КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТРУМЕНТТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Мұхитов Жандос Жанғазыұлы
«Құқықтану» магистранты
Маңғыстау гуманитарлық-техникалық
университеті
Қазақстан, Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы
Кәсіпкерлік
құқық дегеніміз - кәсіпкерлік
қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес,
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа
қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік
құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында
қалыптасатын коғамдық қатынастар және сол
қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес,
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды
қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер
арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекет
пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар)қатынастар деп екі
топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік қатынастарды
реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың
субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына
мүмкіншілік туғызатын келісім
әдісі. Бұл әдістің мәні
кәсіпкерлік құқықтың субъектілері
бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда
ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара
келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары
мен бостандықтары бар.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
барысында міндетті тапсырма беру,
белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай
қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір
тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті
құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп
жағдайда бұндай құқықтық кесімдер
мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы,
кәсіпкерлікпен айналысатын жеке немесе заңды ұйымның
кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған
ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды
қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік
құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер
кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті.
Осындай әдістердің бірі - тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер кәсіпкерлік
субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында
қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін
болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен
айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістердің
бірі - кепілдеме,
ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік
қатынастардын барысында бір-біріне ұсыныс жасауға
мүмкіншіліктері бар.
Кәсіпкерлік
құқықтық қатынастар мынандай қағидаттарға негізделеді:
1) кәсіпкерлік істің
еркіндігі - кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам
заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес
жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы
бар;
2) кәсіпкерлік іс барысында
пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің
құқықтық (заңдық) теңдігі;
3) бәсеке еркіндігі және
монополияны тежеу;
4) кәсіпкерлік істің
негізгі мақсаты пайда табу құқығы;
5) кәсіпкерлік іс
барысындағы заңдылық;
6) кәсіпкерлікті мемлекеттік
реттеу.
Заңдық реттеу бағытына
тоқталсам. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың
құқықтық базасы болып ҚР Азаматтық кодексі, сондай-ақ
тағы басқа ҚР заңдарыдары, заңға
сәйкес нормативтік актілері табылады.
1-кесте.
ҚР кәсіпкерліктің құқықтық
базасы (хронологиялық кесте)
Елбасының
пікірінше, кез келген мәселе бойынша ШОБ субъектілерінің
үстінен қылмыстық іс қозғауға
тосқауыл қою қажет. Бизнес жұмысын жүргізу
ережесін бұзғандарға айыппұл салу тәсілін
кеңінен қолдану керек.
ШОБ-тердің шаруашылық
жүргізу кезеңіндегі ұсақ-түйек келіспеушілік
мәселесін төрелік соттардың қарауына беру керек.
Негізінен ШОБ субьектілерін салық органдары тексеруі қажет. Жалпы барлық
тексеріс кестесі нақты реттеліп отыруы керектігі заман талабы болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі