Үш тұғырлы тіл – заман талабы

 

Кушешова А. М.

«Ғ.Мүсірепов ат.ОМ» КММ

Жамбыл ауданы Солтүстік Қазақстан облысы                                                                                     

                                                                                  «Тіл – ұлттың тірегі»

                                                                                                       Шыңғыс Айтматов

    Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді  меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентәмәз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біздің балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек»,-деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсанда Жолдауында.

   Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана даурыға беруің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл өте дұрыс нәрсе. Себебі,бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас балалар да орыс тілін білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірбиесін молайтуда.

    Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ  ұлтыныңжанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесінеие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шаралар атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану- еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде .

Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттың ішінде  тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып , қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдыретті ештеңе болмаған.

  

 

 

 Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан  - тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәденитін, қоғам құрылыстары мен салт –сананың жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіш. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі – мемоекеттік тіл, орыс тілі – қарым –қатынас тілі, ағылшын тілі –жаһандану тілі» деген.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбаымыз атап көрсеткендей. «Дауға салса аластай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез кезген орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байыырғы , мәңгі жас, отты да ойнақы  Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін. 

   Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең , оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, сағлан жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бәр даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік, ағайын!                                                                                                              

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Сыныптан тыс жұмыстар журналы, 2015 жыл

2. Қазақ әдебиеті журналы , № 12, 2015 ж.сәуір

3. 4) bilimdiler.kz/.../3465-satylay-keshendi-taldau-tehnologiyasynyn-tiimdili‎

6)  www.bilim.astana.kz/

8) http://diski.resobr.ru/mpzdsh/2010-01.php