БАСТАУЫШ
СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІН
ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ
МАҢЫЗЫ
Ирсакова М.А., Жайлау М., Тараз қ.
Бастауыш сыныпта қазақ
тілінің дыбыстық жүйесін нәтижелі үйрету
үшін оны оқыту әдістемесін үнемі жетілдіруді қажет
етеді. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде
ұғынуын, өмірге деген өзіндік
көзқарасының дамуы, басқа ғылым негіздерін
меңгеру нәтижелері ана тілін жетік меңгеру деңгейіне
байланысты. Сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін
балаларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін
де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет.
Сондықтан да оқыту технологияларын оқу мазмұнына
балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай
таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бастауыш сыныпта қазақ тілінің дыбыстық
жүйесін оқыту үшін балалардың, жас ерекшеліктері мен
жеке ерекшеліктерін, олардын, зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял
ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін
жақсы білу керек. Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз,
оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну
қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі
өте шағын болады. Сондықтан оқудың
алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай
білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету
керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен
жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы
тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме,
ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта
түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері,
іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет
түрлерін жиі өзгерту—балалар зейінін тәрбиелеуге
көмектеседі.
Бастауыш сынып жасындағы оқушыларға бүгінгі
күні ұсынылып отырған білім берудің мазмұны,
олардың белсенділік іс-әрекеттерін арттыру мен ынталандыруды
жүзеге асыруға бағытталған жекелік
қарым-қатынас негізіндегі ынтымақтастық педагогика
жүйесіне негізделуде. Яғни, білім берудің бүгінгі
мазмұны - оқу, жазу, қарапайым есептеу - алты жасар
балалардың танымдық талпыныс құралына айналып отыр.
Бұл білімдер олардың даму өрісінде болады да, танымдық
ынтасын оятады. Баланың осы ынтасын қанағаттандыруды
мектеппен, және әлеуметтік орта, отбасы, аға
ұрпақ өкілдерінің ықпалы мен олардың
өмірге бейімдеу деген ұмтылысымен байланыстыратын болсақ,
оның мәні күрделене түсіп, үлкен мәселе
тұрғысынан қаралатын жұмыс болып табылады .
Дыбыстар жүйесін бастауыш сынып оқушыларына саналы
меңгертудің үлкен маңызы бар: сөз мағынасын
ажыратып түсінуіне; орфоэпиялық нормаларды қатаң
сақтай отырып, әдеби тілмен дұрыс сөйлеуіне;
сөйлеген сөзінің құлаққа
жағымды, әсерлі, әуенді болуына; орфографиялық
тұрғыда сауатты жазуына мүмкіндік береді. Сондықтан да
мектепте фонетикадан, соның ішінде алдымен, дыбыстар жүйесінен
мағлұматтар беріледі. Бағдарламада фонетикадан берілетін
білім көлемі шектеліп көрсетілсе, оқулықта оның
нақты зағдылықтары, ереже, анықтама түрінде
баяндалып, түрлі жаттығулар арқылы білімін, іскерлігін,
дағдысын орнықтыру, қалыптастыру көзделеді.
Тіл
дыбыстарын бастауыш сынып оқушыларына іс жүзінде меңгерту
үшін, алдымен, мұғалімнің өзі әрбір
дыбыстың ерекшелігін жақсы біліп, оны оқушыларға
үйретудің алуан түрлі әдістемелік
әдіс-тәсілдерін қолданады. Дыбыстарды оқыту барысында
танымдық, шығармашылық, ізденімдік сияқты жаттығуларды
қолдануға болады. Мұндай жаттығуларды қолдану
барысында бастауыш сынып оқушыларының қазақ
тілінің дыбыстық жүйесі ерекшеліктерін меңгеру тиімді
жүзеге асады.
Қазіргі
таңда жаңа ақпараттық технологияның басты
тиімділігі – бұл мұғалімге қазақ тілі
сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі
өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты
күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын
кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны
дамытуға толық жағдай жасайды.
Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде
ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді
қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту
әдістерін әзірлеу қазіргі кезеңде ең өзекті
мәселелердің бірі.
Оқыту технологиялары бастауыш сыныптың оқу процесіне,
сабақ түріне байланысты жан-жақты: проблемалық
оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек сигнал арқылы
оқыту, компьютерлік оқыту, электронды оқыту, коммуникативтік
технологиялар, инновациялық оқыту, жаңа технологиялар бойынша
оқыту.
Қазақ
тілін балаларға нәтижелі үйрету үшін оны оқыту
әдістемесін жетілдіру – бүгінгі күннің басты
мәселесі. Себебі, балалардың берілген білімді саналы түрде
ұғынуын, өмірге деген өзіндік көзқарасының
дамуы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана
тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сол себепті де оқыту
процесінде жетістіктерге жету үшін балаларға ана тіліміздің қыр-сырын
ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз
қажет. Сондықтан оқыту технологияларын оқу
мазмұнына балалардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы
зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу
мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің
ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу
үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік
интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде
жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды,
оқулықтарды енгізу. Интерактивті тақтаның келуіне
байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды.
Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті
тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын
қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге
тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз.
Жаңа технология
оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және
ең бастысы –оқушының
білім жетістіктерін
жақсартуға ықпал
етеді. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні бойынша
оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер
тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін
дайындауға болады.
«Сатылай кешенді» технологиясы. Бұл технология
оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауға және
сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады, пәнаралық
байланыс жасап, сабақты жаңа қырынан ашып, оқушыны
жалықтырмай жаңа білім игерілуіне мүмкіндік туғызады.Сондай-ақ
бұл технология бойынша сабақ өту мұғалім
үшін де,оқушылар үшінде жеңіл, әрі тиімді.
Ойын
арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен
қолданылады. Әр мұғалім технологияның
нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі
қажет.
1. Әр ойынның тәрбиелік,
білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп,
оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау;
2. Ойын жүргізетін орынның
мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға
сай болуы, алдын – ала әзірлеу;
3. Сыныптағы оқушылардың жас,
психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік
қорына сәйкес келуі;
4. Ойын кезіндегі қозғалыс,
техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету;
5. Ойынның, сабақтағы ойын
элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген
қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету
барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың
тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл
үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін
арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік
материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім
әрекетіне жетелейді.
Қорыта келгенде, тіл дыбыстарын
бастауыш сынып оқушыларына іс жүзінде меңгерту үшін,
алдымен, мұғалімнің өзі әрбір дыбыстың
ерекшелігін жақсы біліп, оны оқушыларға үйретудің
алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерін қолдана
алу қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Тұрдалиева
Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі.
–Астана: Фолиант, 2007.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы:
Жазушы, 2010.
2. Рахметова
С. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту
әдістемесінің негіздері. – Алматы: Атамұра, 2011.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі
жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мектеп, 2005.
3. Құлмағамбетова
Б. Қазақ тілі сабағында техникалық
құралдарды пайдалану. – Алматы: Ана тілі,
2010.
4. Б.Құлмағанбетова,
А.Исанова, М.Исинғарина, П.Айтжанова. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі. – Алматы: Білім,
2007.