магистрант Жақыпбекова А.Ж.
М.Әуезов
ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,
Қазақстан, Шымкент
КӨЛЕМДІК БОЯЛҒАН КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ АЛУ
ӘДІСТЕРІНЕ ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Әлемдік тәжірибеде керамикалық кірпіштің
түрлі түстерін өндіру шихта массасына темір және хром кендерін,
сонымен қатар титанның қос тотығын енгізу жолымен
қол жеткізіледі.
Әр түрлі түстегі сазды шикізаттардан монотонды қара-қызыл
түсті кірпіш алу үшін, шихта массасына майда
ұндақталған гематит немесе түрлі мазмұндағы
темір тотығы бар темір кенін қосады.
Германияда қарқынды қызыл түсті кірпіш алу
үшін сазды массаға майда ұнтақталған гематитпен
қатар, арзан әрі оңай еритін темір тұздарын
қосады. Күдіру үрдісі кезінде қоспалардың
ыдырауынан сазды бөлшектердің маңында жұқа
темірлі қабыршақтар түзіледі.
Англияда бояғыш ретінде жұқа
ұнтақталған темір кендері қолданылады. Кірпіштің
түсі мен түстік қарқындылығы кенді
ұнтақтау дәрежесіне, саздың сипаттамасына,
күйдіру температурасына және пештегі ортаға тәуелді
болады.
Ресейде зертханалық шарттарда көлемдік бояу бойынша зерттеулер,
оңай балқитын монтмориллонитті сазға жұқа
ұнтақталған оолитті және гематитті темір кендерін
қосу арқылы жүргізілген.
950°С температурада күйдірілген бұйымдар: кірпіш – марка 200,
керамикалық тас – марка 150 сәйкес келген. Бұл
жағдайдағы оның ылғал сіңірімділігі 6,4-13,3%.
Алынған бұйымдардың суыққа төзімділігі 35
цикл [1].
Автор [2] жұмысында қызғыш түсті сазға
бояғыш компонент ретінде құрамында 54% Fe2O3
мазмұндайтын темір кенін қосып зерттелген. 20% темір кенінен
тұратын кірпіш массасы монотонды күңгірт-қызғылт
түске ие болған.
Автор [3] оңай балқитын сазды массаға хром және
темір тотықтарын бояғыш ретінде қолданып зерттеу
жұмыстарын жүргізген.
Бояғыш қоспаның құрамы оның
құрамындағы бояғыш тотықтардың жоғары
мөлшерін көрсеткен: хром тотығы – 97,3% Cr2O3,
гематит - 93,2% Fe2O3.
Қазіргі уақытта сазды массаны хромит кен және тотан
қос тотығымен көлемдік бояу жолымен кірпіш өндіру
іс-жүзінде қолданылмайды. Себебі, бояғыштардың
бағасы өте қымбат және шет елдерде бұл
әдістің қолданылуы кеңінен таралған.
«Alliance Brick Co» зауытында кірпішті бояу үшін қоспа ретінде
хромды темір біркелкі және момнотонды түс алу үшін
қолданған. Сәйкесінше өлшеулер есебінен бірнеше
түске боялған кірпіш алынған [4].
«Kings Mountain Brick» фирмасының
зауытында сұр түсті керамикалық кірпіш алу үшін темір
хромиті қолданылған [5].
Англияда сары түсті кірпіш алу үшін бір қатар
жағдайларда қызғыш сазға титан тотығын
мазмұндайтын бояғыш қоспа қосылған. Бұл шарттарда бұйымды
күйдіру кезінде титанның қос тотығы саздың
құрамындағы темір тотығымен әрекеттесіп,
сарғыш темір титанантын түзеді [3].
Францияда қызғыш сазды шикізатқа 1,5-3 мас.% титан
қос тотығын анатаз және рутил түрінде қосып, сары
түсті керамикалық кірпіш өндіру әдісі
ұсынылған.
Сәулет тәжірибесінде қабылданған
ғимараттардың қасбетін ашық түсті кірпіштермен
қаптау, ашық түсті оңай балқитын және
қиын балқитын саздардан қасбеттік кірпіштерді өндірудің
қарқынды дамуымен шартталған.
Бірақ, ашық түсті сазды шикізат кенорындарының саны
аймақтар бойынша шектеулі, ал қолданыстағы кенорындары
негізінен отқа, қышқылға төзімді материалдар
өндірістерінде қолданыста. Осыған байланысты, ашық
түсті кірпіштерді жергілікті шикізаттарды қолданып, шихта
құрамына майда ұнтақталған әктасының,
бордың, доломиттің карбонатты жыныстарын енгізу жолымен
өндіру қарастырылған.
Осы бағыттағы мәселелерге бір қатар ғалымдар
зерттеу жұмыстарын арнаған [6]. Бірақ келтірілген технология
өндірістік масштабта қолданысқа ие болмаған.
Ашық түсті қасбеттік кірпіштерді майда
ұнтақталған карбонаттармен көлемдік бояп алу
технологиясына Англия және Финляндия зауыттарында көп
көңіл бөлінуде.
Бүгінгі таңда карбонатты түстер іс жүзінде
қолданылмайды, себебі, кірпіш түсінің өзгеруіне
түрлі технологиялық факторлардың, яғни бұйымды
күйдіру температурасы, карбонатты қоспалардың салыстырмалы
беттігі, саздың құрамы, катализаторлардың
қолданылуы, қоспалардың шоғырының өзгеру
ықпалдары толығымен зерттелмеген. Сонымен қатар, үлкен
ықпал ететіні кірпіш түсінің өзгеруін қамтамасыз
ететін күйдіру пешіндегі газды орта.
Әдебиеттер:
1. Альперович
И.А. Лицевой керамический кирпич широкого цветового ассортимента. - М.: Сборник трудов ВНИИстрома, 1988. -
Вып. 65 (91) - С.69-76.
2. Альперович
И.А. Получение лицевого глиняного кирпича методом объемного окрашивания массы железной рудой. - М.:
Сборник трудов ВНИИстрома, 1982. -№46(74).-С.29-35.
3.
Альперович И.А., Варламов В.П., Перадзе
Н.Г. Получение лицевого керамического кирпича
методом объемного окрашивания массы оксидами хрома и железа. - М.: Сборник трудов ВНИИстрома, 1989. -
Вып. 66 (94). - С.3-11.
4.
Кирпичный завод «Alliance Brick Co» // Серия
«Промышленность керамических стеновых материалов и пористых
заполнителей»: Реферативная информация. - М.: ВНИИЭСМ,
1973. - Вып. 6. - С.37-40.
5.
Завод лицевого кирпича фирмы «Kings Mountain Brick» // Серия
«Промышленность керамических стеновых
материалов и пористых заполнителей»: Техническая информация. - М.: ВНИИЭСМ, 1970.-Вып. 11.-C.45.
6.
Альперович И.А., Варламов В.П.
Исследование технологии получения лицевого глиняного
кирпича методом объемного окрашивания массы тонкомолотыми карбонатами. - М.: Сборник трудов
ВНИИстрома, 1977. - № 37 (65). - С.32-43.