Бастауыш
сыныптарда АКТ тиімді қолдану
Хамзина Р. Қ.
№3 Смирнов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Аққайың ауданы Солтүстік Қазақстан
облысы
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру,
ізгілендіру, дамыту ғасыры. Білім үрдісінің қажетті
деңгейін қамтамасыз ету, оны жан – жақты зерттеу және
әлемдік деңгейге көтеру - басты міндет болып отыр.
Өйткені егеменді елдің ертеңгі білім үрдісі - білімінің
тереңдігімен өлшенеді. Болашақ жастардың білімділігі
мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы – білім
сапасын арттыру. Біз өмір сүріп
отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында
компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды
тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін
күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр. Олай
болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны
пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.Әр
мұғалім өз жұмысын екі түрде ұйымдастыра
алады. 1) Белгілі
технологияларды сабақ үрдісінде қолдану, 2)
өзінің технологиясын ұсыну. Мен өз тәжирібемде
жұмысты ұйымдастырудың бірінші түрін алып, осы
мәселені шешудің бірден бір жолын мен сабақта және сабақтан
тыс уақытта АКТ тиімді қолдану деп
санаймын.
Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу
әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы,
көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті
оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. . АК технологиялар
мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді. Мен ақпараттық –коммуникативтік технологияларды мынадай
мақсатта қолданамын:жаңа сабақты терең түсіндіруге; оқылған материалды бекітуге; оқушылардың білім деңгейін тексеруді жақсарту; сабақтан тыс жұмысты
ұйымдастыруға. Өз іс-тәжірибемде презентацияларды
қолдануым сапалы түрде
көрнекілікті қолдану және оқу материалын терең
түсіну; сабақта уақытты үнемді пайдалану; Сабақта проблемалық мәселелер туындап,
олардың шешу жолдарын белсенді дамыту; балалардың
оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың
қызықты өтуін қамтамасыз етеді; Әр пән
бойынша жүйелі тақырыптарға құрылған презентациялар бар. Тесттік бағдарламалар дайындық
мақсатында және білімді тексеру мақсатында
қолданылады. Қазіргі кезде тестік
әдістің көмегімен оқушылар білімі жиі сараланады.
Тестің саналылығы оның құру жүйесіне
тәуелді және оған енетін тапсырмалардың
күрделілігімен байланысты. Мектебімізге интерактивті тақта
құрылуына байланысты интерактивті тақтаны пайдаланып
жұмысты ұйымдастыра бастадым Ақпараттық оқыту
технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше
орын алып отыр. Бастауыш сыныпта
оқушыларға көрнекілікпен сабақ түсіндіру
бірден-бір талап болып отыр . Интерактивті тақтамен сабақ берген
кезде мұғалім, шәкірт
және интерактивті тақтамен қарым-қатынас
жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы
қозғау салып, шәкірттердің құзіретілігін
дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау
қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Оқыту әдістемесіне интерактивті тақтаны
енгізу, оқушының ойлауына,
сезіміне, еске сақтауына, танымдық, ынталылық
әрекеттеріне оң ықпал жасап, жақсы нәтиже береді.
Электрондық құрал. Заман ағымына сай сабақта қолданылатын
электрондық байланыс оқушылардың
қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен
қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап
көруге, тыңдауға және алған
мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Өз сабағымда оқушыларды шығармашылыққа
жұмылдырып, электронды оқулықты пайдаланамын. Біздің басты мақсатымыз – білім
сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның
білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Өзімнің
іс-тәжірибем бойынша құрастырылған «Геометрия
бастамалары» тақырыбындағы электронды құралды
қолдану білім сапасын артырғаны сөзсіз.
Іс тәжирібемнің қорытындысынан АКТ –бұл
бүгінгі күннің технологияы ғана емес, ертеңгі
күн де де сұранысы мол мұғалімдер қолдануына
тиімді технология екеніне көз жеткіздім. АКТ
іске асуының пайдасы:
Оқушыларға шығармашылық қабілеті,
практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы дамиды ,өз бетімен жұмыс істеуге
үйренеді; оқушының
логикалық ойлау қабілеті артады. Компьютерлік сауаттылығы
артады
Қорыта келе АКТ тиімді қолдану
шығармашылық жігер беріп,, Заман талабына сай жаңа технология
әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші –
мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа
тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай
дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына
зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.