Есбол.Ғ.Ш

 

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға оқытушысы

 

А. Байтұрсынұлы мен Ы. Алтынсаринның  ізгіліктік  аманаттары

 

Арамдыққа  құл  болма,

Адал  болсаң.

Әлсіздерді қинама,

Адам  болсаң.

( Нәсір Хосрау )

 

Биыл 2016 жылы 16 желтоқсанда Егемендік алғанымызға 25жыл толып отыр. 2015 жылы 1желтоқсанда Президентіміз Н.Назарбаев кезекті '' Қазақстан халқына Жолдауында '': «Қазақстанның жас азаматтары! Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен иновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады»  [1] деген болатын. Қазіргі «ақпараттық жарылыс» кезеңі бел алып отырғанда, бабаларымыздың асыл рухани құндылықтарын барынша жан-жақты әлемге мәлім етіп, ұлы дала өркениетінің тарихта өшпес іздер қалдырғанына құрметпен қарауларына көз жеткіздіру басты ізгі істердің бірі болар еді. Ал жас ұрпақ әркез олардың тәлімдерін бойына сіңіре білсе, өздері де  Бауыржан Момышұлы айтқандай: ''    Халық тәжірибесі тек бізге ғана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет.'' екенін ұғынар еді.     Ахмет Байтұрсынұлы 1916 жылы «Қазақ», газетінің, №167 жариялаған '' Туған тілім '' шығармасында:      

              Балықтай жүзіп адам, құстай ұшқан,

              Түндігің ашулы тұр күн – батыстан.

               Ғылым мен кереметтің кенін тапқан,

               Нұр кірер білім, өнер мол жақ тұстан. [2]  -деп, ел боламыз десек, Еуропаның ғылыми жетістіктерін меңгеру керектігін айтқаны,  Шоқан Уәлихановтың да пайымдауымен ’’Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет. ‘‘, дегенімен үндеседі.

ХIХ ғасырдың  60 жылдары қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ педагогика ғылымының негізін қалаушы Ы.Алтынсарин  '' Кел, балалар, оқылық! '' үндеуінде:

                           Ат өнері білінбес,

                           Бәйгеге түсіп жарыспай.

                           Желкілдеп шыққан көк шөптей,

                            Жаңа өспірім достарым,

                            Қатарың кетті-ау, алысқа-ай,

                            Ұмтылыңыз қалыспай!  [3]  деп, ғылым қоғамның өркендеуіне қызмет ететініне кәміл сенеді. Ендеше, әр істерде алға жылжу бар. Сондықтан қазіргі заманда '' білімі мол мыңды жығады да, өнерсіздер кенде қалатынын. '', жастар жан-жағына қараса, ізденсе ғана байқайды.

Ахмет Байтұрсынұлы « Азаматқа » деген қауымға жолдауында :

                              Жігіттер, қақ оңса, біз де оңамыз

                              Қақсыз қалай адам біз боламыз

                              Хақ кетсе айағынан азып – тозып

                              Ат мініп адаммын деп неғыламыз [4]  - деп, өмірге адам келген соң, туғандарының және қоғамның алдында парызы болады. Ұлтжанды Ахмет Байтұрсынұлы елдің бірлігі және ынтымағы жарасқанда ғана Егемендікке қол жеткізуге болатынын жақсы түсінді. Сондықтан да ’’бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді.‘‘ дегендей, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы жолында үлкен-кіші, кәрі де  Қазақсан мемлекетінің өркендеуіне қызмет ету кісілік борышымыз!

Ахаңның замандасы алаш қайраткері Смағұл Садуақасұлы: '' Қазір  ''мен әлсізбін ''деп ешнәрседен таюға жарамайды. Әлсіздің әлді болуы, әлдінің әлсіз болуы осы заманда қиын емес. Жігер керек, қайрат керек ''. Қалай керемет айтылған сөз. Жастардың жан дүниесіне ұялататын қандай қонымды және отаншылдық рухты оятатын ойлар.

        Ыбырай Алтынсарин  «Әй, достарым!» , шығармасында:

                              Әй, достарым, жігіттерім,

                              Болмасқа болушы болма,

                              Қолыңнан келсе қыл қайыр,

                              Кісіден алушы болма!  [5]  ,- деп, Әл Фарби данамыз  ''

Тәрбиесіз алған білім-зұлымдыққа әкеледі '' дегендей қандай да болсын тұрмыста болсын, немесе билікте болсын әр уақытта қайырымдылықта  ғана жетесің мұратқа деген ақыл кеңесі ғой. Қымбатты оқырмандар назар аударсаңыздар  А. Байтұрсынұлы мен Ы. Алтынсаринның  ізгіліктік  аманаттары  жастардың жан дүниесіне ұялататын қандай қонымды және отаншылдық рухты оятатын ойлар.

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Назарбаев.Н. -  '' Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы''. Егеменді Қазақстан.- №230, 2015ж.

2. Байтұрсынұлы А. Туған тілім. 5-том. А, 2006.-177 бет.

3. Алтынсарин Ы.  Кел, балалар, оқылық! –А.-1том, 2003.-25 бет.

4. Байтұрсынұлы А. Азаматқа. 5-том. А, 2006.-186 бет.  

5. Алтынсарин. Ы. Әй, достарым!- 1-том.А, 2003.-30 бет.