Экология/2Экологические и метеорологические проблемы больших городов
К.т.н. Дуйсебаева С.Т.
Таразский государственный университет
им. М.Х. Дулати,Казахстан
СУ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РОЛІ
Табиғи судың ешқайсысы да мінсіз таза болмайды. Оның
құрамында түрлі мөлшерде еріген, коллоидты
химиялық компоненттер болады. Сұйықтықтың
құрамы көп жағдайда қоршаған ортаның
климаты мен жыл мезгіліне байланысты болып келеді. Кез келген табиғи су
сапалы тазартуды қажет ететіндігі сөзсіз, тек содан кейін
ғана ол санитарлық нормаға сай келеді және
тағамдық мақсатқа қолдануға жарамды болады.
Қазіргі тазарту станциялары тұнбаның түзілуіс және
басқа да қиындықтардан құтылу үшін
мөлшерлегіш механизмді құрылғыларды қолданады.
Тазалауда су тазалау ғимараттарында орнатылған жоғары сапалы
көп сатылы сүзгілер үлкен рөлге ие. Дұрыс
таңдап алынған сүзгілердің арқасында
алынған судың дәмі де жағымды және адам
денсаулығы үшін мүлде қауіпсіз болып келеді.
Судың сапасын жақсартудың негізгі
әдістері: тазарту және зарарсыздандыру.
Тазарту – суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде
маңызды кезеі болып табылады, өйткені, ол судың
физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Араласқан
заттардан тазарту кезінде, судағы микроағзалардың да
едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы
оның зарарсыздандыруын жеңіл және тиімдірек жүргізуге
мүмкіндік береді.
Мөлдірлендіру және түссіздендіру мақсатында суды
тазарту механикалық (тұндыру арқылы), физикалық
(сүзу) және химиялық (коагуляция, флокуляция) әдістер
арқылы жүргізіледі.
Су тазалау ғимараттары судың эпидемиялық және
радиациялық көрсеткіштері бойынша, химиялық
құрамы бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларға
сай келуі үшін ауызсуды тазартады. Олар су сутартқыш станцияларда
орналасады. Сонымен қатар, ағын суларды тазартуға
арналған арнайы техникалық жүйелер де бар. Сутартқыш
тазарту ғимараттары - өңдеуге жататын суларды реагенттермен
араластыруды қамтамасыз ететін құрылғы.
Суды өңдеудің қалыптасқан сызбасы
қазіргі сутартқыштарда судың органолептикалық
ерекшелігін жақсартуды және эпидемиологиялық жағынан
қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, бірақ суды химиялық
табиғаттың арнайы ластаушыларынан әрқашан
қорғай алмайды.
Соңғы жылдары халықтық шаруашылықтың
түрлі салаларында қолданылатын улы химикаттарға қатысты
су тазалау ғимараттарының тосқауылдық қызметін
бағалау аса өзекті мәселеге айналып отыр.
Қолданыстағы су тазалау ғимараттары және
сутартқыштарда қолданылатын суды өңдеу әдістері
(хлорлау, коагуляциялау, тұндыру, сүзгілеу және т.б.)
судағы хлорорганикалық пестицидтерді төмендете
алмайтындығы анықталған. В.А.Клячко мен
И.Э.Апельцинаның айтуы бойынша, екі сатылы технологиялық сызба
бойынша суды өңдеудің қарапайым әдістері
судағы гексахлоранның бар болғаны 8-10 % -ын ғана,
тиофостың 20 %-ғана, алдринның 35 %-ын ғана
төмендетеді.
Басқа мәліметтерге жүгінсек, тұнбас бұрын
енген 1 мкг пестицидтың судағы құрамын 10-150мг
мөлшеріндегі ұнтақ тәріздес белсенді көмір
қауіпсіз деңгейге дейін төмендетеді. Пестицидтің 0,1
мкг/л-ге дейін төмендеуіне түйіршектелген белсенді көмір
арқылы суды сүзгілеу жолымен жетуге болады.
Осы айтылғандардан байқағанымыздай, шаруашылық-
ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын суға
келіп түскен өзіндік заттардан суды тазарту өте қиын
және жауапкершілікті талап ететін мәселе болып табылады. Бұл
мәселе жан-жақты талқылауды қажет етеді. «Бұл -
сутартқыш ғимараттардың қорғаныс қызметін
арттыру әдістерін ары қарай зерттеудегі кезек күттірмейтін
міндет», - деп С.Н.Черкинский дұрыс айтып өткен[ 1].
Суды тазалаудың
технологиялық жолдарына назар аударатын болсақ, седиментация
және фильтрация процестері - көпшілік жағдайда бәріне
ортақ әдістердің бірі. Бірінші және екінші
топтарға жататын ластайтын заттарды тазалау негізгі сатылардың бірі
болып табылады. Судың құрамының өзгеріп
тұруы суды тазалау процестерін жүргізуді күрделендіреді [ 2,124-б.].
Қазіргі күнде қолданылатын суды тазалаудың ең
көп тараған әдістерінің бірі – хлорлау. Бұл
процесті жүргізу үшін хлор газы немесе құрамында
активті хлор бар қолданылады.Хлор
суда еріген кезде тез ыдырайтын хлор қышқылы пайда болады: Cl2 +
H2O D HOCl + HCl.
Ыдырау барысында хлор қышқылы HOCl D H+ + OCl - иондарына
ыдырайды. OCl- ыдырау барысында одан әрі бөлінетін атомарлы оттегі
ең бактерицидтік әсер етеді. Суды ClO2 хлор диоксидімен
өңдеу кезінде қалған бактериялардың өмір
сүруге қабілетті клеткаларының проценті байланысудың
бірдей уақыты кезінде сондай шоғырланған газ-хлорды
қолдануға қарағанда біршама аз. ClO2 микробқа
қарсы тиімді әсер өлшенген заттардың шоғырлануына
байланысты 0,1-ден 0,5 мг/дм3 дейінгі мөлшерде байқалады.
Бірақ, қалқыған және еріген
күйлеріндегі органикалық қосылыстармен судың ластануын
арттыру хлор диоксидінің инактивті әсерін азайтады және суды
аса сенімді зарарсыздандыру үшін реагенттердің мөлшерін 2-4
есе арттыру қажет. Суды өңдеген кезде ClO2
қолданудың кемшіліктері бір жағынан жанама өнімдер -
хлориттер мен хлораттардың пайда болуы, ВОЗ деректері бойынша олар
метгемоглобин құрайтын қосылыстарға
жатқызылған, басқа жағынан хлор диоксидін алуы күрделілігі
және қымбаттылығы, оның жарылыс қауіптілігі болып
табылады.
Әдебиет
2.Баешов Ә.Б. Экология және таза су проблемалары.- Түркістан, 2003, 390 б.
3. Колесник Ю.Р. Гипохлорид натрия в
обеззараживании питьевой воды//НПП «КРОК» г. Киев//Научно-практический журнал «Вода и водоочистные технологии», № 4, 2003
4.Ауыз суды және
тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру бойынша
нұсқаулық.- Қазақстан
Республикасы Құрылыс жəне тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгi.-Астана, 2011