Дузельбаева Г.Б., э.ғ.к.

Қоныратбай Н  2 курс,  ЭК-16-1 оқу тобының студенті

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

 

Корпорацияда кадрлар аудитін ұйымдастырудың маңыздылығы

 

Кадрлар аудиті компанияда персоналдарды басқару жүйесінің  тимділігін  бағалау мен компаниядағы кадрлау әлеуетінің оның мақсаты мен  даму стратегиясына сәйкестігін бағалау процедурасы. Аудит объектісі ұйымдағы персоналдарды басқару жүйесі болып табылады және келесі суретте авторлармен кадрлар аудитінің жүйесі келтірілген (сурет 1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Кадрлар аудитінің жүйесі.

Ескерту: автормен жасалған

 

Адами ресурстарды басқару бұл - кәсіпорынның басқару жүйесіндегі жекелеген бағыттар, яғни персонал кәсіпорынның стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Кадрлар аудитін жүргізу үшін қажетті  алғышарттар: кәсіпорынға тартудың қажеттілігі немесе оның мақсатты инвестициялау; орталықтандырылған холдингте еншілес компанияларды шоғырландыру  қажеті; жекелеген филиалдар мен бөлімшелерде адами ресурстарды басқару тиімділігін арттырудың қажеттілігі; жаңа менеджрлер мен мамандарды тартудың өндірістік қажеттілігі; ұжым штаты толықтырылған және кадрлар бірлігін қысқарту.

Кадрлық аудиттің міндеттері: кәсіпорын персоналдары мен адами ресурстарды басқару жүйесінде  салынған инвестицияны талдау; кәсіпорын стратегиясы мен бизнесте адами ресурстарды басқару жүйесінің сәйкестігін талдау; адами ресурстарды басқару жүйесіне «сырт көзбен» әдісімен бағалауды тәжірибелі сарапшылардың орындауы; проблемалы аймақты бағалау. Олардың рұқсаты бойынша ұсыныстар жасау; адами ресурстарды басқару жүйесін жетілдіру бойынша кәсіби ұсыныстарды қалыптастыру; адами ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау; адами ресурстарды басқару қызметі жұмысының тиімділігін бағалау; адами ресурстарды басқару қызметіндегі қызметкерлердің біліктілігін бағалау; қызығушылығы бар бәсекелестермен салыстырмалы талдау жүргізу және артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.

Ұйымда кадрлар аудиті бойынша  бағдарлама құрамы мен оның негізгі мазмұны мыналардан қамтиды: адами ресурстарды басқару жүйесін талдау; адами ресурстардың нақты санын талдау; адами ресурстарда басқару жүйесінде қызметтерді бөлуді талдау.

Кесте 1 - Кадрлар аудит бағдарламасының негізгі мазмұны

 

Бағдарлама мазмұны

Мақсаты

Міндеті мен іс-әрекеті

1

2

3

1.Адами ресурстарды басқару жүйесін талдау

Адами ресурстарды басқару жүйесін бағалау және кәсіпорындардың қажеттілігі мен бизнес-стратегиялардың сәй-кестілігін анықтау мақсатында ішкі кор-поративтік стандарттар

а)Адами ресурстарды басқару субьектісін  анықтау-адами ресурс-тарды  басқару жүйесін жүзеге асыру процесімен айналысатын бөлімшелер; ә)аудит-саясаты-адами ресурстармен жұмыс жасау принциптерін нақтылау, адами ресурстарды басқару стратегиясына оның сәйкестігін бағалау. б)стратегия жүйесінің аудиті-таңдалған стратегияны бағалау, оның кәсіпорын стратегиясымен келісуі, шығындарды талдау мен жоспарды жүзеге асыруды бағалау.

в)жүйе мақсатының аудиті адами ресурстар параметрі мен талап етілген сипаттамасын анықтау және оның кәсіпорын бизнес мақсатына  сәйкестігін бағалау. г)адами ресурстарды басқару процедурасы, технологиясы мен қызмет аудиті - іс-әрекеттер мен  тәсілдерді анықтау. д)орындау стандарттары мен тиімділік көрсеткіштерін анықтау.

2)Адами ресурстардың нақты санын талдау.

Кәсіпорынды дамытуда адами ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіші және оның құрылымының сәйкес-тілігін бағалау.

а)персоналдар құрылымына талдау жүргізу; ә)адами ресурстардың тобы мен категориясын нақтылау; б)олардың өзара қатынасын анықтау: абсолютті және салыстырмалы  көрсеткіштер, нақтыланған категориялар мен топтар бойынша біліктілік құрылымын талдау; в)персоналдардың қана-ғаттанарлық деңгейін талдау. Ұйым жұмысшыларының қанағатта-нарлық деңгейін, еңбек жағдайын, басқару жүйесі мен марапаттау деңгейін анықтау; г)параметрлер бойынша, персоналдарды бағалау:

білімі мен қызметі; процедураны орындау реттілігі; мөлшер мен ережелерді сақтау; стандарттарды орындау;біліктілігінің сәйкестігі; жұмысшылардың даму әлеуетін бағалау; кәсіпорындарға кеткен шығындарды талдау. Кәсіпорын ішінде еңбек өнімділігін салыстырмалы талдау. Ішкі фирмалық нормаларды анықтау, кәсіпорынның жұмыс тиімділігіне осы көрсеткіштердің әсерін бағалау.

3)Адами ресурстарды басқару жүйесінде қызметтерді бөлуді талдау;

Персонал қызметтері мен сызықтық қызметтер арасында адами ресурс-тарды басқару бойынша қызметтерді бөлуді талдау.

Адами ресурстарды басқару қызметінің ұйым-дастырылу құрылымына талдау жүргізу: а)адами ресурстарды басқару қызметінің, процедурасы мен қызметін анықтап, талдау жасау;

ә) кәсіпорынның сызықтық бөлімшелері жүзеге асыратын адами ресурстарды басқару қызмеінің процедурасы мен қызметін белгілеу; б)технологияға талдау өткізу және қызметтің жүзеге асырылу тиімділігін бағалау;

в)персоналдарды басқару қызметі жұмысының тиімділігін бағалау, жұмыс-шылардың біліктілік дең-гейін бағалау. Обьективтік баға алу және нәтиже негізінде жаңаша басқаруды енгізу бойынша ұсыныстар беру.

 

Кадрлар аудиті мыналардан тұрады: адами ресурстарды басқару жүйесін талдау; адами ресурстарды талдау; мақсатқа жетудегі жауапкершілік және қызметтерді бөлуді талдау.

Кадрлар аудитін өткізудің негізгі үш тәсілдері: бірінші тәсіл: адами ресурстарды басқару жүйесіне көп деңгейлі аудит; екінші тәсіл: адами ресурстарды басқару жүйесіне алдын-ала аудит; үшінші тәсіл: адами ресурстарды басқару жүйесін талдауды қамтитын кадрлар аудиті.    

Ұйымның қызмет тиімділігі үшін кадрлар үдерісін шынай түрде көрсетіп, бақылау маңызды болып табылады. Ұйымның тиімділігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:  ұйым мәдениеті, персоналдарды басқару практикасы. Осы аталған факторлар бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі мен пайдалылық көрсеткішімен өлшенеді. Ұйым құрылымы аудитінің маңызды аспектісі басқарушылық  аспектісі болып табылады.

Басқарушылық коэффициентті – бұл басқарушылық нормаға қатысты бір басқарушыға бағыныштылардың орташа жүктелуін көрсетеді және ол мына формуламен анықталады:

 

Купр = Чфн

мұндағы:

Купр – басқарылу нормасын сақтау коэффициенті;

Чф – бір басшыға есептеген жұмысшылар мен бағыныштылардың нақты саны (басқаруды орташа нормасы 8 жұмысшы);

Чн – бір басшыға есептеген жұмысшылар мен бағыныштылардың нормативтік саны

Аудит шеңберінде ұйым құрылымының аспектісін ұйым  персоналдарының  жұмыс жағдайы туралы  пікірлері жатады. Еңбекке қатысты  факторларды мына бағытта талдауға болады: кәсіби қызметке қатысты әкімшілік саясаты, бөлімше қызметкерлеріне қатысты әкімшілік саясаты, еңбек жағдайы, еңбек ақы, қосымша жеңілдіктер, әлеуметтік саясат, басқару стилі, қызметкерлермен қатынас, бағыныштылармен қатынас, еңбек жағдайы мен еңбек құралдарына тіклей бақылау дәрежесі, жұмыста жетістікке жету мүмкіндігі, қызметте алға басу мүмкіндігі, жұмыс нәтижесін  мақұлдау, жауапкершіліктік жоғарғы дәрежесі, творчествалық және жеке өсу мүмкіндіктері, тұрақтылық, жұмыс бастылық кепілдігі, болашаққа сенімділік.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.Михайлина Г.И. Управление персоналом / Учебное пособие. – М.: Дашков и К, 2012.

2.Кузьминых К.А. Кадровый менеджмент: Учебное пособие / К.А. Кузьминых. – Уфа: Уфимск. гос. акад. экономики и сервиса, 2009. – 81 с.

3. Дузельбаева Г.Б., Жаңалыққызы А. Дағдарысқа қарсы кадрларды басқару жүйесі. Наука и образование, 16 http://www.rusnauka.com/46_NIO_2016.

4. Дузельбаева Г.Б. Кәсіпорындағы персоналды басқару қызметін жетілдіру жолдары Молодой учёный// Международный научный журнал. № 8.1 (142.1) / 2017.