,шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру,
олардың өз сенімдерін нығайту,бір сөзбен
айтқанда, өмірде өз жолын өзі таңдауына
түрткі болатынына себепші ұстаздар қауымының
бүгінгі таңдағы абыройлы борышы.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен
тәжірибелері. – А., 1991.
2.
Әміров Р. Бірінші класта
окушылардьң тілін дамыту үшін істелетін
жұмыстар А: 1957-51 бет.
3.
Балақаев М. Қазақ тілі
мәдениетінің мәселелері А., 1965
4.
Бұзаубақова К.С.
//Жаңа педагогикалық технологиялар//Алматы-Білім. 2000ж. 83-85б
5.
«Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл. №5
6.
«Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер
бойынша» журналы 2011ж.
«Бастауыш мектеп»
журналы 2010ж. №12