УДК 332.146(574)

 

Экономические науки/Банки и банковская система

Ғылыми жетекшісі «Бухгалтерлік есеп және финансы» кафедрасының                           э.ғ.д., профессор, Даулетбаков Бакыткан Даулетбакович

Шорманова А.Ш 1 курс магистранты «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы

АО «Алматы Технологиялық Университеті», Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

Аңдатпа. Бұл мақалада инвестициялық саясатты жүзеге асырушы және оның негізгі құрылымы болып табылатын, мемлекеттің инвестициялық саясатының экономикалық дамуды ынталандырушы ұлттық жағымды инвестициялық климат қалыптастырудың маңыздылығы туралы қарастырады.

Аннотация: В этой статье рассматривается важность формирования национального инвестиционного климата, который способствует экономическому развитию инвестиционной политики государства и является ее основной структурой.

Annоtation: This article examines the importance of forming a national investment climate, which contributes to the economic development of the state's investment policy and is its main structure.

Түйіді сөздер: инвестиция, шетелдік инвестиция, инвестициялық тартымдылық, инвестициялық климат, негізгі өнеркәсіп, мемлекеттік қолдау.

Ключевые слова: инвестиции, иностранные инвестиции, инвестиционная привлекательность, инвестиционный климат, ключевые отрасли, государственная поддержка.

Keywords: investment, foreign investment, investment attractiveness, investment climate, key industries, government support.

«Қазақстан 2050» атты ұзақ мерзімді стратегияда еліміздің басты басымдықтарының бірі болып шетел инвестициясы және ішкі жинақтар көмегімен экономикалық өсудің тұрақты және әрдайым дамып отыруына қол жеткізу болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық өсуді инвестициялардың жоғарғы активтілігі мәтінімен алмастыруға болады [1].

Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, өндірістік үдерістің дамуын қамтиды және оның кейбір мәселелерін шешуге әсер етеді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның шетелдік инвестициялар туралы Заңы ТМД елдерінің ішінде ең жақсыларының қатарында болып отыр. Бұл заңның негізгі жетістігі, шетелдік инвесторларға берілетін кепілдіктерді бірінші орынға қоюында.

Заңда шетелдік инвесторларға келесідей кепілдіктер берілген:

-         Экспроприациядан кепілдік — бұл жерде тек шектен шыққан
жағдайларда ғана қоғам мүдделеріне сүйене отырып экспроприацияға
рұқсат беру қағидасы бекітілген, бірақ мұндай жағдайда занда бекітілген
тәртіп кемісітпеу негізінде сақталып, сәйкес келетін және тиімді өтем ақы бірден төленуі тиіс;

-         Шетелдік инвесторлардың шығындарын өтеу және орнын толтыру кепілдігі — мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен  пайда болған  шығындардың орны  толығымен  өтеледі. Форс-мажор жағдайында ( соғыс, ревалюция, төтенше жағдай) туындаған шығындарды өтеу кезінде шетелдік инвесторларға ұлттық режим беріледі.

Табыстарын пайдалану кепілдігі - шетелдік инвесторлар өз табыстарын Қазақстан Республикасы аумағанда қайта инвестициялауға және заңдармен тиім салынбаған өзге де мақсаттарда пайдалануға құқылы.

Өз валюта кұралдарын пайдалану кепілдігі - шетелдік инвестицияларға байланысты шетел валютасындағы барлық ақша аударылымдары Қазақстан республикасы мен одан тыс жерлерге салықтар мен өзге де міндетті төлемдер төленген жағдайда еркін және кедергісіз жасалады.

Бүгінгі күні аймақтарда күтілетін инвестициялар соммасы 3,5 млрд. АҚШ долларынан астам инвестициялық жобалардың (223 жоба) дерек тер базасы құрылған. Бұл жобаларды жүзеге асыру 34 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік туғызады.

Аймақтық инвестициялық жобалардың салалық құрылымы келесідей:

- құрылыс (103 инвестжоба);

- өңдеуші өнеркәсіп (74 инвестжоба);

- машина құрылысы (30 инвестжоба);

- инфраструктура салалары, транспорт, байланыс (7 инвестициялық жоба) және т.б.

Инвестициялық потенциал географиясы Қазақстанның барлық облыстарымен көрсетілгеніне қарамастан, қазіргі кезде инвестициялық активтілік назары инфрақұрылымы дамыған аумақтарға аударылған.   

Шетелдік инвесторлардың пікірінше, Қазақстан тартымды рынок болып табылады. Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалардың, ауыл шаруашылық, жер-судың, кәсіби жұмыс күшінің бай қоры және тиімді қолдану үшін инвестицияны қажет ететін ірі өндірістік потенциал бар.  Шетел инвесторлары Қазақстандағы қолайлы факторларға келесілерді жатқызады:

1) Табиғи ресурстарға қол жетімділік. Бұл ең алдымен ірі табиғи ресурстарды (мұнай және газ, түсті және сирек металдар, олар 9 трлн $ бағаланады) дайындауды бастаумен байланысты. Мамандардың бағалауы бойынша біздің мұнай қорымыз Ирак пен Иранның біріккен қорынан көп.   Қазақстан келесі ғасырдың басында жылдық экспортты 100 млн. Тоннаға жететін ірі мұнай державасына айналуы мүмкін.

2) Республиканың Орта-Азиялық транспорттық қиылыс ретінде тиімді геостратегиялық орналасуы. Бұл қиылыс халқы 2 млрд-тан асатын мемлекеттерге  және дамушы  нарықтарға (Ресей, Қытай, Оңтүстік Азия) шығуға мүмкіндік береді.

3) Қазақстан ТМД елдері ішінде экономика және қоғамдағы трасформация үрдістерінің дамуы бойынша бірінші орында.

4) Нарықтың үлкен потенциалы.

5)Мемлекеттің сыртқы саясаты.

6) Ішкі саяси тұрақтылық.

7) Пайданың потенциалды көрсеткіші.

Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң шикiзатымыз болып отыр.  Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық өндiрiске салынуда. Оны келесi суреттен көре аламыз: [3].

 

clip_image001
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дерек көзі: www.stat.gove.kz – Статистикалық деректер. Инвестициялар.

Сурет-2 – Елiмiзге келiп жатқан шетел инвестициясының құрылымы

 

Бүгiнгi таңда Қазақстан экономикасының дамуы негiзiнен инвестицияның көп мөлшерде тартылуына тiкелей байланысты. Өйткенi елiмiз өндiрiсiнiң жалпы деңгейi мен оның даму болашағының деңгейi қазiргi өндiрiс ауқымынан 10 есеге артық болып табылады. Бұл шамаға жету үшiн шетелдiк инвестицияларды тартумен қатар, отандық инвестицияның да үлесiнiң артуын басты орынға қойып, ұлттық инвесторлардың инвестициялық саясатын өндiрiстiң өнеркәсiп және өңдеушi саласына тартуына ынталандыруымыз керек.

Қазақстан тікелей шетел инвестицияларын тартуда ТМД елдерінің алдыңғы қатарында. Инвестициялар бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігінің дерек теріне қарағанда жалпы 2009-2016 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы  8889,2 млн . доллар тікелей шетел инвестицияларды игерді. Оның 1268,4 млн .доллар өтелді. 2017 жылы  тікелей шетел инвестицияларының жалпы құрылымы 1079,6 млн. АҚШ долларын    құрады.

Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет. Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.

Соңғы жылдары инвестициялық қызметтің жаңдану тенденциясы байқалады. Экономиканың салаларында іскерлік белсенділіктің өсуі, ішкі және сыртқы нарықтарда жағдаяттың жақсаруы, қаржылық институттардың бекуі  инвестициялық процестердің жандануына ықпал етті.

Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет. Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.

Соңғы жылдары инвестициялық қызметтің жаңдану тенденциясы байқалады. Экономиканың салаларында іскерлік белсенділіктің өсуі, ішкі және сыртқы нарықтарда жағдаяттың жақсаруы, қаржылық институттардың бекуі  инвестициялық процестердің жандануына ықпал етті.

Елімізде экономикалық жаңдану, байқалған кезде шетел инвестицияларын тарту мәселесі ерекше өзекті болып табылады.

Казіргі кезде Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың жаңа перспективалары ашылып жатыр. Олар:

1.          Шетел инвестицияларының    көмегімен    Казақстанның керексіз
болып қалған ғылыми-техникалық   потенциалын   игеру. Әсіресе машина
жасау кәсіпорындарында;

2.          Казақстанның   экспорттық   әлеуетті кеңейту;

3.          Импорттың орнын   алмастыратын өндіріс құру, халық тұтынатын
тауалар, азық-түліктік   тауарлар, дәрі-дөрмектер,   машина жасау   өнімдері
өндірісін дамыту;

4.          Транспорт  және     байланыс  сферасы,   өңдеуші     салалар  және
инфракұрылымдар;

5.          Шетел инвестицияларының   жұмыс күші артық   аймактарға (ең
алдымен онтүстік, батыс жөне орталық) тартылуына жәрдемдесу [4].

Шетелдік инвестицияларды тарту міндеттерін шешумен тікелей байланысты бірқатар түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Солардың ішінде келесілерді ерекше бөліп кеткен дұрыс:

-           концессиялар мен еркін экономикалық аймақтар жөнінде заңдар қабылдау;

-           кең ауқымды және бәсекелестік мемлекеттік институттар мен республикамызға маңызы зор жобаларды таңдау мен ұсыну, оларды жүзеге асыруға мүдделі инвесторларды табумен айналысатын ақпараттық делдалдық орталықтарды құру;

-           шетел инвестицияларымен байланысты кәсіпорындарды тіркеу мен статистика жүргізу ісінеқатаң бақылау орнату;

-           республикадағы инвестициялық климат мониторингінің ұлттық жүйесін жасау.

Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2050 жылға дейінгі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Президенттің болжамы бойынша оны іске асыру ел экономикасын 3,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, оларды капиталдандыруға мемлекттік қаражаттан 1 млрд. доллардан астам жұмсалды. Мұнда да шетелдік инвестициялардың капиталы үшін қызметтің кең ауқымы бар. Мемлекет басым бағыттарда айрықша преференциялар жасауда [1].

Қорытындылай келе, отандық нақты сектор мен өнеркәсiптi дамыту шараларына нарықтық тетiктердi тиiмдi пайдалану мақсатында ресурстарды үнемдi пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өндiрiстiк құрылымды дамыту, өнеркәсiп салаларының құрылымын жетiлдiру, бәсекеге қабiлеттi жоғары сапалы тауар өндiру мүмкiндiгi бар өңдеу салаларына қолдау көрсету, әлеуметтiк-экономикалық мәнi зор және ғылыми перспективасы жоғары салаларды ынталандыру.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, АСТАНА. 14 желтоқсан.

2.      Иностранные  инвестиции в РК : особенности и проблемы // Евразийское общество- 2011 г 1 .

3.      www.stat.gove.kz. – Статистикалық жиынтық, Инвестициялар

4.      Тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау қажет // Егемен Қазақстан -2017 ж.

5.      Кайгорцаев А. Инновационный и инвестиционный климат в Республике Казахстан // Аль Пари 2014 2-3. 70-71 стр