Экономические науки/ 3.Финансовые
отношения.
э.ғ.к.,
А.Е. Муханова
Қорқыт
ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет, Казақстан. Қызылорда
Қаржылық дағдарыстың туындау себептерін
анықтау тәсілдері
Қазіргі таңдағы қаржылық
кризис соңғы жылдағыға қарағанда өте
салмақты болып отыр. Себебі ол қаржылық
капиталдың қайта өндірісі нарықтағы
қаржылық ресурстарды дамыту,қаржылық ресурстардың
төлем қабілеттілігін арттыру қажет. Жалпы
қаржылық дағдарыс бір жағынан ұлттық
экономикаға,екінші жағынан барлық
шаруашылықтардың сенімсіздігін, тұрақсыздығын,
кризистік жағдайдың туындауына әсер етеді.
Қаржылық кризисті талқалауда
шаруашылықты тиімді басқару, әлемдік нарық
жұмысын ұйымдастыру, жалпы шаруашылықтарды тұрақтандыру,
екі жақты және көп жақты экономикалық
қатынастарды жүзеге асыру[1].
Қаржылық
кризистен шығуда трансұлттық банктердің,
инвестициялық корпорациялардың
ролі өте зор. Олар ғаламдық қаржылық
кризистің көлемі мен жағдайын, инвестициялық капитал және
сатып алу жолдарын, капиталды сақтандыру, және экономикалық
өсімді қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар, несиелік және валюталық тәуекелділік
шаруашылықтағы тұрақсыздыққа әсер
етеді.
Батыс Еуропа
тәжірибесінде банкроттықтың белгісі ретінде
қабілетсіздік фактысы саналады; бұл, қабілетсіз
қарыздарлардың өз кредиторларына
құлдыққа өтетіндігі секілді ескіден
қалған ұғымға сәйкес
қалыптасқан түсінік болса керек. Уақыт өте
мұндай тәуелділіктер мемлекеттік жазалармен ауыстырылды.
Бірақ, қабілетсіз қарзыдардың мұндай
жағдайға душар болуының себебі, шынайылылығы
тексеріліп, кінәлілік дәрежесі айқындалады.
Батыс Еуропа
елдерінің қылмыстық заңдарында банкроттық
«қарапайым» және «әдейі» деп бөлінетіндігі белгілі.
Мұндай ұғымдар революцияға дейінгі Ресей
тәжірибесінде де кездескен.
Франция
заңдарына сәйкес «қабілетсіздік» ұғымы тек
коммерсанттарға ғана қатысты. Демек, саудаға
қатысы жоқ шаруашылық субъектілеріне банкроттық ережесі
қолданылмайды.
Міндетті
түрдегі банкроттық келеді, егер коммерсант келесі
жағдайлардың біреуінде болса:
- оның
жеке немесе шаруашылық шығындары шектен тыс болса
- кездейсоқ
және де басқадай алынған операцияларға көп
суммалар жұмсалса;
- төлемдердің
шегертілуі үшін алып-сатарлық айналысу мақсатында
жоғарлатылған курспен сауда жасалса;
- қорлар
құру үшін жою құралдары қолданылса;
-кәсіпорынныңпрофилі
мен маңызына сәйкес келетін есеп беру жүргізілмесе[2, б.79].
Францияда, 1967
ж. қабылданған заңның 129 бабына сәйкес
банкроттық «әдейі» деп саналады, егер коммерсант:
- өзінің
есеп беру кітаптарын қайтып алса;
- өз
активтерін жұмсап жіберсе немесе белгілі-бір бөлігін жасырып
қалса;
- ешқандай
негізсіз өзін белгілі-бір суммада қарыздармын деп жарияласа,
бірақ шын мәнісінде ешкімге қарыз болмаса.
Германия
заңнамасы бойынша банкроттық субъектісі болып төлемдерді
жүргізуді тоқтатқан кез-келген қарызға батушы
саналады. Банкроттықтың қылмыстық заңмен
жазаланатын үш жағдайын бөліп көрсетеді –
«қарапайым», «әдейі» және «банкроттықтың ерекше
ауыр жағдайы»
Германиядағы
қарапайым банкрот кәсіпорындармен жұмыс жүргізу
стратегиясы екі стратегияға келеді: кәсіпорынды жою, немесе оны
қайта құру, соның ішінде санкция жасау арқылы.
Банкроттық
туралы істің қозғалуы қарызданушының өзінен
де, немесе бір немесе бірнеше кредиторлардан да қабылдана береді. Егер,
ходатайство кредитор тарапынан болса, онда ол қарызшының
төлемқабілетсіздігін сәйкес құжаттамалармен
дәлелдеуі қажет.
Мәселені
әдістемелік тұрғыдан зерттеуде шетелдік және
көршілес Ресейдің тәжірибесі талданды. Оларда да
кәсіпорынның дағдарысты жағдайларға түсу
мүмкіндіктері туралы өзіндік тәжірибелері бар екендігі аталып
өткен. Кәсіпорын қызметінің мүмкін
дағдарысқа түсуі туралы зерттеулер ХХ ғ. 30-шы жылдары
АҚШ-та жүргізіле бастаған екен. Қазіргі күнде
банкроттық жағдайды бағалаудың көбірек
таралған модельдері Э.Альтман мен У.Бивер модельдері болып отыр [3,
б.67].
Дегенмен,
отандық ғалымдардың айтуынша шетелік модельдерге сәйкес
кәсіпорынның төлемқабілетсіздігін бағалау
мүмкіндіктерін бағалау көп жағдайда оң
нәтиже бере алмайды екен. Шетелдік модельдерді
қазақстандық жағдайларға ыңғайластыру
тәсілдері де ұсынылған, соның ішінде Э.Альтманның
«Z» пен екі факторлы математикалық моделі де. Ресей ғалымдары да
осы мәселені барынша кең зерттеп өзіндік ұсыныстар
жасауда. Мысалы, О.П
Нарықтық
экономика жағдайындағы мейлінше дәл болжаулар
көпфакторлы модельдерден көрінеді. Шетелдіктер Э.Альманның «Z»
моделін жиі қолданады. Ол кезінде АҚШ-тың
қарқынды дамыған және банкроттыққа
ұшыраған өнеркәсіп компанияларының
мәліметтеріне негізделіп жасалған. Банкроттықтың
ықтимал Z жағдайы жекелеген бес көрсеткіштермен есептеледі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Ильясова А.Б.
Мұнай-газ саласы кәсіпорындарында дағдарысқа
қарсы басқару 6М050600
–Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
автореферат,2013ж. Алматы.
2. Антикризисное управление / Под ред.
Э.М. Короткова.- М.: ИНФРА – М, 2009.– 620 с.
3. Антикризисное управление: теория,
практика, инфраструктура / Под ред. Г.А. Александрова. – М.: Изд-во БЕК, 2010.
– 544 с.
4. Бабушкина Е. А, Антикризисное
управление. Конспект лекций /Е.А. Бабушкина.- М.: Эксмо, 2008 . – 160 с.