Экология/2Экологические и метеорологические проблемы  больших городов  

К.т.н. Дуйсебаева С.Т.

Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати,Казахстан

 

АУЫЗ СУ СЫНАМЫСЫН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ   

        

Лабораторияда жүргізілетін зерттеудің мақсаты: қала халқын эпидемиялық жағынан қауіпсіз және химиялық құрамы жағынан зиянсыз, сондай-ақ, жағымды органолептикалық қасиеті бар ауыз сумен қамтамасыз ету.

Суды зертеу әдістерінің барлығын бірнеше топқа бөлуге болады (кесте). Алайда тіпті еуропалық лабораториялардың өзі де    талдаудың барлық түрлерін ұсына бермейді. Ауыз су мен ақаба су үлгілерін құрамдық зерттеудің ең сирегі ретінде (қиындығы мен аппаратураның жоқтығына байланысты) хромато-масс-спектрометриялық, нейтронды-активационды және люминесцентті әдістері саналады.  

            Қолданылып жүрген әдістерге байланысты үлгі талдауларына қойылатын талаптар да ажыратылады. Сонымен, радиометриялық (сұйықтықты булауға негізделген) зерттеу көмегімен бір заттың катионының бар болуы мен концентрациясын анықтау үшін бир литрге дейін су қажет болады, ал толық спектрофотометриялық талдау үшін әдеттегідей жарты литр де жеткілікті.

          Тараз қаласы бойынша су сынамасының химико-аналитикалық және микробиологиялық талдауы ГКП  Тараз СУ химико-бактериологиялық лабораториясында жүргізіледі.

         Ауыз су сапасының өндірістік бақылауы сумен жабдықтау көздеріндегі судың және су жинау орындарындағы ауыз судың құрамы мен ерекшелігін анықтауды, жер үсті су көздеріндегі судың, ауыз судың су құбырлары желілеріне келіп түсердегі технологиялық өңделуін бақылауды және қаладағы тарату желілеріндегі ауыз суды бақылауды өзіне қосып алады.

          Тараз қаласы бойынша судың сапасын бақылау сұрыптаудың белгілі бір нүктелерінде іске асады, олар мынадай түрлерге бөлінеді:

жер асты су көздері; тазалау кезеңдері;тарату желілеріне келіп түсер алдындағы су; топтастырылған су бөгеттері (аталған су бөгеті аясында жиналған белгілі бір ұңғымаларда   хлорланған ауыз судың резервуары).

Ауыз судың сапасына келетін болсақ, ол МемСТ-қа сай «Ішуге жарамды су» ретінде 1749 сынама мен 16383 анализ сараптамасымен бекітілген.

 Шаруашылық-ауыз су суын пайдаланатын су объектілері суындағы химиялық заттың құрамы мынадай қағидаттармен жүйеленеді: химиялық зат суға бөтен иіс пен дәм бермеуі, судың түсін өзгертпеуі, көпіршік тудырмауы, яғни оның органолептикалық қасиетін және тұтыну сапасын төмендетпеуі тиіс;  адам ағзасына жағымсыз әсер ету.

 МҚК Тараз Су лабораториясының қызметкерлері мен автордың бірлесе отырып: ұңғымалардың біріндегі судың лайлылық, түстілік, иіс, қаттылық, сондай-ақ, бикробиологиялық талдауы параметрлері бойынша орындаған сынама талдауы Тараз Су МҚК жеткізетін ауыз су 11.08.04 ж. ҚР ӘМ №2999  бекітілген ауыз сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесіндегі судың сапасына қойылатын Санитарлық-эпидемиологиялық талаптың  3.02.002-04 нормасына және Санитарлық ереже талаптарына сай келеді деген шешімге алып келеді.

Мысалы, №1(Жалпақ төбе ауылы), №4(Жалпақ төбе ауылы) и №5(Құмшағал) ауылдарындағы ұңғымалардан алынған су сынамасы сұрыптамасы 2017 ж. 15 қарашасында жүзеге асты. Барлығы үш сынама алынды, сынама консервациясы қолданылған жоқ. Су сынамасын талдау 15.11.2017 – 24.11.2017 жж. аралығында жүзеге асты.

Зерттелінген ұңғымадағы судың лайлылық көрсеткішін талдау кезінде ол 11,1 ± 2,2 –ден (№ 5 ұңғыма) до 18,7 ± 3,7 мг/дм3-ке дейін (№ 1 ұңғыма) құбылып тұрады  деген қорытындыға келуге болады. Барлық ұңғымалардағы алынған мәліметтер бекітілген нормативтен (1,5 мг/дм3) асып түседі: 12,5 есе - № 1 ұңғыма, 9,7 есе № 4 және 7,4 есе № 5 есе.

Зерттелінген ұңғымалардағы судың түстілігі бекітілген гигиеналық нормативтен (20 град.) төмен: 18,2 ± 5,5 (№ 1 ұңғыма); 7,1 ±2,1 (№ 4 ұңғыма); 2,4 ± 0,7 (№ 5 ұңғыма).

Судың иісі көптеген факторларға байланысты болып келеді: еріген заттың құрамы, температурасы, рН мәні және т.б. Зерттелінген ұңғымадағы суды талдау барысында иіс байқалмады деген қорытындыға келуге болады: №1, № 4 және № 5 ұңғымалар – 0 балға сәйкес.  Су тегі көрсеткіші (рН) – судағы  су тегі бос ионы концентрациясын көрсетеді және қышқылдық деңгейін немесе судың сілтілігін айқындайды (судағы ионның қатынасы Н+ және ОН-). PН көрсеткішінің мониторингі де маңызды, өйткені оның өзгерісі тек иіске, дәмге және судың сыртқы түріне ғана әсер етпейді, су тазалау шараларының тиімділігіне де әсер етеді.

№ 1, № 4 және № 5 ұңғымалардағы су ұсынылған гигиеналық талаптардан аспайды, бейтарап ретінде сипатталады: 6,6 ± 0,2; 6,7 ± 0,2; 6,8 ± 0,2 –ге сәйкес.

Жалпы қаттылығы суда еріген тұз кальций (Ca2+) и магний (Mg2+), сондай-ақ темір катионы, алюминий, марганец (Mn2+) және ауыр металлдардың (стронций Sr2+, барий Ba2+) жоқ болуына негізделеді. № 1,  № 4 және № 5 ұңғыма суы СанПиН талабына сай келеді: 6,1 ± 0,9 и 6,5 ± 1,0 °Ж. 

№ 4 ұңғыма суының сынамасын микробиологиялық зерттеу бекітілген нормативке қайшы келген жоқ: жалпы микробтық саны - 0 КОЕ/мл, термотолерантты колиформды бактериялар мен жалпы колиформды бактериялар суда табылған жоқ.

                                             

Әдебиет  тізімі

 

1..Баешов Ә.Б. Экология және таза су проблемалары. Оқулық –Алматы: Дәнекер,2003 ж.-224 б.

2. Санитарлық ереже «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына,  шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» № 104 18.01.12  - Астана.: Денсаулық сақтау министірлігі , 2012г. – 103б.