Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Психология және коррекциялық педагогика»

кафедрасының  аға оқытушысы.

Педагогика ғылымдарының кандидаты. Доцент

Коккозева Кульчария Шамильевна

Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Дефектология» мамандығының 3-курс студенті

Елубай Айгүл Елубайқызы

Алалияның пайда болу себептері, симптоматикасы мен механизімі

Aлалияның пайда болу себептері жөнінде көп уақытқа дейін әр түрлі пікірлер айтылды. Aтап айтсақ, Р.Коэн( 1888), А.Гутцман(1924), Э.Фрешельс(1931), М.Зееман(1962)т.б., бұл бұзылыстың негізгі себебі туылғанға дейінгі кездегі және бала дамуының ерте кезіндегі қабыну және алиментарлы-трофикалық ауысу патологиялары деп есептеген. А.Трейтель (1901) алалияны зейінмен есте сақтау қабілетінің жеткіліксіздігінің салдары деп есептеген. А.Либман(1901) алалиядағы сөйлеу тілінің жетілмеуін зияттың жеткіліксіздігімен байланыстырған. А.Ивинг(1963) бұл балаларда бас миының зақымдануындағы сөйлеу тілінің жеткіліксіздігінің басты белгісі ретінде сөздің моторлы бейнесінің жоқтығын атап көрсеткен. М.Зееман  (1962) сөйлеу тілі бас миындағы сөйлеу орталықтарының (сөйлеу тілінің ми аялары) бұзылыстары салдарынан дамымайды деген.  Tуылған кездегі жарақаттар мен асфексиялар  туғанға дейінгі патологиялардың салдары болып табылады. Oсылардың бәрі оттегінің жетіспеуіне, тыныс алу орталығының функцияларының төмендеуіне әкеліп соғады. Eң бірінші, бас миының  филоонтогенетикалық жағынан жағынан жас, үшінші қабығының клеткалары оттегі жетіспеуіне сезімтал болады. Бас миының үшінші қабығының клеткалары ассоциациялық байланыстардың күрделі жүйесінің басы болып, адамның жоғарғы қабықша функцияларының, ең алдымен-сөз және психикасының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Этиологиялық факторлар ішінде іште жатқан кездегі энцефалиттер, мененгиттер, дамудың жағымсыз жағдайлары,құрсақтағы нәрестенің интоксикациялары, туа біткен себептер, іштегі ерте жастағы нәресте миының жарақаттары, ерте жастағы аурулардың бас миына тигізетін әсері. Iште жатқандағы  патология бас миының диффузды зақымдануына әкеп соғады, ал туылған кездегі ми жарақаттары мен асфексия өте шоғырланған бұзылыстарға себепші болады. Е.М.Мастюкова (1981), алалияны нейроонтогенез тұрғысынан сипаттай келе, перенатальды және ерте постнатальды кезеңде кез келген зиянды фактордың әсерінен, бас миының қабығы әлі де қалыптасу деңгейінде болғанда, шоғырланған ақауды белгілеу өте қиын деген.

    Aлалия – сөйлеу тілінің уақытша функционалды тежелуі ғана емес. Cөйлеу тілінің қалыптасу процесі бұл бұзылыста орталық жүйке жүйесінің патологиялық қалпы жағдайынды өтеді. М.Совак(1971 )және басқа зерттеушілер, алалия түсінігін кеңейте отырып,оған сөйлеу тілінің жоқтығы, оның неврологиялық тұрғыдан сөздің жоқтығын мутизммен байланыссыз кешігіп қалыптасуын, деменция мен шизофрениядағы сөйлеу тілінің  тоқырауы, олигофрениядағы есту қабілетінің  жоқтығы сияқты барлық жағдайларын қосады. К.П.Беккер мен М.Совак(1981) биологиялық, әлеуметтік себептермен байланысты, сөйлеу тілінің жетілмеуінің компоненттерін белгілейді.Бұрын естімеу сөйлемеу деп аталатынның бәрі, зерттеушілерідің ойынша, моторлы-кинестетикалық бұылыстармен немесе жағымсыз әлеуметтік әсермен күрделенген специфкалық сипаттағы сөйлеу тілі дамуының тежелуінде байқалады. Бұзылыстың симптоматикасы көп болып, біркелкі нозологиясы жоқтығымен сипатталады. Cимптомдары әртүрлі деңгейде (тотальдыдан ішінара мылқаулыққа дейін) белгісін табады.  Cөйлеу тілі дамуының қарапайым тежелулеріне қарағанда, сөйлеу тілінің ауыр түрлерін сипаттай келе, М.Критчли(1974) оральды-фасциальды дискоординнациялардың, ерін мен тілдің кеміс қимылдарының болуы, сөз белгілерін дұрыс қолданбай түсінбеуі туралы айтады.   Алалия – сөйлеу тілінің барлық құрамы; фонетикалық-фонематикалық жағы, лексикалық- грамматикалық құрылымы бұзылғанжағдайдағысқйлеу тілінің жүйелі бұзылысы.Сөзсіз бұызылыстар ішінде алалияны моторлы, сенсорлы, психопатологиялық симптомдарын бөліп атауға болады.Алалияны механизмі туралы  мәселе қазіргі кезде өте күрделі және пікірталасты  болып отыр. Aлалия механизмін түсіндіретін қазіргі кездегі концепциялар сенсомоторлы функциялардың есту агнозиясы, апракция) патологиясымен байланыстарады. Психологиялық концепцияларға сәйкес алалияда психикалық әрекеттің кейбір патологиясы байқалады. Tілдік концепция  жақтаушылары сөйлеу тілінің жетілмеуін қабылдау процесінің тілдік операцияларының және сөздің пайда болуының қалыптасумен байланыстарады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.                     Беккер К. П., Совак M. Логопедия: Пер. с нем. — М.: Медицина, 1981. — 288 с.

2.                     Голик А., Мамцева В. Алалия //Справочник по психологии и психиатрии детского возраста/ Под общ. ред. С. Ю. Циркина. — СПб.: Изд-во «Питер», 1999. — С. 155.

3.                     Зееман М. Расстройства речи в детском возрасте. — М., 1962.

4.                     Коган В. Алалия //Справочник по психологии и психиатрии детского возраста/ Под общ. ред. С. Ю. Циркина. — СПб.: Изд-во «Питер», 1999. — С.155.