Экономические науки/12.Экономика сельского хозяйства.

 

Саханова А.Ж.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ҚР АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

 

Бұл мақалада елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі мәселелері қарастырылған. Мақалада туындаған мәселелерді шешуде экономиканың аграрлық секторын көтеру мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар, тұжырымдар келтірілген. Отандық ауыл шаруашылығының дамуымен кепілдендіре отырып, тұрғындарды азық-түлікпен тұрақты және толық қамтамасыз ету кезкелген елдің әлауқатын нығайтудың маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты қоғамның тұрақты дамуы үшін елімізде толыққанды және салауатты азық-түлік нарығын қалыптастыру маңызды болып отыр.

Адамдардың көп бөлігінің қолы жететін бағадағы жоғары сапалы өнім түрлерін алуға мүмкіндік жасау, дамыған елдердің ұлттық стратегияларының мақсаты болуы кездейсоқ емес. Сондықтан да қазіргі таңда басты назарда тұтынушы үшін тамақ өнімдерінің физикалық қол жетімділігі, яғни өнімнің нақты сол аймақта болуы; тамақ өнімдерінің экономикалық қол жетімділігі, яғни тұтынушыға тиімді бағада болуы; өнімнің қауіпсіздігі, яғни адамның тамақтануы үшін қауіпті болмауы; тамақ өнімдерінің сапасы, яғни өнімдердің құрамы арнайы талаптарға толық жауап беруі тиіс. Бұл мәселелердің экономикалық және әлеуметтік саясат арқылы шешуін табу әр мемлекеттің басты бағыты болуы қажет деп ойлаймыз. Жалпы, елімізде азық-түлік қауіпсіздігі сәйкесті ресурстармен қамтамасыз етілген, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелсіз азық-түлік өнімдеріне халықтың қажеттіліктері қанағаттандырылатын экономиканың және оның саласы агроөнеркәсіптің жағдайына байланысты. Ол сапалы азық-түлік өнімін өндіру мен оны халықтың тұтыну мүмкіндігі үшін қолда бар табиғи шикізаттық ресурстарды пайдалануымен өлшенеді. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, «Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі мін- детті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз», және «біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өнді- рістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жоба- ларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық» - деп атап көрсете отырып, агро- өнеркәсіптік кешеннің дамуы азық-түлікпен ха- лықты қамтамасыз етумен тікелей байланыстылы- ғын және аграрлық салаға ерекше көңіл бөлу қажеттігін жеткізді. [1] Əлемдік ауыл шаруашылығы соңғы төрт жылда 2 рет дағдарысты басынан өткерді. Бұл әлемде азық-түлікті жеткізуде үлкен мәселенің барын және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің қай мемлекет үшін де маңыздылығын білдіреді. Егер елде азық-түліктің кейбір түрлері шығарылмаса немесе олардың өндірісі шектелген болса елдің азықтүлік қауіпсіздігі басқа елдерден сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда, басқа экспорт- таушы мемлекеттерге азық-түліктік, саяси және басқа да тәуелділіктің орын алмауы маңызды. Қазіргі таңда адамзаттың азық-түлікпен қамтамасыз етілуі оның өмір сүруінің кепілі ғана емес, елдегі әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады.

Өйткені, азық-түлікке деген бағаның өсуі елде қарама-қайшылық туғызады. Əлеуметтік сферадағы қауіпсіздік кезкелген қоғамдағы ең маңызды салалардың бірі. Адамдар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды оның басты қажеттіліктерін қалай қанағаттандыратындығы тұрғысынан бағалайды. Тек жеке мүддені қанағаттандыру арқылы ғана қалғандарының бәрін қанағаттандыруға болады. Дүние жүзі бойынша азық-түлік қауіпсіздігін 138 Азық-түлік қауіпсіздігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3 (91). 2017 анықтау ең бірінші сол елдің экономикалық жағдайымен қарастырылады, яғни әрбір тұрғын кезкелген уақытта, керек мөлшерде тамақ өнімін ала алуға тиісті.

Ақшалай табысқа байланысты тұрмыс деңгейі төмендегенде, азық-түлік тағамдарына баға өскенде азық-түлік тауарларын тұтыну азаяды. Ал агроөнеркәсіп өндірісінің дамуы төмендеп, тиімділік нәтижесі нашарлағанда елде азық-түлікпен қамтамасыз ету нашарлап, тіпті оның жетіспеушілігі туындайды. 2016 жылғы желтоқсанда өткен айымен салыстырғанда баға қарақұмыққа 9,6%, бидайға - 3,7%, арпаға - 0,9%, сұлыға - 0,6%-ға төмендеді.

Көкөніс өнімі 2%-ға арзандады. Баға сәбізге 5%, қызылшаға- 2,9%, қырыққабатқа - 2,5%, картопқа - 1,4%, пиязға - 1,1%, күнбағыс тұқымына - 4,2%-ға төмендеді. Қой еті 2,7%, ірі қара мал еті - 1,4%, жылқы еті - 0,9%-ға қымбаттады. Баға шикі сүтке 3,2%, жұмыртқаға - 2,5%, жүнге - 0,4%-ға өсті. Өткен жылдың соңында дәнді дақылдарға және көкөніске баға төмендеп, ет және сүт өнімдеріне баға өскенін байқауға болады [2]. Азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету - қажеттіліктерді ең алдымен сыртқы саудаға мейлінше тәуелді болмайтын жағдайда ішкі өндірісті дамыту жолымен қанағаттандыруды білдіреді. Оның үстіне, Дүние жүзілік сауда ұйымына кірген соң, Қазақстан әлемдік рынокта экологиялық жағынан таза отандық азық-түлік өнімдерімен ғана бәсекелесе алады. Сондықтан да еліміздегі ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге мемле- кет тарапынан икемді қолдау қажет. Өйткені, бұл сала өнімдерін өндіру үлкен тәуекелді қажет етеді және отандық кәсіпкерлердің көбі бұл салаға мойын бұра қоймайды. Дамыған рыноктық экономикалы елдердің тәжірибесі ауыл шаруашылығы өндірісіне мемлекеттік қолдаудың аса қажеттілігі дәлелдеп отыр. Бүгінгі күні әлемнің 149 елін біріктіріп отырған Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары тауарлар мен қызметтердің бүкіл әлемдік айналы- сының 95% реттеуде, сондықтан Қазақстан бұл ұйымнан тыс қала алмайды. Қазірдің өзінде Қазақстанның жалпы айналымының 50 пайызы ДСҰ-ға мүше елдерге келіп отыр. Біз бүгінгі күні Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттер- дің 136-сымен сауда қатынасын жасап отырмыз. Яғни, біздің әртүрлі тарифті көрсеткіштер бойынша сауда жасауға мүмкіндігіміз бар.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігі ең алдымен, тұрғындардың барлық әлеуметтік топтарының рационалды тұтынуын қанағаттандыру үшін қажетті ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін және оған ілесе жүретін ұлттық экономиканың басқа да салаларын, олардың сәйкес тауарларды импорттау мен өндірудегі тұрақты қабілетін, азық-түлік тауарлары көлемінің түпткілікті тұтынушыға жеткізілуі мен сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Бұдан елдің азық-түлік қауіпсіздігінің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерін болжау мен сараптауда мемлекеттің ролін бәсеңдетуге болмайтындығын көреміз. Азық-түлік қауіпсіздігі аясында экономиканы дамытудың басты тенденцияларының әсері жинақталған. Олар: азық-түлік рыногы, ауылшаруашылық өнімінің өндірісі, әлемдік рынокқа тәуелділік деңгейі, әлеуметтік жағдай, халықтың және жекелеген аймақтардың төлем-қабілеттілігі. Азық-түлікті зерттеу мен бөлу бойынша Дүниежүзілік ұйымның бағалауы бойынша, азық- түлік импортының қауіпсіз деңгейі тұтыну көлемінің 17%-нан аспауы қажет.

Қазақстанда азық- түлік импортының үлесі өнім түріне қарай 40 тан 60 % аралығында ауытқиды. [3] Əлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты туындаған жағдайларға қарамастан мемлекетіміз агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру мәселесін шешуге үлкен көңіл бөліп отыр. Республикалық бюджеттен 2014-2017 жылдарда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 668 млрд. теңге шығын қарастырылған. Сонымен бірге, өңдеуші кәсіпорындар салықтық жеңілдіктер мен банк кредиттерінің пайыздық ставкаларына және өндіріске халықаралық стандарттарды енгізу шығындарына субсидиялар қарастырылған.

Ел экономикасының ауыл шаруашылығы саласына қазіргі таңда үлкен талап қойылып отыр. Оның бірі ауыл шаруашылығы тауарларын саланы индустрияландыру арқылы экспортқа шығару мүмкіндіктерін жасау. Аграрлық секторды мемле- кеттік қолдау үшін Қазақстанда «Казагро» Ұлттық холдингі» АҚ, «КазАгроФинанс», «Аграрлық кредиттік корпорация», «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» сияқты сәйкесті даму институттары құрылды. «КазАгро» мемлекеттік холдингінің басты мақсаты ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мен қолдау болып табылады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан «КазАгро» холдингіне 120 млрд. теңге көлемінде қаражат агроөнеркәсіптің сапалы қызмет етуі үшін негіз болатын техникалық және технологиялық қайта жабдықтауға бөлінді. Осы қаражаттың 70 млрд. теңгесі егін егу және жинау жұмыстарын маусымдық несиелеуге бағытталды. Сондай-ақ, 2013 жылы «КазАгро» холдингі» АҚ бюджеттік несие есебінен 1552 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіні қаржыландырды. Бұл қаржы 3,8 млн. гектар алқапта көктемгі егіс және күзгі жиынтерін жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. [4] Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін қарастыру негізгі азық-түлік тауарларының қалыптасу көз- Л.А. Бимендиева ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №3 (91). 2014 139 деріне құрылымдық талдауды қажет етеді. Мұндай талдау отандық статистикада ресурстардың құрамы мен азық-түліктің маңызды түрлерін пайдаланудың бағытын ситаттаушы табиғи баланстар жүйесінің негізінде дәстүрлі жүзеге асырылады. Қазақстанда азық-түлік мәселесін қарастыруда аймақтық аспект маңызды болып табылады. «Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады» - деп, Жолдауда Президентіміз көрсеткендей, аймақтардың ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде сол өңірді азық-түлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында басқа өңірлермен байланыс орнату арқылы өнімді өткізу, жеткізуді келісе отырып шешу екі жақты нәтижелі болмақ. Азық-түлікпен ірі қалаларды қамтамасыз етудің мәселелері олардың жеке ауылшаруашылық өндірісі болмауынан және халықтың жоғары тығыздығынан туындайды. Сондай-ақ дағдарыстық үрдістер халық табысының сатып алу қабілетінің деңгейіне де, тұтыну деңгейі мен оның сапасына да әсер етеді.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайына немесе оның барынша әлсіз категориясына бұл әсер етудің дәрежесі дағдарысқа қарсы шаралар тиімділігі, экономикадағы сапалы институционалдық реформалар жолымен алға жылжу мүмкіндіктеріне байланысты болады және оны өмір көрсетеді. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2016 жылы 7,0%-ға өсті. ЖІӨ-нің құрылымында ауыл шаруашылығы 4,4%-ды құрады. 2016 жылы ауыл шаруашылығы ЖІӨ-де 940 603,0 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2256,6 млрд. теңгеге жетті, сәйкесінше 2016 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға артты. [4] Қазақстанның тәуелсіздік жылдарының соңғы он жылында ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 3,5 есеге өсіп отыр. Ауылшаруашылығының өнімдері мен олардың өңделген өнімдерінің экспорты 3 есеге артты, ұнның экспортынан соңғы үш жылда әлемде алдыңғы қатардамыз.

Ауылшаруашылығының негізгі капиталына инвестиция салу осы кезеңде 15 есеге өсті. Соның ішінде, жалпы құрылымда жеке инвестициялардың үлесі 60%-дан асады. Бұл мемлекеттің өндірісті ынталандыру мен адам капиталын дамытудағы саясатының дұрыстығын көреміз. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – маңызды сала.

Біз қазір консервіленген жеміс-жидек өнімдерінің 80 пайызын, ет өнімдерінің жартысын, құрғақ сүттің 53% сырттан әкеліп жүрміз. Егер осының бәрін шеше алсақ – онда адамдар қаладан селодағы өнеркәсіпке жұмыс істеуге баратын болады», Жолдаудағы көрсетілген басымдықтарға бағыт алатын болсақ, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуді шешу мүмкін болады деген ойдамыз.

 

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы Жолдауы. – Астана, 2017.

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы желтоқсан Қазақстан Статистикалық Агенттігі. – 2011 жыл.

3. Абишев Г. Чиновники ждут плодов стимулирования АПК Бизнес и власть. – Алматы, 12.11.2009.

4. Тезисы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан на ІV Астанинском экономическом форуме «Казахстан, опыт и достижения в агропромышленном комплексе» 4 мая 2011 года, Дворец Независимости. – г. Астана.

5. Портал «Туған жер – Родная земля».